Сандармен амалдар орындау. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспарының үлгісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3C бөлім – Тиімді есептеулер

Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сандармен амалдар орындау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.5**(42 +36):6; (13·8):4 түріндегі бөліндіні ауызша орындау, қосындыны бөлу/біртаңбалы санға көбейту ережесін қолдану

3.1.2.7 санды қосындыға көбейту ережесін/ 2·(15·7); 175:(5·7), түріндегі санды қөбейтіндіге көбейту және бөлуді тиімді есептеу үшін қолдану

 Сабақ мақсаттары

Қосындыны бөлуде біртаңбалы санға көбейту ережесін қолдану/(42 +36):6; (13·8):4/

Санды қосындыға көбейту ережесін санды қөбейтіндіге көбейту және бөлуді тиімді есептеу үшін қолдану

 Бағалау критерилері

  • Қосындыны бөлуде біртаңбалы санға көбейту ережесін қолдана алады
  • Санды қосындыға көбейту ережесін санды қөбейтіндіге көбейту және бөлуді тиімді есептеу үшін қолдана алады

 Тілдік мақсаттар

 

Қосынды, көбейтінді, өрнек, санды өрнек, әріпті өрнек, жақшалы өрнек, жаөшасыз өрнек, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу

 Пәнаралық байланыстар

Еңбекке баулу

Алдыңғы меңгерілген білім

Қосындыны бір таңбалы санға көбейту ережесін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

3 минут

(Ұ)Ұйымдастыру.

Қоңырау үні соғылды,

Сабағымыз басталды

Оқушылар тынышталып,

Қатар қатар тік тұрды.

Оқушылар қарама-қарсы бағытта тұрып, жұптарына, көбейту кестесін қояды,өзара жауап береді.

(Ұ, Ө)Математикалық диктант

Мақсаты: өткен сабақты бекіту, сабақтың тақырыбын анықтау.

Мұғалім өрнектерді оқиды. Оқушылар дәптерлеріне өрнек түрінде жазады.

15-пен 30-дың қосындысын 5-ке бөл;

12 мен 30 дың қосындысын 6-ға бөл;

18 бен 7 –нің көбейтіндісін 3-ке бөл;

49 бен 5-тің көбейтіндісін 7-ге бөл;

5 пен 7 –нің көбейтіндісін 2-ге көбейт;

175 санын 5 пен 7-нің көбейтіндісіне бөл.

Дұрыс жауаптар:

(15+30): 5

(12+30):6

(18*7):3

(49*5):7

2·(5·7)

175:(5·7)

Өрнек құрған соң,жұппен дәптерлерін ауыстырады, «Плюс- минус» арқылы бағалайды, өрнек құрылуын түсіндіреді, кері байланыс жасалып, сабақтың тақырыбы анықталады/.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Бағалау критерийлерін шығару

Маркер, ламинад қағаз,презентация

Слайд

Сабақ ортасы

3 минут

15 минут

3 минут

5 минут

6 минут

, МК) «Сен маған, мен саған»

Мақсаты: өткен білімдерін еске түсіру, қайталау, бекіту, қосындыны санға бөлуге, санды көбейтіндіге бөлуге дағдылану.

(15+30): 5

(12+30):6

(18*7):3

(49*5):7

2·(5·7)

175:(5·7)

- Балалар, тақтада нені көріп тұрсыңдар?

- Өрнектердің айырмашылығы неде?

- Қай өрнектер ұқсас?

-Санды өрнектердің мәнін қалай тиімді түрде шығаруға болады?

/Алдымен оқушылардың жауабы тыңдалады, содан соң мұғалім толықтырулар енгізеді/.

(Т) «Кім тапқыр»

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын дамыту.

Тиімді тәсілді анықтап, өрнектің мәнін тап.

1-топ: (15+30): 5=15:5+30:5=3+6=9

(12+30):6=12:6+30:6=2+5=7

2-топ: (18*7):3= (18:3)*7=6*7=42

(49*5):7=(49:7)*5=7*5=35

3-топ: 2·(5·7)=(5*2)*7=10*7=70

175:(5·7)= (175:5):7=35:7=5

/Оқушылар топпен өрнекті тиімді тәсілмен шығарудың жолын анықтап, өрнектің мәнін табады (қажеттілігіне қарай мұғалім бағыт –бағдар береді), топтар өздерінің тиімді тәсілдерін ұсынады, (өрнектің мәнін табудың бірнеше тәсілдерін қарастырылып, ең тиімдісі таңдалып алынады. Постерде ерекше белгімен (қызыл түспен) сызып қоюға да болады/

(Ө, Ұ. МК) Проблемалық сұрақ.

-Берілген өрнектердің айырмашылығы неде?

Оқушылар шығарылған өрнектердің айырмашылығын, өрнектің мәнін табуда тиімді тәсілдерді анықтап, мұғаліммен бірге қорытынды шығарады.

Ереже:

Қосындының әрбір компоненті бөліндіге бөлініп, бөліндінің мәндері қосылады.

Ал, көбейтіндіні санға бөлу үшін 1 көбейткішті бөліндіге бөліп, бөлінінің мәнін екінші көбейкішке көбейтеміз.

Санды көбейтіндіге бөлу үшін бөлінгіштің бөлгішін анықтап алып, бөліндінің мәнін екінші көбейткішке бөлу керек.

(Ж) Есепте.

Мақсаты: қосынды мен көбейтіндіні санға бөлуге, санды көбейтіндіге бөлуге дағдылану.

)24+48 ): 8=3+6=9

(21*56):7 =3*8=24

24: (2*4)

/Жұптар өзара алмасып, тақтада көрсетілген дұрыс жауаппен тексереді, кері байланыс жасалады/.

(Ө, Қ) Өрнектің мәнін тап.

Мақсаты: қосынды мен көбейтіндіні санға бөлуді, санды көбейтіндіге бөлуді тиімді тәселмен шығаруға дағдылану

(51+36):3=17+12=29

(46*3):2=23*3=49

350: (12*70)

қушылар тақтада көрсетілген дұрыс жуаппен тексеріп, өзін-өзі бағалайды, қателік жіберген балалармен кері байланыс жасалады/.

Слайд

Қима қағаздар

Слайд

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

3 минут

Сен бүгін не үйрендің?

Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

Қай тапсырма сені қызықтырды?

Саған кішкене қиындау болған тапсырма? Неге ?

Сабақтың қай жерінде өзіңді жақсы көрсете алдың?

Бүгін сабақта алған біліміңді қайда қолдана аласың?

«Жетістік жолында» өзін-өзі бағалау

Слайд

«Жетістік жолында» өзін-өзі бағалау

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілеті төмен оқушыларға жақсы үлгі боларлықтай етіп топтарды мұқият таңдау,
  • Қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін, топтарда бірігіп жұмыс жасау және талқылау.
  • Негізгі мәселелер бойынша қалыптастырушы бағалау бойынша оқу жоспарына қараңыз.
  • жеке оқушыларға сұрақ қою мүмкіндігі
  • «Топтар үшін өмір қауіпсіздік ережесінде» қарастырылатын қауіпсіздік сұрақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу