Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1C Жай бөлшектер

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Зыкрина С.Ж.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу

Сабақ түрі

Жаңа материалмен танысу сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 5.5.3.3 жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар координаталық сәуле бойынан нүкте координаталарын анықтай алады, сонымен қатар сәуле бойына жай бөлшектер мен аралас сандарды кескіндеуді үйренеді

 Бағалау критерийлері

Оқушы сабақ мақсатына мына критерийлер бойынша жетеді:

- нүкте координатасы ұғымын біледі;

- бірлік кесіндіні анықтайды;

- координаталық сәуледе бейнеленген нүктелердің координаталарын анықтайды;

- жай бөлшекті координаталық сәуледе кескіндейді;

- аралас санды координаталық сәуледе кескіндейді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • аралас сандар;
  • аралас санның бүтін және бөлшек бөліктері;
  • бір жарым, екі жарым, т.б.
  • координата;
  • координаталық сәуле;
  • бірлік кесінді;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- бірлік кесінді … тең

- нүкте координатасы тең

- ... нүктесін координаталық сәуледе кескіндеу үшін …..

Құндылықтарды дарыту

 

 

  • өзі мен өзгелерді сыйлау, түрлі пікірлерді сыйлау;
  • білім ала білу, өз бетінше ақпарат жинақтау, жағдаяттарды талдау, командада жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауапкершілік сезіну;
  • сыныптастарының қажеттіліктерін, көзқарастарын көру және түсіну, сынды қабылдай білу; топта және жұпта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Психологиялық тренингтер, математикалық логика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Координаталық сәуле, бірлік кесінді, санақ басы, жай бөлшек, аралас сандар ұғымдарын білуі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Сабақ басында мұғалім мен оқушылар амандасады.

Мұғалім оқушылармен сабаққа ынтаны арттыруға бағытталған жаттығу орындайды.

«Көңіл күй қапшығы»

Оқушылар шеңбер бойына тұрып, өздерінің жаман көңіл-күйлері немесе сәтсіздіктерінің себебін айтады. Бұдан кейін сол жаман көңіл күйлерді ойдағы қапшыққа салып, қоқыс шелегіне лақтырады.

Сабақтың ортасы

3 мин

5 минут

12 минут

2 минуты

5 минут

10 минут

Үй тапсырмасын талдау.

Оқушылар үй тапсырмаларымен ауысып, дайын жауаптар бойынша тексеру орындайды.

Өткен тақырыпты қайталау.

Слайд № 1.

Мұғалім оқушыларға анаграммалар ұсынады.

қандрокоиатыл әлсуе

насқа ыбас

рікблі нісекід

лаарса нса

ажй өблкше

Анаграмманы шешіп болғаннан кейін мұғалім сұрақтар қояды:

- Осы ұғымдардың анықтамаларын кім айта алады?

- Осы ұғымдарға мысал келтіріңіз?

- Олар қалай байланысуы мүмкін?

- Сабақта біз қандай тақырыпты қарастырамыз?

- Сабақтың мақсаты қандай?

Слайд № 2.

Оқушылар сабақ тақырыбын, мақсатын қорытып, оны дәптерге жазады.

Дарытылатын құндылық: қарым-қатынастағы ашықтық..

Жаңа материалды енгізу.

Мұғалім оқушыларға дәптерлерінде практикалық жұмысты орындауды тапсырады. Оқушыларға орындау үшін нақты инструкциялар беріледі.

1) Ұзындығы 10 торкөз АВ кесіндісін салыңыз.

2) АВ кесіндісінің бойынан АС кесіндісінің ұзындығы 3 торкөз болатындай С нүктесін белгілеңіз.

3) АВ кесіндісінің бойынан АD кесіндісінің ұзындығы кесіндісінің ұзындығына тең болатындай D нүктесін белгілеңіз.

4) АВ кесіндісінің бойынан кесіндісінің ұзындығы 4 торкөз болатындай Е нүктесін белгілеңіз.

Слайд № 3.

Оқушылар дайын сызба бойынша инструкцияны дұрыс орындағанын тексереді.

Оқушылар дәптерге келесі сұрақтардың жауаптарын жазады:

- AC кесіндісі АВ кесіндісінің қандай бөлігін құрайды?

- AD кесіндісі АВ кесіндісінің қандай бөлігін құрайды?

- AE кесіндісі АВ кесіндісінің қандай бөлігін құрайды?

Жауаптарды тексергеннен кейін оқушылар пратикалық жұмыстың екінші кезеңіне көшеді.

Мұғалім дәптерде санақ басы О нүктесінде болатын, бірлік кесіндісі 10 торкөз болатын координаталық сәуле сызуда тапсырады.

Слайд № 4.

Оқушылар өз шешімдерін тексеріп, келесі сұрақтарға жауап береді:

- Қалай ойлайсыңдар, нүктесінің координатасы қай жерде болады?

Оқушылар өз нұсқаларын ұсынады.

- нүктесін қайда белгілеу керек?

- нүктесін қайда белгілеу керек?

- нүктесін қайда белгілеу керек?

- нүктесін белгілеу үшін бірлік кесіндіні қандай етіп алу керек?

Слайд № 5

- Мына суретті қалай түсіндіре аласыздар?

Сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеудің ережесін өз бетінше қорытуға бағдарланады.

Сергіту сәті.

Оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен бірге жаттығулар орындайды.

Бір – созыламыз, созыламыз,

Екі – жиырыламыз, жазыламыз,

Үш – алақанды үш соғамыз,

Басымызды үш иеміз.

Төрт дегенде – қолды жаз.

Бес – қолды сермейміз,

Алты – отырамыз.

Фронталды жұмыс.

Слайд № 6-11.

Оқушылар жауаптарын «мини тақталарға» жай бөлшек немесе аралас сан түрінде жазады.

Тексеру слайдтағы дайын жауаптар бойынша жүргізіледі.

Бекіту

Оқушылар бөлшектерді координаталық сәуледе бейнелеу дағдыларын бекітуге бағытталған тапсырмаларды орындайды. Сабақ соңында мұғалім оқушылар өздерін өздері тексеру үшін жауап парағын таратады.

Дарытылатын құндылықтар: оқушылар бір-бірін сыйлауды, академиялық адалдықты дарытады.

Дескриптор: Білім алушы

- дұрыс және бұрыс бөлшекті айырады;

- сәуле бойын бөлшек сандарды белгілейді;

- сәуле бойына дұрыс бөлшек және аралас сандарды белгілейді.

Үй тапсырмасы.

Мұғалім карточкадағы тапсырмаларды түсіндіреді.

Презентация.

http://nsportal.ru/shkola/raznoe/library/2015/03/01/fizminutki-na-urokakh-matematiki

http://le-savchen.ucoz.ru/

Қосымша 1

Free Math Worksheets @ http://www.mathworksheets4kids.com

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды.

Ыстық орындық әдісі

Кабинеттің ортасына орындық қойылып, оған бір оқушы шақырылады. Алғашқы оқушы анықталғаннан кейін, орындыққа отырғызылып, мұғалім сыныпқа сабақ тақырыбы бойынша кезекпен сұрақ қоюды ұсынады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында жұптық жұмыста және ке жұмыс барысында оқушылар негізгі және жоғарғы деңгейлер бойынша саралау орындалады.

Әрбір сабақ кезеңі барысында мұғалімнің тиімді және конструктивті кері байланысы беріледі. Жұптық жұмыс барысында дайын жауаптар бойынша өзара бағалау, жеке жұмыс барысында өзін өзі бағалау жүзеге асады.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері орындалады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу