Ішкі жиындарды құрастыру. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Тарау: Жиындар.Пікірлер.
№ 147 сабақ.
Тақырыбы: Ішкі жиындарды құрастыру.
Оқу мақсаты: 3.4.1.3 сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру
Сабақта қолданылатын ресурстар: үлестірме қағаздар, интербелсенді тақта
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаңыз.
(Ұ.Ж.) Жиынға бірігу.
Заттардың қасиеттері бойынша жиындарға бірігуі туралы білімдерін еске түсіру мақсатында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізіңіз.
Оқушылар бір – бірімен қол ұстасып, шеңбер жасап тұрады.
- Сынып оқушылар қандай жиынды құрайды?
(3 «...» сынып оқушылары жиыны)
Оқушыларға сусын түрлерін ұнатуына байланысты жиындарға бірігуді ұсыныңыз.
Жиындар:
«Айран жақсы көретін балалар» жиыны
«Сүт жақсы көретін балалар» жиыны
«Шырын жақсы көретін балалар» жиыны
«Шай жақсы көретін балалар» жиыны
(Т.Ж) Ішкі жиынға бірігу.
Жиындардың ішкі жиындарға бірігуі туралы түсінік қалыптастыру мақсатында топтық жұмыс жүргізіңіз.
Әр жиынға ішкі жиындарға бірігуді ұсыныңыз.
«Айран жақсы көретін балалар» жиыны «айранды суықтай және жылылай ішуді ұнатындар» ішкі жиынына;
«Сүт жақсы көретін балалар» жиыны «піскен сүтті және піспеген сүтті ұнататындар» ішкі жиыны;
«Шырын жақсы көретін балалар» жиыны «алма, алмұрт, апельсин, ананас, шие шырынын ұнататындар» ішкі жиынына;
«Шай жақсы көретін балалар» жиыны «қара, көк, сүтті шай ұнататындар» жиынына бірігеді.
Бағалау.
«Шапалақ» әдісі арқылы оқушыларға топтардың жұмысын бағалауды ұсыныңыз.
Топтық жұмысты толығымен дұрыс орындаса, шапалақ соғылады. Егер топтық жұмыс қатемен орындалса, шапалақ соғылмайды.
(Ұ.Ж) «Жаңылма» дидактикалық ойыны.
Оқушыларға ойын шартын түсіндіріңіз.
Шарты: тақтаға әр түрлі суреттер ілінеді. Оқушы лақтырған допты қағып алып, көрсетілген суреттегі затты тиісті жиынға орналастыруы керек.
Суретегі зат атаулары: алма, жүзім, қияр, қызанақ, ананас, құлпынай, орамжапырақ, сәбіз, таңқурай, қарбыз, шие, долана, апельсин, шабдалы, банан, картоп, пияз, қызылша.
Бағалау.
Дұрыс жауап айтқан оқушыларды «Дұрыс айтасың!», «Дұрыс жауап», «Дұрыс таптың!» тірксетерін пайдаланып, ауызша мадақтау арқылы бағалаңыз.
(Ө.Ж) «Ішкі жиын құрастыр»
Оқушылардың өз бетімен сұрақтар арқылы ішкі жиын құрастыру дағдыларын арттыру мақсатында өздік жұмыс жүргізіңіз.
Тапсырма:
Сынып оқушылары А жиыны деп есептейміз. А жиынынан ішкі жиындар құрастыр.
Төмендегі сұрақтардың бірін пайдаланып ішкі жиын элементтерін анықта.
- Қандай үйірмелерге қатысады?
- Отбасында неше адам бар?
- Қандай түсті ұнатады?(нұсқаларын өзі ұсына алады)
- Қандай түсті ұнатады? (нұсқаларын өзі ұсына алады)
- Қазақстанның қай облысында дүниеге келген?
- Қандай спорт түрін ұнатады? (нұсқаларын өзі ұсына алады)
- Қандай пәндерді ұнатады?
- Жылдың қай айында туылған?
Оқушыларға ішкі жиын құрастыру үшін басқа да сұрақтар құрастыруға болатынын айтыңыз.
Оқушылар сынып оқушыларының барлығынан сұрақтары бойынша жауап алып, ішкі жиын құрастырады. Құрастырған ішкі жиындар бойынша диаграмма жасап, жариялайды.
Бағалау.
Жарияланған жұмыстарды «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар бір – бірін бағалайды.
Бағалау критерийі:
Жасыл түс - барлығы дұрыс, жарайсың!
Сары түс – толықтыруды қажет етеді, ойлан!
Қызыл түс - қатемен жұмыс жасауға уақыт берейік!
Сергіту сәті.
«Зейініңді бақыла» ойыны.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында ойын жүргізіңіз.
Оқушылар он секунд ішінде шаршылардағы қызыл нүктелердің орналасу орынын есте сақтауы тиіс. Есте сақтағаны бойынша нүктелерді шаршыларға орналастыруы керек.
Дұрыс орналастырған оқушылар ауызша мадақтаңыз.
(Т.Ж) Сандар жиыны
Топтарға мысалдар жазылған карталар және сандар жазылған карта таратыңыз.
Тапсырма:
Картадағы мысалдарды мәндерін сандар жазылған картадан тауып, сандар жиынын құрастыр. Сандар жиынына атау бер. Ішкі жиын құрастыруға бола ма?
Бірінші топ
109 · 2 = 218
492 : 6 = 82
223 – 85 = 138
864 : 4 = 216
420 : 5 = 84
920 – 608 = 312
Екінші топ
750 : 6 = 125
900 : 36 = 25
366 + 384 = 750
10 · 10 = 100
75 : 25 = 3
623 : 89 = 7
Үшінші топ
594 : 6 = 99
440 : 8 = 55
234 – 221 = 13
637 – 452 – 185
335 : 5 = 67
315 : 9 = 35
Төртінші топ
32 · 3 = 96
108 : 9 = 12
911 – 881 = 30
33 + 42 = 75
355 : 5 = 71
469 : 7 = 67
Бағалау
Топ басшысы бағалау парағы арқылы топ мүшелерін бағалайды.
Бағалау парағы:
(Ө.Ж) «Стивенс басқатырғысы» ойыны
Оқушылардың жиынның ішкі жиынын анықтау дағдыларының қалыптастыру мақсатында өзіндік жұмыс ұсыныңыз.
1 минуттың ішінде қате орындаған мысалды тауып, жасырын сөзді тап.
Жасырылған сөз.
«Уақыт» сөзі.
«Уақыт» жиынының элементтерін тап.
Бағалау
Тапсырманы аяқтаған оқушылар қай мысалдың қате екенін ауызша айтады. «Уақыт» жиынының элементтерін атайды. «Уақыт» жиынының ішкі жиындары қалай аталуы мүмкін?
Өзін – өзі бағалау парағы:
Критерий:
«Жарайсың!» - егер қате орындалған мысалды дұрыс тауып, «Ойыншық» жиынына жаңа элементтермен толықтырса;
«Жақсы» - қате орындалған мысалды тауып, «ойыншық» жиынына жаңа элементтер қосуға қиналса немесе «ойыншық» жиынына элементтерді дұрыс орындап, қате орындалған мысалды анықтауда қателік жіберсе;
«Әлі де ойлан» - қате орындалған мысалды анықтауда да, «Ойыншық» жиынына жаңа элементтер қосуда қиындық анықтауда да қате жіберсе;
Кері байланыс
«Көңіл – күй шоғы» әдісі арқылы бағалаңыз.
Сабақ басында оқушыларға гүл таратыңыз. Сабақ соңында егер оқушыға сабақ ұнаса, бүгінгі сабақтан өз білімін толықтыра алса, гүлді қызыл түске, егер сабақ ұнамаса, өз білімін толықтыра алмаса, гүлді сары түске бояу керектігін айтыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?