Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш. Математика, 6 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш

Оқу мақсаттары:

6.4.3.1

бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын білу;

6.4.3.2

статистикалық санды сипаттамаларды есептеу;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

арифметикалық орта, сандық деректер қатарының құлашы, медианасы, модасы ұғымдарын біледі;

арифметикалық ортаны таба алады;

сандық деректер қатарының құлашын, медианасын, модасын

таба алады.

Психологиялық ахуал

«Әр елдің амандасу салты»

Жұптарын тауып, бірбіріне қарамақарсы тұрады. Әр елдің амандасу салтын жасайды.

Қазақтар - қол алысады,

Италияндықтар – құшақтасады,

Бразилиялықтар - бір бірінің иығын қағады,

Зимбабалықтар –арқасымен амандасады,

Македониялықтар – шынтақпен,

Никарагулықтар -  иықпен амандасады,

Австралиялықтар - шапалақ ұрып серкіреді. 

«Ереже» толықтыру.

Төмендегі сөздермен ережені толықтыр:

1) Бірнеше санның ........................................деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.

2) Санның ең үлкенін берілгендер қатарының .........................деп атайды.

Санның ең кішісін берілгендер қатарының ........................деп атайды.

3) ............................дегеніміз берілген сандар қатарындағы ең үлкен сан мен ең кіші санның айырымы.

в) Берілген сандар қатарындағы ең көп қайталынатын сан, сол сандардың ................. болады

4) Сандар қатары өсу немесе кему ретімен орналасқан жағдайда және сандар қатары тақ болғанда сандар қатарының ортасында орналасқан сан ............. деп аталады.

5) Сандар қатары өсу немесе кему ретімен орналасқан жағдайда және сандар қатары жұп болғанда сандар қатарының ортасында орналасқан екі санның арифметикалық ортасына тең сан ................ деп аталады.

Жұптық жұмыс

1 жұп

№1. Сандардың арифметикалық ортасы мен ауытқу өзгерісін анықта: 7,381; 5,004; 6,118; 8,019; 7,815; 5,863.

№2. Екі санның арифметикалық ортасы 4,6-ға тең. Бірінші сан 5,4. Екіншісін тап.

2 жұп

№1. Сандардың арифметикалық ортасы мен модасын анықта: 42,165; 0,61; 3,42; 22,165; 8,36; 17,84

№2. Екі санның арифметикалық ортасы 3,1-ге тең. Бірінші сан 3,8. Екіншісін тап.

3 жұп

№1. Сандардың арифметикалық ортасы мен медианасын анықта: 23,65; 18,21; 62,75; 1,25; 7,83; 5,35.

№2. Екі санның арифметикалық ортасы 4,9-ға тең.Бірінші сан 5,2.Екіншісін тап.

Шығармашылық тапсырма

№1. Төменде  белгілі бір аймақтың қант зауыттары күнделікті орташа (мыңдаған) қантты өңдеу нәтижелері берілген:

12,2; 13,2; 13,7; 18,0; 18,6; 12,2; 18,5; 12,4; 14, 2; 17,8.

Берілген сандар қатары бойынша арифметикалық ортасын, модасын, өзгеріс ауқымын және медианасын табыңдар.

№2. Бір ұжымда бір айда түсетін күнделікті хаттардың есебін шығарды. Сонда мынадай нәтиже алды:

39, 43, 40, 0, 56, 38, 24, 21, 35, 38, 0, 58, 31, 49, 38, 25, 34, 0, 52, 40, 42, 40, 39, 54, 0, 64, 44, 50, 38, 37, 32.

Берілген сандар қатары бойынша арифметикалық ортасын, модасын, өзгеріс ауқымын және медианасын табыңдар.

Сергіту сәті:

«Жаңылыспаймын» әдісі

Оқушылар дөңгелене тұрып, кезекпен бірден отызға дейін, сосын кері қарай санайды. Үшке еселік санды айтатын адам сол санның орнына «Жаңылыспаймын» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

Жеке жұмыс

Дескриптор: Білім алушы

- арифметикалық ортаны табу өрнегін құрады;

- сандардың арифметикалық ортасын табады;

- сандардың өзгеріс ауқымын есептейді;

- сандардың медианасын есептейді;

- сандардың модасын есептейді;

Дескриптор: Білім алушы

- арифметикалық ортаның анықтамасын қолданады;

- белгісіз мүшені табады;

- сандардың модасын табады;

- сандардың өзгеріс ауқымын есептейді;

- сандардың медианасын есептейді.

Үйге тапсырма: №661.

Рефлексия:

«МЕН ҮШІН БҮГІН САБАҚТА»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу