Иінтіректің тепе- теңдік шарты. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Бөлім 7.:

Күш моменті

Тараз қаласындағы ФМБ НЗМ

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Иінтіректің тепе- теңдік шарты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7. 2.4.3 тепе-теңдік жағдайда тұрған дене үшін күш моменттері ережесін тұжырымдау және есептер шығару

 Сабақ мақсаты

Иінтіректің тепе- теңдік шартын түсіндіру

Күш моменттері ережесін тұжырымдау

Күш моменттері ережесін қолданып есептер шығару

Бағалау критерийлері

  • Жай механизмдердің түрлерін біледі және не үшін қолданылатындығы туралы қорытынды жасайды.
  • Күш моментіне сипаттама береді, мәнін анықтайды.
  • Моменттер ережесін тұжырымдайды және практикада қолданады.

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру

 Тілдік мақсаттар

 

Жай механизм, иіндік, блок, көлбеу жазықтық, шығыр, сына, бұранда, күш иіні, күш моменті, жазық бет, масса центрі, салмақ, сағат тіліне қарсы, сағат тілімен бағыттас, тепе-теңдік

Егерде сіз … жасайтын болсаңыз, мен … жасаймын.

Келіңіздер алдымен … жасап алайық, сосын біз … жасай аламыз.

… жасауға қалай қарайсыздар?

Егерде біз…, не болады?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Өзіне және өзінің айналасындағы адамдарға деген құрмет

Академиялық шындық

Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал – жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру.

Бастапқы білім

Механиклық қозғалыс, жылдамдық, үдеу, уақыт.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

5 мин

10 мин

15 мин

15 мин

20 мин

15 мин

Ұйымдастыру кезеңі .

(W) Өткен материалды оқушылар бір- біріне сұрақтар беру немесе анықтамалар айту арқылы еске түсіру.

(W) Оқушыларды сабақтың тақырыбы және оқу мақсатымен таныстыру.

(W) Шыны стаканда шанышқы мен қасық байланысының тепе- теңдікте тұруын көрсету, себебін сұрау.

(W) Презентация және бейнекөріністер арқылы тақырыпты түсіндіру, ережелер мен анықтамаларды жазу, сәйкес тапсырмаларды орындап, жазып отыру:

Иінтірек дегеніміз___________________________________

Тіреу нүктесі________________________________________________________________________________________

Күш иіні__________________________________________________________________________________________

Иінтіректің тепе- теңдік шарты_________________________________________________________________________________________

  • Иінтіректің пирамида құрылысында қолданылуы. Ауыр тас плиталарды қалай көтерген?
  • Жай механизмдер түрлері.
  • Есеп шығару: Иінтіректің кіші иініне 100 Н күш түседі, үлкен иініне 10 Н түседі. Кіші жағының күш иіні 4 см, үлкен күш иінінін анықтаңдар.

(G)(E) «Иінтіректің тепе- теңдік шартын анықтау» зертханалық жұмысты орындау. PHYWE зертханалық құралдар жиынтығынан бірнеше білеуше, тұрғы, жүктер жиынтығын алу. Құрылғыны жинап, рычагты тепе- теңдікке келтіріп, тепе- теңдік шартын бақылау.

Зертханалық жұмыс бойынша тапсырмалар (қосымша) орындау.

1-тапсырма. Екі күштің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.

2-тапсырма. Әр түрлі нүктелерге түсірілген күштердің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.

(W) Моменттер ережесіне есептер шығару, тесттер орындау, қысқа жауапты, толық жауапты талап ететін тапсырмалар.

Қорытынды

Үй тапсырмасы: §57, 58, 59- тақырыптарды оқу.

Кері байланыс:

Нені білдім?

Не қызық болды?

Нені білу керек?

Шанышқы мен сіріңке- https://www.youtube.com/watch?v=W77HcFriDww

Иінтіректің тепе- теңдігі- https://www.youtube.com/watch?v=N9dOiTnxG7Y

Презентация

Қосымша-1

Sang D. p. 52-57

Қосымша-3

7- сынып оқулықтағы №8 зертханалық жұмыс.

Қосымша -4

Оқулықтан 7- сынып §57, 58, 59.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып өзара бағалау жасайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары оқушылардың барлығы қол жеткізетіндей дұрыс қойылды.

Сабақта алдымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, тапсырмалар орындалды, тапсырмалар тест түрінде, қысқа жауапты, толық жауапты талап ететін сұрақтар түрінде болды, зертханалық жұмыс арқылы моменттер ережесі тексерілді, анықталды.

Сабақтың уақыт кезеңдері дұрыс сақталды.

Сабақ жоспарында ауытқулар болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Тапсырмалар орындау.

2: Тәжірибе жасау арқылы тепе- теңдік шартын анықтау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Тәжірибе жүзінде моменттер ережесін тексеріп көру.

2: Иіндік арқылы күштің түсу нүктесі мен күш иінін көре алу.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу