Мерекелі мамыр айы. Музыка, 3 сынып, презентация. 2 – сабақ.


8-бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер

Мерекелі мамыр айы

Оқу мақсаты:

3.1.3.4 - музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтау және ажырату

3.1.3.5 - ұлттық, үрмелі, симфониялық оркестр аспаптарын ажырату

3.1.2.3 - музыкалық штрихтарды қолдана отырып,аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету

Бүгінгі сабақта:

«Әскери оркестр» туралы әңгімелесеміз;

Марш, үрмелі аспаптар ұғымымен танысамыз;

Үрмелі аспаптар туралы ақпатар іздейміз;

П.Чайковский «Ағаш солдаттар маршы» шығармасына ырғақтық сүймелдеу жасаймыз;

В. Стригоцкийдің «Ынтымақ күні» әнін үйреніп және орындаймыз.

Бейнебаянға назар аударыңыз.

https://www.youtube.com/watch?v=uO8qx_mPdDI

Сұрақтарға жауап беріңіз

Қандай оркестрді көріп отырсыздар?

Қандай музыкалық аспаптардың дыбысын естідіңіз?

Аспаптардың дыбыс ерекшеліктері қандай?

Үрмелі музыкалық аспаптар оркестрінің басқа оркестрден ерекшелігі неде?

Марш дегеніміз не?

Музыкалық сөздік

Марш (фр. marche, marsch, итал. marcіa) — әуен-ырғағы, өлшемі жігерлі музыкалық шығарма (жанр).

Марштың өлшемі 2/4, 4/4 және 6/8.

Марш әскери марш, жорық маршы, парад маршы, қаралы маршы болып бөлінеді.

2-тапсырма. Ақпарат ізде

Топта берілген тақырып бойынша ақпарат іздеп слайдттық презентация/постер жасау.

1-топ. Қазақтың көне үрмелі музыкалық

аспаптары

2- топ. Оркестр құрамындағы үрмелі

аспаптар

- Мазмұны тақырыпты ашады;

- Ақпарат дұрыс берілген;

- Көркем безендірілген;

- Аспаптардың суреттері көрсетілген;

- Тақырыбы, орындаушысы көрсетілген.

Презентацияны/постерді бағалау критерийлері;

Қазақтың көне үрмелі аспаптары

Үрмелі аспаптарды ата-бабаларымыз ерте кезден пайдаланды. Оларды ағаштан, сүйектен, мүйізден, темірден, саздан жасады. Қазақ халқында үрмелі музыкалық аспаптарының түрлері өте көп. Сыбызғы, сазсырнай, керней, үскірік, борғұй, жілікшік, тастауық, бұғышық, мүйіз сырнай тағы басқа.

Оркестрдегі үрмелі аспаптар екіге бөлінеді.

Мыстан жасалған

Ағаштан жасалған

3-тапсырма. Тыңдау және орындау

П.Чайковскийдің «Ағаш солдаттар маршы» шығармасын тыңдатыңыз.

Әуенге шулы және ұрмалы музыкалық аспаптармен қосылыңыз.

4- тапсырма. Ән үйрену және орындау.

Е. Сейдахметовтың сөзіне жазылған, В.Стригоцкий дің «Ынтымақ күні» әнін үйреніңіз және орындаңыз.

«Ынтымақ күні» әні

1.Мамыр келді қалаға.

Көшеде жүр бар бала.

Мерекені тойлаймыз,

Шар ұшырып ойнаймыз.

 

Қайырмасы:

 

Ақ көгершін аспанда,

Ұша берші, жасқанба.

Бұлт баспасын көгімді.

Болсын өмір көңілді.

 

 

 

2.Мәз-мейрам боп балалар,

Қуанып жүр ағалар.

Күні екен бұл – бірліктің,

Ынтымақ пен елдіктің.

 

Қайырмасы:

 

Ақ көгершін аспанда,

Ұша берші, жасқанба.

Бұлт баспасын көгімді.

Болсын өмір көңілді.

Рефлексия

бүгін не білдім?

қандай жұмыс жақсы өтті?

нәтижелерді қалай жақсартуға болады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу