Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2В Алгебралық өрнектер. | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е. | |||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Мәтінді есептерді шығару | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.2.4 мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастыру. | |||||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: • есептер шығару барысында айнымалысы бар өрнектерді құрастыра алады. | |||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын, координаталық түзу жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Осы сабақта алған білімдері шынайы және физикалық процесстердің математикалық модельдерін құрастыру үшін қажет. | |||||||||||||
Бастапқы білім | Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 1 мин 1-5 мин 5-8 мин | Ұйымдастыру. Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. «Жақын арада даму аймағын» анықтау үшін, «Адамды табыңыз...» ойыны ұйымдастырылады.
Сынып оқушыларын алдыға шығып «Адамды табыңыз» деген тапсырманы үлестіріп, сол бойынша жұмыс жасау шарты түсіндіріледі. Оқушылар осы тапсырма бойынша диалог жүргізеді. Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап бере алды ма, соны тапсырманың шартын интерактивті тақтаға шығара отырып таяқшалар көмегімен сұраққа жауап беретін оқушы таңдалып алынады. Келесі сұраққа жауап беретін оқушыны алдыңғы сұраққа жауап берген оқушы таңдап алады, т.с.с. Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау. Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 8-15 мин 15-28 мин 28-36 мин | Жаңа сабақты түсіну. Тапсырма 1. 1. Қайықтың тынық судағы жылдамдығы 9,7 км/сағ. Өзен ағысымен t cағат жүзгенде қандай қашықтыққа барады, егер ағыс жылдамдығы v км/сағ болса? а) Есепті шығару үшін формула құрастыр. б) Егер v = 1,6 км/сағ, t = 4 сағ. болса, есепті шығар. 2.Бірінші квадраттың қабырғасы m см, ал екінші квадраттың қабырғасы 3 см үлкен? а) Есепті шығару үшін формула құрастыр; б) Қай квадраттың ауданы үлкен? Нешеге Үлкен? в) Егер см болса есепті шығар. Ойлану: Бұл туралы мен не білемін? 1 минут жеке ойланады, сосын жұбымен есеп шартын талқылайды. Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады. Жаңа сабақты меңгеру. Жұптық жұмыс. Тапсырма 2.
Өзен ағысының 2,4 км/сағ. Катердің тынық судағы жылдамдығы v км/сағ. Өзен ағысына қарсы t cағат тоқтаусыз жүзгенде қандай қашықтыққа барады? б) Егер v = 20,6 км/сағ, t = 2 сағ. болса есепті шығар. 2. а) Есепті шығару үшін формула құрастыр Бірінші квадраттың қабырғасы b см, ал екінші квадраттың қабырғасы 4 см кіші? Бірінші квадраттың ауданы екінші квадраттың ауданынан нешеге үлкен? б) Егер см болса есепті шығар. 3. Өрнек құрастыр және оны ықшамдаңыз. а) Егер бірінші сан а болса, бес тізбектес натурал санның қосындысын табыңыз. б) Егер жұп санның алдындағы сан а болса, төрт қатар жұп санның қосындысын табыңыз. 4. Оқушы 240 беттік кітаптың бірінші күні 5 бөлігін, екінші күні 4 бөлігін, ал үшінші күні қалған 3 бөлігін оқып бітірді. Оқушы әр күнде кітаптың неше бетін оқыды? Жұптар бір-біріне өз жауаптарын негіздеп түсіндіреді. Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды. Дер кезінде кері байланыс береді. Жаңа сабақты бекіту. Жеке жұмыс. Тапсырма 3.
ә) Егер егістік алқабы 54 га болса, тракторшылар әр күні қанша га жерді орғанын есептеңіздер. Дескриптор: Білім алушы -бөліктердің қосындысын жазады; -барлық жұмысқа теңестіріп теңдеу құрады; -бір бөліктің мәні есептеледі; - әр күндегі мәндерді табады.
Дескриптор: Білім алушы -тізбектес жеті санның өрнегін жазады; -өрнекті ықшамдайды; - қосындысын табады. Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды. | Алгебра -7 Ю.Н.Макарычев, К.И.Нешков, Н.Г.Миндюк, С.Б.Суворова - Алматы: «Рауан» Қосымша 1. Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011 Қосымша 3. Қосымша 4. Алгебра -7 Ю.Н.Макарычев, К.И.Нешков, Н.Г.Миндюк, С.Б.Суворова - Алматы: «Рауан» | ||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 мин | Сабақты қорытындылау.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім; - нені толық түсінбедім; - немен жұмысты жалғастыру қажет. | |||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||||||||
Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. Барлық оқушыларға өздерінің білімдерін тереңдетуге мүмкіндік беріледі. | Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. | Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады, | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру