Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1C Жай бөлшектер

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Зыкрина С.Ж.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу

Сабақ түрі

Өткен материалды жалпылау сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 5.5.3.3 жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар координаталық сәуле бойынан нүкте координаталарын анықтай алады, сонымен қатар сәуле бойына жай бөлшектер мен аралас сандарды кескіндеуді үйренеді

 Бағалау критерийлері

Оқушы сабақ мақсатына мына критерийлер бойынша жетеді:

- нүкте координатасы ұғымын біледі;

- бірлік кесіндіні анықтайды;

- координаталық сәуледе бейнеленген нүктелердің координаталарын анықтайды;

- жай бөлшекті координаталық сәуледе кескіндейді;

- аралас санды координаталық сәуледе кескіндейді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • аралас сандар;
  • аралас санның бүтін және бөлшек бөліктері;
  • бір жарым, екі жарым, т.б.
  • координата;
  • координаталық сәуле;
  • бірлік кесінді;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- бірлік кесінді … тең

- нүкте координатасы тең

- ... нүктесін координаталық сәуледе кескіндеу үшін …..

Құндылықтарды дарыту

 

 

  • өзі мен өзгелерді сыйлау, түрлі пікірлерді сыйлау;
  • білім ала білу, өз бетінше ақпарат жинақтау, жағдаяттарды талдау, командада жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауапкершілік сезіну;
  • сыныптастарының қажеттіліктерін, көзқарастарын көру және түсіну, сынды қабылдай білу; топта және жұпта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Психологиялық тренингтер, математикалық логика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Координаталық сәуле, бірлік кесінді, санақ басы, жай бөлшек, аралас сандар ұғымдарын білуі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Мұғалім мен оқушылар бір бірімен сәлемдеседі.

Мұғалім оқушылардың сабаққа ынтасын оятуға бағытталған жаттығу орындайды.

«Махаббат формуласы»

Оқушылар шеңбер бойына тұрып мұғалімнің қимылдары мен сөздерін қайталайды.

Өзімді сондай сүйемін (қолды жүрекке қою)

Сені де сүйе аламын (көршісінің иығына қолын қояды)

Сен де өзіңді сүйесің (қолын көршісінің иығына қояды)

Мені де сүйе аласың (қолын жүрегіне қояды)

Осыдан кейін әр оқушы өз көршісіне сабаққа жақсы тілегін білдіреді.

https://infourok.ru/urok-po-teme-koordinatniy-luch-izobrazhenie-obiknovennih-drobey-na-koordinatnom-luche-1380210.html

Сабақтың ортасы

3 минут

30 минут

2 минут

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар үй тапсырмаларымен ауысып, дайын жауаптар бойынша тексеру орындайды.

Өткен тақырыпты қайталау. Ауызша сұрау.

Мұғалім қолына доп алып, оқушылардың біріне лақтырып, сұрақ қояды:

- нүктесін қалай кескіндейміз?

Оқушы жауап берген соң, допты келесі оқушыға лақтырып, басқа нүктенің координатасын кескіндеудің жолын сұрайды. Оқушылар допты мұғалімге лақтыра алады, тек олар нүктелердің координаталарын қайталамау керек.

Бекіту.

«Айналым»

Сынып 4 – 5 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Әр топқа маркер/қалам/қарындаштың бір түсі беріледі. Топтар маркерлерінің түстерімен айырылады.

Топ 5 минут ішінде тапсырмалары бар карточканы постерде өз түсіндегі маркермен орындайды. Тапсырмалар кезекпен орындалады. 5 минуттан кейін мұғалім белгісі бойынша әр топ келесі постерге шеңбер бойымен көшеді. Оқушылар алдымен алдыңғы топ шешімін тексереді, егер келіспесе өз маркерлерімен өз шешімдерін жазады, не түзетулер енгізеді. Шешімдер тексерілгеннен кейін оқушылар карточкадағы тапсырмаларды орындауды жалғастырады.

Мұғалім жекелеген оқушылардың нәтижелері бойынша жазбалар жасайды және қажетті жағдайда оқушыларға көмек көрсетеді.

Тапсырманы орындап болған соң барлық оқушылардың қиындығын тудырған тапсырмалар талданады.

Дескриптор: Білім алушы

- координаталық сәуле бойынан беттесетін нүктелерді табады;

- сурет бойынша нүкте координаталарын анықтайды;

- сәуле бойына нүктелерді белгілейді;

- сурет бойынша координата басын табады;

- бөлшектерді кескіндеуге ыңғайлы координаталық сәуле сызады.

Дарытылатын құндылықтар: бір-біріне сыйластық және командамен жұмыстағы әрекеттестік.

Үй жұмысы.

Мұғалім карточкадағы тапсырмаларды түсіндіреді.

Қосымша 1

Математика. Арифметика. Геометрия. 5 класс: учеб.для общеобр. организаций. Бунимович Е.А., Дорофеев Г.В., 2014.

Қосымша 2

Free Math Worksheets @ http://www.mathworksheets4kids.com

Сабақ соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды.

«Екі жұлдыз бір ұсыныс»

Оқушылар стикерлерге сабақтың екі ұнамды мезетін және өзі мен ұстазға деген болашаққа ұсынысын жазады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында жұптық жұмыста және ке жұмыс барысында оқушылар негізгі және жоғарғы деңгейлер бойынша саралау орындалады.

Әрбір сабақ кезеңі барысында мұғалімнің тиімді және конструктивті кері байланысы беріледі. Жұптық жұмыс барысында дайын жауаптар бойынша өзара бағалау, жеке жұмыс барысында өзін өзі бағалау жүзеге асады.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері орындалады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу