Өнімділік, уақыт, жұмыс. Математика, 4 сынып, презентация.


Математика

4-сынып

Тақырыбы:

Өнімділік, уақыт, жұмыс

Оқу мақсаты:

4.5.1.2

есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану

«Ынталандыру»

-Сендердің наубайханаларың 2 тәулікте неше нан пісіреді? Ал 3 тәулікте ше? (оқушылардың жауаптары)

Белгілі бір уақыт аралығында алынған тоқаш саны орындалған жұмыстың көлемі

Оқушыларды жұмыстың көлемінің, жұмыстың уақытының және өнімділіктің әріптік мәндерімен, сондай-ақ жұмыстың көлемін анықтайтын формуласымен таныстыру.

Жұмыстың көлемі

Жұмыстың көлемі

Жұмыстың формуласы

Әжей минутына 3 бәліш пісірді. 9 минуттан соң бәліштер дайын болды.

Талқыла:

• Әжей қандай жылдамдықпен жұмыс жасады?

• Әжей қанша уақыт жұмыс жасады?

• Осы уақытта қанша бәліш пісірді?

Жұмыстың көлемі

Жауабы: Әжей минутына 3 бәліш жылдамдықпен жұмыс жасады. Ол 9 минут жұмыс жасады. Әже барлығы 27 бәліш пісірді.

Барлық жұмыстың көлемін анықтау үшін уақытты жылдамдыққа көбейту керек. Бұл жұмыстың формуласы.

Бағалау «Бармақ арқылы»

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

«Наубайханада» тапсырмасы

а) Нан пісіру пеші сағатына 50 нан бөлкесін пісіреді. 7 сағатта неше нан бөлкесі піседі? 9 сағатта ше? 10 сағатта ше?

ә) Егер наубайшы 75 бөлке/сағ өнімділігімен 3 сағат пісіретін болса, ол жұмыстың қандай көлемін орындайды? Ал 82 бөлке/сағ өнімділігімен ше? 69 бөлке/сағ өнімділігімен ше?

«Наубайханада» тапсырмасы

Жауабы:

а) 50 · 7 = 350 (тоқаш); 9 · 50 = 450 (тоқаш);

10 · 50 = 500 (тоқаш);

ә) 75 · 3 = 225 (тоқаш); 82 · 3 =246 (тоқаш);

69 · 3 = 207 (тоқаш).

Бағалау «Шапалақ» әдісі

Жұптар нәтижелерімен өзара алмасады, тексереді.

Дұрыс орындалған тапсрымаға 3 шапалақ соғады.

Батондар мен тоқаштар

 

- Артқы жағына есептер жазылған батондар мен тоқаштардың суреттерін оқушыларға үлестіру.

а) Наубайханада күніне 500 батон пісіреді. 2000 батон пісіру үшін қанша уақыт керек болады? 3500 батон үшін ше?

Есептеулерді орындалған жұмыстың көлемін анықтайтын формуласымен орындайды. Нәтижелерді параққа жазу керек. Өзара тексеру барысында оқушылар тапсырманың дұрыс орындалуы туралы қорытынды жасайды.

ә) Егер аспазшы минутына 5 тоқаш илесе, 1200 тоқашты қанша уақыт илейді? Егер жұмыстың өнімділігі 1 тоқаш/мин-қа өсетін болса, жұмыстың уақыты қалай өзгереді?

 

Жауабы:

а) 2000 : 500 = 4 (күн);

3500 : 500= 7 (күн)

ә) 1200 : 5 = 240 (мин). 5 + 1 = 6 (тоқаш/мин);

1200 : 6 = 200 (мин).

Бағалау. Бағдаршамның көздеріне сәйкес сигналды карталарды көрсетеді. Жасыл-сенемін, қызыл-сенбеймін

Дәптермен жұмыс

Өнімділіктің өлшем бірлігі.

Жауабы:

Конвейер кәмпиттерді – кәмпиттер/с қаптайды; құрылысшы кірпіштерді – кірпіш/сағ қалайды; жұмысшы тетіктер – тетік/күн дайындайды; сорғы суды л/мин сорады; әже бәліштерді – бәліш/мин пісіреді; сырлаушы қабырғаны – м2/мин сырлайды; жазушы кітапты – сөз/сағ жазады; фабрика матаны – м/ай өндіреді..

Формуланы есте сақта!

Өнімділікті табу үшін, жұмыстың көлемін жұмыстың уақытына бөлу керек:

р = A : t

«Шығарып көр»

а) Анасы 18 бәліш сатып алды. Қайсар минутына үш бәліш жей алады. Егер анасы 300 секундтан кейін оралатын болса, ол барлық бәлішті жеп үлгереді ме?

ә) Ғайша мен Ғалымжанға әжесі құймақ пісірді. Егер олар минутына 2 құймақ жесе, ал екінші минутында 1 құймаққа артық жейтін болса, онда 12 минутта неше құймақ жейді?

«Шығарып көр»

Жауабы:

а) 18: 3 = 6 (мин) – үлгермейді;

ә) 2 + 1 = 3 (құймақ);

2 + 3 = 5 (құймақ); 1

2 · 5 = 60 (құймақ).

Бағалау. «Шапалақ»

Дұрыс орындаған оқушылардың жұмыстарына 3 шапалақ, қатесі бар жұмыстарға 1 шапалақ соғу.

Ойлан!

Оқулықпен жұмыс

Графиктің әр нүктесіндегі орындалған жұмыстың көлемін анықтаңдар.

Ойлан.!

Бағалау. «Жұлдызша» әдісі

Тапсырманы орындау жылдамдығына қарай жинаған жұлдызшаларын санау арқылы қорытындылауға болады

Рефлексия

Математикалық диктант

– жұмыстың уақыты 5 мин, өнімділік 20 тоқаш/минут, жұмыстың көлемі … тең;

– өнімділік 3 т/күн, жұмыстың көлемі 420 т, жұмыстың уақыты … ;

– орындалған жұмыстың көлемі 510 кг, жұмыстың уақыты 3 сағат, өнімділік … .



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу