Тура пропорционалдық және оның графигі. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4В бөлім: Шамалар арасындағы тәуелділіктер

Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Сынып: 6

Сабақ тақырыбы

Тура пропорционалдық және оның графигі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.12 тура пропорционалдықтың формуласын білу және графигін салу;

6.5.2.11 тура пропорционал шамалардың арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктеріне талдау беру.

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • тура пропорционалдықтың графигін салады;
  • тура пропорционал шамалар арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктерін түсіндіріп береді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • тура пропорционал тәуелділіктің графигін салады;
  • тура пропорционал шамалардың арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктерін пайдаланып шамаларды табады және зерттейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • тура пропорционал шамалар арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктерін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • тура пропорционал шамалар;
  • тура пропорционалдықтың формуласы;
  • пропорционалдықтың коэффициенті;
  • кері пропорционал шамалар;
  • тура пропорционалдықтың графигі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • егер … , онда екі шама тура пропорционал деп аталады;
  • егер … , онда екі шама кері пропорционал деп аталады;
  • шамалар тура пропорционал болады, себебі …;
  • шамалар кері пропорционал болады, себебі … .

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Шамалардың арасындағы өзара тәуелділікті орнату біліктілігі практикалық мәні өте зор. Физикада және химияда прибормен өлшеуге келмейтін жағдайларда тәуелділіктердің формулалары арқылы шамалардың мәндерін табуға болады.

Бастапқы білім

Формулаларды (қашықтық, жылдамдық, уақыт, тіктөртбұрыштың ауданы және т.б.) біледі. Теңдеудің белгісіз компоненттерін таба алады, алгебралық өрнектің мәнін таба алады. Координаталары бойынша нүктені координаталық жүйеде сала біледі.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-5 мин

5-7 мин

7-8 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушыларды топқа бөлу.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Мақсаты: Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

Жұптар бір-бірімен дәптерлерін алмасып, тақтада көрсетілген жауаппен салыстырып, пікір жазу арқылы өзара бірін-бірі бағалайды. Мұғалім қиындық туғызған сұрақтарға нұсқау жасайды, уақытылы кері байланыс береді.

3. Білімді өзектендіру

Сыныппен жұмыс:

Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру

Ой қозғау.

  • Қандай тәуелділік тура пропорционал тәуелділік деп аталады?
  • Тура пропорционалдықтың графигі қандай болады?
  • Тура пропорционалдық қандай формуламен беріледі?
  • Түзу мен Ох осьінің оң бағыты арасындағы бұрыш неге байланысты өзгереді?

Сұраққа жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Тақтаға сабақтың тақырыбы жазылады

4. Сабақ мақсатын қою

Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады.

Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.

 Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

.

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar

Сабақтың ортасы

8-17 мин

17-27 мин

27-28 мин

28-34 мин

34-38 мин

5. Жаңа сабақты түсіну

Жұптық жұмыс:

Тапсырма 1.

№1.

а) Оқушы функциялардың бірінің графигін салғанда қате жіберді. Қай суретте қате бар?

б) y = 0,5x функциясының графигін салыңыз. Ол үшін х-ке кез келген бір мән беріп у-тің сәйкес мәнін тауып, координаталар жүйесіне белгілеңіз. Осы нүкте мен координаталар басы арқылы түзу жүргізіңіз.

Осы түзу y = 0,5x функциясының графигі болады.

№2.

Формуламен берілген тура пропорционалдықтың графигін салыңыз.

  • y = - x;

х

0

3

у

  • y = 3x;

х

0

1

у

Мұғалім әрбір оқушыға деңгейіне қарай бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздері тақырыпты түсінуіне жетелейді.

6. Жаңа сабақты меңгеру

Жұптық жұмыс.

Тапсырма 2.

№1.

y = -2,5x функциясының графигін салып, график бойынша:

  • А(4; -10), В(-2; 5), С(7, 10) нүктелерініңт қайсысы түзудің бойында жататынын анықтаңыздар.
  • х-тің 1-ге; 6-ға; -1-ге тең мәніне сәйкес у-тің мәнін табыңыз.
  • х-тің қандай мәнінде у 7,5-ке; 15-ке; 12,5-ке тең болатынын анықтаңыз.
  • Түзу координаталық жазықтықтың қай ширектерінде орналасатынын көрсетіңіздер.
  • х-тің қандай мәндерінде функцияның мәндері оң, қандай мәндерінде функцияның мәндері теріс болатынын анықтаңыз.

№2.

1-суретте балалар көйлегін тігуге жұмсалған мата ұзындығының (m) көйлек санына (n) тәуелділік графигі берілген.

Графиктен анықтаңыздар:

  • Барлығы неше балалар көйлегі тігілген?
  • Көйлек тігуге неше метр мата жұмсалған?
  • Бір көйлек неше метр матадан тігілген?

1-сурет

Топтық жұмыс.

Сергіту сәті.

Тапсырма 3.

2-суретте екі дененің қозғалысы көрсетілген. Берілген график бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз.

2-сурет

Тапсырманы орындап болғаннан кейін топтар сұрақтарымен алмасады және басқа топтың дайындаған сұрағын алып жауап береді.

Әр топ басқа топтың жазған жауабымен өз жауаптарын салыстырады.Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесі бағаланады.

7. Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс.

Тапсырма 3.

№1.

Арақашықтығы 240 км А қаласынан В қаласына бір уақытта жүк машинасы мен жеңіл машина шыққан. 2-суретте жүк машинасының, жеңіл машинаның қозғалыс графиктері берілген.

2-сурет

Графиктен:

  • жеңіл машинаның жылдамдығын табыңыз;
  • жүк машинаның жылдамдығын табыңыз;
  • жеңіл машинаның жүрген жолының уақытқа тәуелділігінің формуласын жазыңыз;
  • жүк машинаның жүрген жолының уақытқа тәелділігінің формуласын жазыңыз;
  • В қаласына жеңіл машина жүк машинасына қарағанда неше сағат бұрын барған?

Дескриптор және дайын жауап арқылы өзін өзі тексереді. Әр оқушы есепті өз таңдаулары бойынша шешеді. Егер қате жасалса, ол себебін анықтап, түзетеді. Түсіндірме дескриптор арқылы жүргізіледі.

Қосымша1.

Қосымша2.

Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть 2. – Изд. 2-е, перераб./ Г.В. Дорофеев, Л.Г. Петерсон. – М.: Издательство «Ювента», 2010. -128с: ил.

Қосымша3.

Қосымша 4.

Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6.

Сабақтың соңы

38-40 мин

8. Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды.

Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.

Сабақ ортасында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жасатылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу