Тура пропорционалдық және оның графигі. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4В бөлім: Шамалар арасындағы тәуелділіктер | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е. | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Сынып: 6 | |
Сабақ тақырыбы | Тура пропорционалдық және оның графигі | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.2.12 сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазу; 6.5.2.13 тура пропорционалдықтың графигін салу. | ||
Сабақ мақсаты | Оқушылар:
| ||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту | ||
Пәнаралық байланыстар | Шамалардың арасындағы өзара тәуелділікті орнату біліктілігі практикалық мәні өте зор. Физикада және химияда прибормен өлшеуге келмейтін жағдайларда тәуелділіктердің формулалары арқылы шамалардың мәндерін табуға болады. | ||
Бастапқы білім | Формулаларды (қашықтық, жылдамдық, уақыт, тіктөртбұрыштың ауданы және т.б.) біледі. Теңдеудің белгісіз компоненттерін таба алады, алгебралық өрнектің мәнін таба алады. Координаталары бойынша нүктені координаталық жүйеде сала біледі. | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 мин 2-5 мин 5-7 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды топқа бөлу. 2. Білімді өзектендіру Сыныппен жұмыс: Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру Ой қозғау. Берілген функциялардың графиктері мен формулаларын сәйкестендіріңіз.
Сұраққа жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.Тақтаға сабақтың тақырыбы жазылады 3. Сабақ мақсатын қою Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады. Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | . Қосымша1. https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7-15 мин 15-20 мин 20-21 мин 21-27 мин 27-32 мин 32-37 мин | 4. Жаңа сабақты түсіну Жұптық жұмыс: Тапсырма 1. №1. а) y = x, y = 2x, y = 4x функцияларындағы х-ке 0 және -2 мәндерін беріп, оған сәйкес функцияның мәндерін тауып, графиктерін салыңыздар. б) Берілген функциялардың графиктері болатын түзулердің барлығына да тиісті (ортақ) нүктені тауып, оны координаталарымен жазыңыз. в) y = x, y = 2x, y = 4x функцияларындағы х-тің кооэффициенттерінің мәндері артқан сайын, олардың графиктері болатын түзулер Ох осімен салыстырғанда қалай орналасады? Назар аударып, қорытындылаңыз. №2 1) А(2; 5); 2) А(5; -2); 3) А(-2; 5): а) А нүктесі арқылы өтетін y = kx тура пропорционалдықтың графигін салыңыз. ә) графиктен түзулердің әрқайсысы үшін k –ның мәнін табыңыз; б) түзулердің әрқайсысы үшін y = kx тура пропорционалдығының формуласын жазыңыз. Мұғалім әрбір оқушыға деңгейіне қарай бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздері тақырыпты түсінуіне жетелейді. Сергіту сәті. 5. Жаңа сабақты меңгеру Жұптық жұмыс. Тапсырма 2. №1. 1-сурет. 1-суреттегі тура пропорционалдықтың графиктері бойынша: а) графиктен түзулердің әрқайсысы үшін k –ның мәнін табыңыз; ә) түзулердің әрқайсысы үшін y = kx тура пропорционалдығының формуласын жазыңыз. №2. 2-суретте АВ, АС,AD, DC түзулерінің қиылысуынан AВСD фигурасы пайда болған. 2-сурет.
Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесі бағаланады. 6. Жаңа сабақты бекіту. Жеке жұмыс. Тапсырма 3. №1. А нүктесі арқылы өтетін y = kx тура пропорционалдығының графигін салыңыз. График бойынша k-ның мəнін табыңыз. y = kx тура пропорционалдығының формуласын жазыңыз. a) А(5; 4); b) А(−2; 6). №2. 3-суретте графиктері берілген тəуелділіктердің əрқайсысының: 3-сурет. a) формуласын жазып, формуладан k - пропорционалдық коэффициентін табыңыз; b) графиктердің əрқайсысы қай координаталық ширектерде орналасқан? №3. Велисопедші 12км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Жүрілген жол s-тің (километр есебімен) қозғалыс уақыты t-ға (сағат есебімен) тәелділігін өрнектейтін формуланы жазыңыз. Бұл тәуелділік тура пропорционалдылық болып табыла ма? Дескриптор және дайын жауап арқылы өзін өзі тексереді. Әр оқушы есепті өз таңдаулары бойынша шешеді. Егер қате жасалса, ол себебін анықтап, түзетеді. Түсіндірме дескриптор арқылы жүргізіледі. | Қосымша2. Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть 2. – Изд. 2-е, перераб./ Г.В. Дорофеев, Л.Г. Петерсон. – М.: Издательство «Ювента», 2010. -128с: ил. Қосымша3. Қосымша 4. Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6. | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | 7. Сабақты қорытындылау. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім; - нені толық түсінбедім; - немен жұмысты жалғастыру қажет. Үйге тапсырма: Шамалардың арасында тура пропорционал тәуелділік болатын күнделікті өмірге негізделген есеп құрастырыңыз. Тура пропорционал тәуелділік берілген формуланы жазыңыз, кесте мен графикті салыңыз. Мысалы, егер интернет қызметін 1 ай пайдалану 4 мың теңге тұратын болса, интернет қызметін пайдалану құнының интернетке қосылу айлар санына тәуелділіктің формуласын жазыңыз. |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар |
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады. Сабақ ортасындасергіту сәті жасатылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру