Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару. Математика, 6 сынып, презентация.


Сіздер білесіздер ме, …

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не?

Санның модулі дегеніміз не?

Модулдің геометриялық мағынасын қалай түсінесіз?

Модулдік теңдеу дегеніміз не?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай болады деп ойлайсыздар?

Сабақтың тақырыбы:

Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Сабақтың мақсаты:

Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешеді.

1-тәсіл. (Геометриялық тәсіл). |х-а| өрнегінің геометриялық мағынасы – ол сан осіндегі х нүктесінен а нүктесіне дейінгі қашықтықты білдіреді. Онда |х-1|=2 теңдеуінің геометриялық мағынасы х және 1 нүктелерінің ара қашықтығы 2-ге тең болатындығында. Олай болса , х=-1 немесе х=3 болуы керек.

Ж а у а б ы : х=-1; х=3.

2-тәсіл. ( Анықтама тәсілі). Анықтама бойынша

Осыдан , егер х-1 ≥ 0 болса, онда |х-1|=х-1 теңдігі және

х-1<0 болса, онда |х-1|=-(х-1) теңдігі орындалады.

Сондықтан сан осін х=1 нүктесі арқылы екі бөлікке бөлеміз: (- ∞;+∞)=(- ∞;1)∪[1;+∞).┤ Осы бөліктің әрқайсысында берілген теңдеуді жеке шешу керек.

Егер х∈(- ∞;1) болса, онда берілген теңдеуді -х+1=2 түрінде жазамыз. Осыдан х =-1 болады.

Егер х∈[1;+∞)┤ болса, онда берілген теңдеуді х-1=2 түрінде жазып, оның түбірін табамыз: х=3.

Ж а у а б ы : х=-1; х=3.

Ауызша есеп:

Бағалау критерийі:

Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген сызықтық теңдеуді шешу тәслдерін біледі;

. түріндегі теңдеулерді шешеді.

1-тапсырма. Теңдеуді шешіңдер:

2-тапсырма. Теңдеудің түбірлерінің қосындысын табады:

Рефлексия:

«Мен бүгін бәрін түсіндім»- «+» таңбасымен

«Түсінбедім» - «-» таңбасымен

«Түсінбегендерім бар» - 0 санымен белгілейді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу