Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А бөлім: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу | Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ | ||
Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Мұғалім: Бухарбекова Б.Т. | |||
Сабақ тақырыбы | Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.2.2.4 түріндегі теңдеулерді шешу, мұндағы a және b – рационал сандар. | ||
Сабақ мақсаттары | Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешеді. | ||
Сабақтың түрі | Жаңа білімді меңгерту және қолдану. | ||
Бағалау критерийі | Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді : 1. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген сызықтық теңдеуді шешу тәслдерін біледі; 2. түріндегі теңдеулерді шешеді. | ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
- мәтін есептің берілгеніне сәйкес математикалық моделін құрастыру алгоритмін сипаттайды. | ||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік. Құрмет. | ||
Бастапқы білім | Оң сандар және теріс сандар. Координаалық түзу. Қарама-қарсы сандар. Рационал сандар. Санның модулінің анықтамасы. Модулдің геометриялық мағынасы. Сызықтық теңдеу. | ||
Сабақбарысы | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі (5-минут) |
| |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы (5-минут) |
Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. 1.Презентациядан қандай теңдеулердің түрлерін көріп тұрсыздар? 2.Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не? 3.Санның модулі дегеніміз не? 4. Модулдің геометриялық мағынасын қалай түсінесіз? 5.Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай болады деп ойлайсыздар? Сабақтың тақырыбы: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу Сабақтың мақсаты: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір анымалысы бар сызықтық теңдеуді шешеді. | 1-4 слайд | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Жаңа білімді меңгеру 10 минут | І. Бағыттаушы сұрақтар қою арқылы оқушылармен бірігіп модульдік теңдеудің анықтамасы тұжырымдалады. 1.Қандай теңдеулері моульдік теңдеу деп ойлайсыздар? 2.Модульдік теңдеудің анықтамасын қалай айтуға болады? 3.Мысал келтіріңіз. Анықтама: Айнымалысы модуль таңбасымен берілген теңдеулерді модуль таңбасы бар теңдеулер деп атайды. Мысалы, =3, =2х+1, т.с.с. – модуль таңбасы бар теңдеулер. ІІ. Алдыңғы сабақтарда өткен санның модулінің анықтамасы мен геометриялық мағынасын пайдаланып модулдік теңдеуді шешудің тәсілдері көрсетіледі. Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою және кері байланыс беру арқылы модульдік теңдеуді шешудің геометриялық тәсілі түсіндіріледі. 1-мысал. =2 теңдеуінің түбірлерін табу керек. Шешуі. 1-тәсіл. (Геометриялық тәсіл). өрнегінің геометриялық мағынасы – ол сан осіндегі х нүктесінен а нүктесіне дейінгі қашықтықты білдіреді. Онда =2 теңдеуінің геометриялық мағынасы х және 1 нүктелерінің ара қашықтығы 2-ге тең болатындығында. Олай болса , х=-1 немесе х=3 болуы керек.
Ж а у а б ы : х=-1; х=3. Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою және кері байланыс беру арқылы модульдік теңдеуді шешудің анықтама тәсілі түсіндіріледі. 2-тәсіл. ( Анықтама тәсілі). Анықтама бойынша Осыдан , егер х-1 ≥ 0 болса, онда теңдігі және х-1<0 болса, онда теңдігі орындалады. Сондықтан сан осін х=1 нүктесі арқылы екі бөлікке бөлеміз: (- ∞;+∞)=(- ∞;1) Осы бөліктің әрқайсысында берілген теңдеуді жеке шешу керек. Егер х(- болса, онда берілген теңдеуді -х+12 түрінде жазамыз. Осыдан х -1 болады. Егер х болса, онда берілген теңдеуді х-12 түрінде жазып, оның түбірін табамыз: х3. Ж а у а б ы : х-1; х3. ІІІ. Ауызша есеп. Оқушылар бір-біріне немесе мұғалім оқушыларға кері байланыс беру арқылы бағаланады. Теңдеудің неше түбірі бар: . ІV. Оқушылармен бірігіп сабақ мақсатының бағалау критерийін құрамыз. Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді: 1.Бір айнымалысы бар сызықты модульдік теңдеуді шешудің тәсілдерін біледі; 2. түріндегі теңдеулерді шешеді. | 5-6 слайд 7-8 слайд | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақты бекіту 17 минут | Жұптық жұмыс:
(мүмкін болған жағдайда мүғалім бағыт береді)
1-тапсыпма. Теңдеудің түбірлерін табыңыз: 1) 2) 3; 3) 3 4) -3; 5) ; 6) 2; 7) 8) .
2-тапсырма. Теңдеудің түбірлерінің қосындысын табыңыз: 6) 1,5|1 – х| = 6; 7) 0,7|7 – 2х| = 2,8; 8) ; 9) 1,2|х – 4|=5,2; 10) |m + 5| – 5=12; 11) |n – 7| – 6=10,3; 12) |m| – 5 = 3|m|; 13) 5|m| – 4 = |m|; | 9-10 слайд Қосымша-1 | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3-минут | Сабақты қорытындылау:
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: «Мен бүгін бәрін түсіндім»- «+» таңбасымен «Түсінбедім» - «-» таңбасымен «Түсінбегендерім бар»- 0 санымен белгілейді Үй жұмысы: №1 Теңдеулерді шешіңіз:
| 11-слайд Қосымша 2 | ||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||
Топтық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. | Оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалаймын. Тапсырманы орындау дескрипторы бойынша жұптар бін-бірі бағалайды. Сабақ соңында бағалау критерийі арқылы оқушылар өзін – өзі бағалайды. | Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру