Сандармен амалдар орындау. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспарының үлгісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3C бөлім – «Тиімді есептеулер»

Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сандармен амалдар орындау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.5**(42 +36):6; (13·8):4 түріндегі бөліндіні ауызша орындау, қосындыны бөлу/біртаңбалы санға көбейту ережесін қолдану

3.1.2.7 санды қосындыға көбейту ережесін/ 2·(15·7); 175:(5·7), түріндегі санды қөбейтіндіге көбейту және бөлуді тиімді есептеу үшін қолдану

 Сабақ мақсаттары

Бөліндіні ауызша орындау, қосындыны бөлуде біртаңбалы санға көбейту ережесін қолдану.

Санды қосындыға көбейту ережесін санды қөбейтіндіге көбейту және бөлуді тиімді есептеу үшін қолдану

 Бағалау критерилері

  • Санды қосындыға көбейту ережесін санды қөбейтіндіге көбейту және бөлуді тиімді есептеу үшін қолдана алады
  • Бөліндіні ауызша орындау, қосындыны бөлуде біртаңбалы санға көбейту ережесін қолдан алады

 Тілдік мақсаттар

 

Қосынды, көбейтінді, өрнек, санды өрнек, әріпті өрнек, жақшалы өрнек, жаөшасыз өрнек, бөлінді т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу

 Пәнаралық байланыстар

Еңбекке баулу

Алдыңғы меңгерілген білім

Қосындыны бір таңбалы санға көбейту ережесін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

(Ұ)Ұйымдастыру.

Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрып, бір-біріне көбейту кестесін айтады,өзара жауап береді.

(Ұ, Ө)Математикалық диктант

Мақсаты: өткен сабақты бекіту, сабақтың тақырыбын анықтау.

(а+в)*с

(а*в)*с

(а+в):с

с: (а*в)

/Оқушылар тақтадағы дұрыс нұсқамен тексереді, жұппен бағалайды, кері байланыс жасалып, сабақтың тақырыбы анықталады/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Бағалау критерийлерін шығару

Маркер, ламинат қағаз,презентация

Сабақ ортасы

4 минут

10 минут

5 минут

10 мин

5 минут

, МК) «Ойлан тап»

Мақсаты: өткен білімдерін еске түсіру, қайталау, бекіту, санды көбейтіндіге бөлуге дағдылану.

Берілген өрнектерді тиімді тәсілмен шығар

160:(4·5)= (160: 4):5=40:5=8

(360+16):4=360:4+16:4=90+4=94

/Оқушылар бірнеше тәсілді қолдана отырып, өрнектің мәнін табады, тиімділігі анықталып, кері байланыс жасалады/.

(Ж) Өрнектің мәнін тап.

Мақсаты: санды көбейтіндіге бөлуге дағдылану, қосындыны санға бөлуде тиімді тәсілді қолдана отырып, өрнектің мәнін табу.

210:(7·3)= 210:7:3=10

(81+720):9=81:9+720:9=9+80=89

/Оқушылар жұппен орындайды,оқушылар жұп бойынша орындалған тапсырмалараны ауыстырады, тақтада берілген дұрыс жауаппен тексеріліп, нәтижесі анықталады, кері байланыс жасалады/.

(Т) Өрнектің мәнін тап

Мақсаты: Өрнек құрып, есепті тиімді тәсілмен шығаруға дағдылану, тиімділігін дәлелдеу.

1-топ: Арманның анасы дүкеннен 8 кг көкөніс және 4 кг жеміс сатып алды да екі қапшыққа теңдей бөліп салды. Әрбір қапшыққа неше кг –нан салды?

2-топ: Театрға 1-сыныптан 20 оқушы, ал 2-сыныптан бірінші сыныпқа қарағанда 5 оқушы аз келді. Мұғалім оларды екі қатарға теңдей отырғызды. Әрбір қатарға неше оқушыдан отырды?

3-топ: Мәденит сарайындағы би үйірмесіне 35 оқушы, ал ән үйірмесіне одан 20-ға кем оқушы және домбыра үйірмесіне 10 оқушы қатысады.Концертке апару үшін барлық өнерпаздарды 3 автобусқа тең бөліп отырғызды.Әр автобусқа отырған өнерпаздар саны қанша?

4-топ:Бақшаға отырғызу үшін 420 көшет көкөніс әкелінді.Әр қатарға 10 қызанақ пен 4 қияр отырғызылды. Көкөністер барлығы неше қатарға отырғызылды?

/Әрбір топ шығарған өрнектерін қорғайды, оқушылар өзара «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бірін-бірі бағалайды/.

Қима қағаздар

Слайд

Слайд

Дәптермен жұмыс, слайд

Қима қағаздар

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

-Сен бүгін не үйрендің?

-Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

-Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

-Қай тапсырма сені қызықтырды?

-Саған кішкене қиындау болған тапсырма? Неге ?

-Сабақтың қай жерінде өзіңді жақсы көрсете алдың?

-Бүгін сабақта алған біліміңді қайда қолдана аласың?

«Жетістік жолында» өзін-өзі бағалау

Слайд

«Жетістік жолында» өзін-өзі бағалау

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілеті төмен оқушыларға жақсы үлгі боларлықтай етіп топтарды мұқият таңдау,
  • Қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін, топтарда бірігіп жұмыс жасау және талқылау.
  • Негізгі мәселелер бойынша қалыптастырушы бағалау бойынша оқу жоспарына қараңыз.
  • жеке оқушыларға сұрақ қою мүмкіндігі
  • «Топтар үшін өмір қауіпсіздік ережесінде» қарастырылатын қауіпсіздік сұрақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу