Сандармен амалдар орындау. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспарының үлгісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3C бөлім – Тиімді есептеулер

Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сандармен амалдар орындау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.5**(42 +36):6; (13·8):4 түріндегі бөліндіні ауызша орындау, қосындыны бөлу/біртаңбалы санға көбейту ережесін қолдану

3.1.2.7 санды қосындыға көбейту ережесін/ 2·(15·7); 175:(5·7), түріндегі санды қөбейтіндіге көбейту және бөлуді тиімді есептеу үшін қолдану

 Сабақ мақсаттары

Қосындыны бөлуде біртаңбалы санға көбейту ережесін қолдану/(42 +36):6; (13·8):4/

 Бағалау критерилері

  • Қосындыны бөлуде біртаңбалы санға көбейту ережесін қолдана алады

 Тілдік мақсаттар

 

Қосынды, көбейтінді, өрнек, санды өрнек, әріпті өрнек, жақшалы өрнек, жаөшасыз өрнек, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу

 Пәнаралық байланыстар

Еңбекке баулу

Алдыңғы меңгерілген білім

Қосындыны бір таңбалы санға көбейту ережесін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

(Ұ)Ұйымдастыру.

Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне тілек тілейді, сабаққа саттілік тілейді.

(Ұ, Ө) «Сен маған – мен саған»

Мақсаты: Сандарды өзара көбейту және бөлу амалдарын қайталау.

Мұғалім бір оқушыға допты лақтырып, көбейту кестесін қояды. Мысалы: 5-ті 3- ке көбейткеде ... Допты қағып алған оқушы 15 болады деп, басқа оқушыға допты лақтырады да, 15 –ті 3-ке бөлгенде ... деп, сөйлемді бастайды. Келесі оқушы 5 болады деп допты қағып алады да, басқа балаға көбейту амалына байланысты өрнек қояды, содан соң бөлу, ... осылайша мұғалім нұсқауымен ойын аяқталады.

(Ұ, Ө)Проблемалық сұрақ

Мақсаты: Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыта отырып, сабақтың тақырыбын анықтау.

Өрнек түрінде жаз.

Қала мектебінің ұжымы жәрмеңкеден жинақталған атақты тұлғалар мен көркем әдебиеттер туралы кітаптарды қосып, екі ауыл мектебінің кітапханасына бөліп берді.

(Х+У): 2= С

Өрнек құрған соң, оқушылар ұжыммен өзара «Плюс- минус» арқылы бағалайды, өрнек құрылуын түсіндіреді, кері байланыс жасалып, сабақтың тақырыбы анықталады/.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Бағалау критерийлерін шығару

Маркер, ламинад қағаз,презентация

Сабақ ортасы

4 минут

10 минут

2 минут

3 минут

10 мин

5 минут

, МК) «Сен маған, мен саған»

Мақсаты: өткен білімдерін еске түсіру, қайталау, бекіту, қосындыны санға бөлуге дағдылану.

(Х+У): 2 (42 +36):6 (13·8):4

- Балалар, тақтада нені көріп тұрсыңдар?

- Өрнектердің айырмашылығы неде?

- Қай өрнектер ұқсас?

-Санды өрнектердің мәнін қалай тиімді түрде шығаруға болады?

/Алдымен оқушылардың жауабы тыңдалады, содан соң мұғалім толықтырулар енгізеді/.

(42 +36):6=? (13)

  • 42+36=78
  • 78:6=13

Тиімді тәсіл:

  • 42:6=7
  • 36:6=6
  • 6+7=13

Ереже: қосындыны санға бөлу үшін әрбір қосылғышты жеке – жеке бөлгішке бөліп, бөліндінің мәндерін қосу керек.

(13·8):4= ?

  • 13*8=104
  • 104:4=26

Тиімді тәсіл:

  • 8:4=2
  • 13*2=26

Ереже: Көбейтіндіні санға бөлу үшін бір көбейткішті бөліндіге бөліп, бөліндінің мәнін екінші көбейткішке көбейту керек.

/Оқушылар ұжыммен орындайды, ереже шығарады, сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жасалады/.

(Ө, Ұ. МК) Проблемалық сұрақ.

-Берілген өрнектердің айырмашылығы неде? Қорытынды тұжырым жаса.

Ереже:

Қосындының әрбір компоненті бөліндіге бөлініп, бөліндінің мәндері қосылады.

Ал, көбейтіндіні санға бөлу үшін 1 көбейткішті бөліндіге бөліп, бөлінінің мәнін екінші көбейкішке көбейтеміз.

(Ж) Есепте.

Мақсаты: қосынды мен көбейтіндіні санға бөлуге дағдылану.

)14+42 ): 7=2+6=8

(18*9):6 =3*9=27

/Жұптар өзара алмасып, тақтада көрсетілген дұрыс жауаппен тексереді, кері байланыс жасалады/.

(Т) Есепті тиімді тәсілмен шығар.

Мақсаты: есептің шешуін тиімді тәсілмен шығаруға дағдылану, сыни ойлауын дамыту, есепті шығару жолының тиімділігін дәлелдеу.

1-топ: Арман 12 қызыл және 15 көк қаламын теңдей 3 қаламсауытқа салды. Әрбір қаламсауытқа неше қаламнан салды?

2-топ: Футбол жаттықтырушысы 15 футбол добын және одан 2 есе артық баскетбол добын теңдей 5 қорапқа салды. Әрбір қорапқа неше доптан келді?

3-топ: Еркін мен Әсел баққа өсіруге дайындаған 36 көшетті 2 есе арттырып, 6 атызға отырғызды. Әрбір атызға неше көшеттен отырғызылды?

/Оқушылар есептердің шартын, шешуін /тиімді тәсіл бойынша/ шығарып, өзара түсіндіре отырып дәлелдейді, оқушылар өзара «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бірін-бірі бағалайды/.

(Ө, Қ) Өрнектің мәнін тап.

Мақсаты: қосынды мен көбейтіндіні санға бөлуді тиімді тәселмен шығаруға дағдылану

(36+84):4=9+21=30

(12*72):9=12*8=96

(6*56):8=6*7=42

(42+18):6=7+3=10

қушылар тақтада көрсетілген дұрыс жуаппен тексеріп, өзін-өзі бағалайды, қателік жіберген балалармен кері байланыс жасалады/.

Қима қағаздар

Слайд

Слайд

Дәптермен жұмыс, слайд

Қима қағаздар

Слайд

Қима қағаздар

Сабақтың соңы

3 минут

Сен бүгін не үйрендің?

Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

Қай тапсырма сені қызықтырды?

Саған кішкене қиындау болған тапсырма? Неге ?

Сабақтың қай жерінде өзіңді жақсы көрсете алдың?

Бүгін сабақта алған біліміңді қайда қолдана аласың?

«Жетістік жолында» өзін-өзі бағалау

Слайд

«Жетістік жолында» өзін-өзі бағалау

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілеті төмен оқушыларға жақсы үлгі боларлықтай етіп топтарды мұқият таңдау,
  • Қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін, топтарда бірігіп жұмыс жасау және талқылау.
  • Негізгі мәселелер бойынша қалыптастырушы бағалау бойынша оқу жоспарына қараңыз.
  • жеке оқушыларға сұрақ қою мүмкіндігі
  • «Топтар үшін өмір қауіпсіздік ережесінде» қарастырылатын қауіпсіздік сұрақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу