Мерекелі мамыр айы. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 2 – сабақ.


Дидактикалық материалдар.

  • қосымша.

Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі — ағаштан не жезден жасалған үрлемелі және соқпалы музыка аспаптардағы орындаушылар ұжымы.

Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі әр қилы акустикикалық жағдайда — концерт залдарында, ашық ауада, марштарда пайдаланылады. Сондай-ақ мәдени-көпшілік, қоғамдық, спорт, салтанатты мейрам-той жиындарын өткізуде кеңінен қолданылады.

Марш (фр. marche, marsch, итал. marcіa) — әуен-ырғағы, өлшемі жігерлі музыкалық шығарма (жанр).

Марштың өлшемі 2/4, 4/4 және 6/8. Әскери марш, жорық маршы, парад маршы, жерлеу немесе қаралы маршы болып бөлінеді. Сонымен қатар марш жанры опералық симфониялық , фортепьянолық, аспаптық музыкада, балет пен театр музыкасында да кездеседі. Қазақстанда марш жанрының тууы Құрманғазының есімімен (“Перовский марш” күйі) байланысты. Қазақстан композиторлары А.В. Затаевич “Қазақ маршы” (1925), Р.Елебаев “Жолдастар” (1930), Л.Хамиди “Қызыл әскерлер жыры” (1939), М.Төлебаев“Шахтер әні” (1947), т.б. марштық шығармалар жазды. https://kk.wikipedia.org/wiki/Марш

2-қосымша

Қазақтың көне үрмелі музыкалық аспаптарыҮрмелі музыкалық аспаптар қатарына дыбысы үрлеу арқылы шығарылатын музыкалық аспаптардың барлығы жатады. Үрмелі аспаптарды ата-бабаларымыз ерте кезден пайдаланды. Оларды ағаштан, сүйектен, мүйізден, темірден, саздан жасады. Қазақ халқында үрмелі музыкалық аспаптарының түрлері өте көп. Сыбызғы, сазсырнай, керней, үскірік, борғұй, жілікшік, тастауық, бұғышық, мүйіз сырнай тағы басқа.

Источник: https://e-history.kz/kz/publications/view/3548

Үрмелі музыка аспаптары - дыбысы үрлеу арқылы шығарылатын музыкалық аспаптар.

Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрінің 3 түрі (кіші, орташа, үлкен) қалыптасып, кейбір

үлгілі әскери оркестрде және мемлекеттік Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі құрамында

80 — 100 орындаушыға дейін болды.

Үрмелі аспаптар ағаштан және жезден жасалады.

Ағаштан жасалған музыкалық аспаптар: флейта, гобой, кларнет, саксофон, фагот.

Жезден жасалған музыкалық аспаптар: валторна, труба, тромбон, корнет,баритон, бас,контрабас.

Кейде үлкен оркестр құрамында арфа, рояль, челеста, қоңырау, там-там,маримба, вибрафон, т.б. музыкалық аспаптар да пайдаланылады. https://kk.wikipedia.org/wiki/Үрмелі_музыка_аспаптары

3-қосымша

Ынтымақ күні

Сөзін жазған: Е. Сейдахметов,

Әнін жазған: В. Стригоцкий

1.Мамыр келді қалаға.

Көшеде жүр бар бала.

Мерекені тойлаймыз,

Шар ұшырып ойнаймыз.

Қайырмасы:

Ақ көгершін аспанда,

Ұша берші, жасқанба.

Бұлт баспасын көгімді.

Болсын өмір көңілді.

2.Мәз-мейрам боп балалар,

Қуанып жүр ағалар.

Күні екен бұл – бірліктің,

Ынтымақ пен елдіктің.

Қайырмасы:

Ақ көгершін аспанда,

Ұша берші, жасқанба.

Бұлт баспасын көгімді.

Болсын өмір көңілді.

Ынтымақ күні

Сөзін жазған: Е. Сейдахметов,

Әнін жазған: В. Стригоцкий

1.Мамыр келді қалаға.

Көшеде жүр бар бала.

Мерекені тойлаймыз,

Шар ұшырып ойнаймыз.

Қайырмасы:

Ақ көгершін аспанда,

Ұша берші, жасқанба.

Бұлт баспасын көгімді.

Болсын өмір көңілді.

2.Мәз-мейрам боп балалар,

Қуанып жүр ағалар.

Күні екен бұл – бірліктің,

Ынтымақ пен елдіктің.

Қайырмасы:

Ақ көгершін аспанда,

Ұша берші, жасқанба.

Бұлт баспасын көгімді.

Болсын өмір көңілді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу