Музыка және кино. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар: 3 Бөлім: Музыка және өнер түрлері Мектеп: Мерзімі: Мұғалім: Сынып 6 Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: | |
Сабақ тақырыбы: | Музыка және кино 1 сабақ |
Оқу мақсатына арналған сілтеме | 6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау; 6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру; 6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау; |
Сабақ мақсаты | Оқушылар:
|
Бағалау критерийлері | Оқушы:
|
Тілдік мақсат | Оқушылар: - бейнелеу өнері мен поэзияны, театрлық және кинематографиялық қойылымдарды тілдік терминологияны қолдану арқылы талдау. Пәндік лексика және терминология: Өнер түрі, режиссер, актер, кинематография, дыбыстық әсерлер, фондық музыка. Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Пәнаралық байланыс | |
АҚТ қолдану | |
Алдыңғы білімдері | Оқушыларда көркемдеуші құралдар жөнінде алдыңға білімдері бар. Сонымен қатар, кино және анимация туралы білімдері бар.. |
Құндылық | Кино өнеріне деген қызығушылығымен қатар, оның мазмұнындағы тәрбиелік мәнін түсінуге үйрету. Сонымен қатар, қазақ мәдениетіне деген сыйластық сезімін ояту. |
Жоспар
Жоспраланған сабақ барысы | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақ басы 2 мин. 5 мин. 5 мин. | Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ тақырыбы, мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру. Тапсырма. Сыныпта талқылау.
Қайталап, еске түсіру (лад, көңіл-күй, темп, динамика, тональность, регистр, ырғақ, тембр т.б)
Тапсырма. Ақпарат іздеу. Топтық жұмыс. 1 топ - киноның шығу тарихы; 2 топ - алғаш камераның пайда болуы. 3 топ - алғаш қазақ киносы мен актерлері; 4 топ - кино өнеріндегі Чарли Чаплиннің үлесі; Өз ақпаратыңызбен сыныпта бөлісіңіз. | Сабаққа арналған презентация |
Сабақ ортасы 5 мин. 5 мин. 5 мин. 10 мин. | Тапсырма. Тыңдау және талдау. «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көру. Топта талдау жүргізу. Сыныпты топтарға бөлу. 1 топ- Фильмдегі көркемдеуші құралдарды анықтау (темп, ырғақ, динамика, көңіл-күйі, т.б) 2 топ – фильм жанрын анықтау, 3 топ – музыканың сюжетке сәйкестігі (фондық музыка, сүйемелдеу, т.б)? Бағалауға арналған критерийлер:
Топтарда өзара бағалау жүргізу. Тапсырма. Әнді үйрену және орындау. Н. Тілендиевтің «Туған ел» әнін орындау.
Әнді топпен, жұппен, сыныппен орындаңыз. | Менің атым Қожа фильмінен үзінді https://www.youtube.com/watch?v=4mERLBwkHSM муз.Н.Тілендиев, сөзі. Т.Молдағалиев «Туған ел» әні https://www.youtube.com/watch?v=IlZEn5tuYIc 52.37-53.21 |
Сабақ соңы 3 мин. | Оқушылардан кері байланыс алу. Рефлексия орындау үшін мұғалім мәтіні бар қағаз беттерін таратып, мынадай ұсыныс жасауы тиіс: •Мен бүгін сабақта үйренгенім… •Сабақта мені толғандырған… •Әсіресе менің қолым жеткені… |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдаукөрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Коммуникативтік дағдысы жоғары дамыған оқушылар, кино үзіндісіндегі музыканы пәндік терминологияны қолдана отырып, талдау жасай алады. Кейбір оқушылар кино өнері жөнінде қосымша ақпараттар айта алады. | Кино үзіндісін талдау баысындағы тапсырма бойынша бағалау критерийлері; Кері байланыс; Бір бірін бағалау. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?