Иінтіректің тепе- теңдік шарты. Физика, 7 сынып, дидактикалық материал.


Зертханалық жұмыс №8

Тақырыбы: Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау

Мақсаты: Күш моменттері ережесінің дұрыстығын иіндікті пайдаланып, тәжірибе жүзінде тексеру.

Құрал-жабдықтар: Штативке орнатылған иіндік, жүктер жиынтығы, сызғыш, динамометр.

1-тапсырма. Екі күштің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.

Жұмыстың барысы:

  • Оқулықтағы «Иіндік», «Иіндікке түскен күштердің тепе-теңдігі», «Күш моменттері» туралы материалдарды қайталау;
  • Иіндіктің екі ұшындағы бұрандаларды бұрап, оны горизонталь орналасатындай етіп теңгеріңдер;
  • Иіндіктің сол айналу білігінен ℓ1 қашықтыққа массаларының қосындысы m1 болатын екі жүк іліңдер. Тәжірибе жасап, иіндіктің оң жағына оны тепе –теңдікке келтіретін бір жүкті айналу білігінен қандай ℓ2 ара қашықтықта ілуге болатынын анықтаңдар. Алынған мәліметтерді төмендегі кестеге жазыңдар:

Масса, m1(г)

Иін, ℓ1(см)

Күш,

F1 (Н)

Күш моменті,

М1 (Н·м)

Масса,

m 2 (г)

Иін, ℓ2(см)

Күш,

F2 (Н)

Күш моменті,

М2 (Н·м)

1

  • М1 және М2 күш моменттерін салыстыра отырып, алынған эксперимент нәтижелерінің күш моменттер ережесінен қаншылықты ауытқитындығын анықтаңдар. Ауытқуды анықтау үшін күш моменттерінің айырымын (М12) олардың орташа мәніне бөлу керек:

Ауытқу= (М12): (М12)/2·100%

2-тапсырма. Әр түрлі нүктелерге түсірілген күштердің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.

Жұмыстың барысы:

  • Біліктің екі жағындағы кез келген ілгекке әр түрлі жүкті іле отырып, иіндікті тепе-теңдік күйге келтіріңдер;
  • Иіндікті сағат тілінің бағытында айналдыратын күштердің күш моменттерінің қосындысын табыңдар:

Моң= М12+...+Мn;

  • Иіндікті сағат тіліне кері бағытта айналдыратын күштердің күш моментттерінің қосындысын анықтаңдар;

Мсол= М12+...+Мк;

  • Оң және теріс күш моменттерін салыстыра отырып, тәжірибеде

алынған нәтижелердің моменттер ережесіне сәйкестігін көрсетіңдер.

  • Қорытындылау.
  • Бағалау.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу