Мерекелі мамыр айы. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 2 – сабақ.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Мерекелі мамыр айы» тақырыбы «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» бөлімінің екінші сабағы. Бұл сабақ алдыңғы сабақтың жалғасын табады. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырыңыз.

1-тапсырмада оқушыларға бейнесюжет көрсетуден бастаңыз.

Ұлттық гвардия әсери оркестрі - https://www.youtube.com/watch?v=uO8qx_mPdDI

Сұрақтарды талқылаңыз. Әскери оркестр туралы не білетінін сұраңыз. Басқа оркестрлерден айырмашылығын атап кетіңіз.

Үрмелі аспаптар оркестрі және марш ұғымы жайлы ақпарат беріңіз.

Дидактикалық материалдар. 1-қосымша.

2-тапсырмада оқушыларға шығармашылық жұмыспен айналысатынын ескертіңіз.

Топта «Қазақтың көне үрмелі музыкалық аспаптары» және «Оркестр құрамындағы үрмелі аспаптар» тақырыптары бойынша ақпарат іздеп слайдттық презентация/постер жасауды тапсырыңыз. Алдымен оқушыларды 2 топқа бөліп алыңыз. Оларға ноутбуктар/ постер жасайтын А2 қағаз түрлі-түсті қарындаштар және т.б қажетті құрал жабдықтар ұсыныңыз. Шығармашылық жұмысты бағалау критерийлерімен таныстырыңыз.

Презентацияны/постерді бағалау критерийлері;

  • Мазмұны тақырыпты ашады;
  • Ақпарат дұрыс берілген;
  • Көркем безендірілген;
  • Аспаптардың суреттері көрсетілген;
  • Тақырыбы, орындаушысы көрсетілген.

Оқушылар өз жұмыстарын қорғаған соң оларды жақсы сөздермен марапаттаңыз және берілген тақырыптар бойынша қысқаша ақпарат беріп кетіңіз.

Дидактикалық материалдар. 2-қосымша.

3-тапсырмада оқушыларға П.Чайковский «Ағаш солдаттар маршы» шығармасын тыңдатыңыз. Тыңдау барысында оқушыларға әуеннің ырғағына мән беруді тапсырыңыз. Әуенге шулы және ұрмалы музыкалық аспаптармен қосылып бірге ойнауды ұсыныңыз. Ұрмалы, шулы музыкалық аспаптарды алдын-ала дайындап алыңыз.Орындау барысында ансамбльдің болғанына, ырғақтың сақталуына назар аударыңыз. Көмек қажет оқушыларға ырғақты ойнап көрсетіңіз. Оқушылардың орындауын ауызша бағалаңыз.

Дидактикалық материалдар. 3-қосымша.

4-тапсырмада оқушыларға Сөзін жазған: Е. Сейдахметовтың сөзіне жазылған, В. Стригоцкийдің «Ынтымақ күні» әнін ережеге сай үйретіңіз. Әннің сөзін таратып беріңіз. Дидактикалық материалдар. 3-қосымша.

Әнді орындау барысында оқушылардың дыбысты таза орынддауына көңіл бөліңіз.

Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:

  • Әскери оркестр туралы айтады;
  • Марш ұғымымен танысады;
  • үрмелі аспаптар жайлы ақпарат жинайды;
  • П.Чайковский «Ағаш солдаттар маршы» шығармасына ырғақтық сүйемелдеу қосады;
  • Стригоцкийдің «Ынтымақ күні» әнін үйренеді және орындайды


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу