Сызықтарды құрастыру және анықтау. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 А бөлім «Түзулер және оларды құру»

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 3 - тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сызықтарды құрастыру және анықтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.1.6 Перпендикуляр түзу туралы түсінік

 Сабақ мақсаттары

Айнала қоршаған ортадан перпендикуляр түзулерді ажыратып үйрену.

 Бағалау критерийлері

Параллель және перпендикуляр түзулерді ажырата алады

 Тілдік мақсаттар

Түзулер, қиылысады, қиылыспайды, параллель, перпендикуляр, латын әрпі, қиылысу нүктесі термин сөздерін қолдана отырып, математикалық тілді дамыту.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бойында іздену, салыстыру, пайымдау, дәлелдеу дағдылары дамиды.

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, дүниетану пәндерімен байланысады.

 АКТ

Перпендикуляр түзулері бар объектілерді фотоға түсіріп, АКТ-дан көрсетеді.

Алдыңғы меңгерілген білім

Параллель түзулер туралы түсінік алды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • минут

(Ұ) Оқушылар көңілді шеңберге жиналады. Берілген суреттерден түзулер мен сызықтарды, геометриялық фигураларды ажыратып көрсетеді.

Пішіндер, суреттер

Сабақ ортасы

30 минут

(МК) Перпендикуляр сөзі латын тілінен аударғанда «тік» деген мағынаны береді.  

Анықтама: тік бұрыш жасап қиылысқан екі түзу перпендикуляр түзулер деп аталады.

Түзулердің перпендикулярлығы «⟘» таңбасымен белгіленеді. a⟘b жазуы «а түзуі b түзуіне перпендикуляр» деп оқылады.

Әртүрлі мысалдар келтіру.

(ОТ.Т) Оқушыларға айнала қоршаған ортадан перпендикуляр түзулерді тауып, АКТ-да көрсету ұсынылады.

(Ө) Осы тақырыпты зерттеудің әр кезеңінде оқушыларға нақтылықты ескерте отырып, құрастыруды практикада орындауға мүмкіндік беру. k⟘m түзуін сызу.

(Ұ) Сергіту сәті.

(Дифф.Қ) Қабілеті жоғары оқушылар:

а түзуіне перпендикуляр АО кесіндісін жүргізу;

Қабілеті төмен оқушылар:

О нүктесінде қиылысқан с⟘d түзуін жүргізу.

(Қ) Оқушылардың параллель және перпендикуляр түзулерді ажырата білуін тексеру мақсатында кесте толтыру ұсынылады.

Параллель

Перпендикуляр

Тапсырма: 2 параллель және

2 перпендикуляр түзулер сызыңыз.

АКТ-да түсіндіру

Кесте

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. Тақырыпты өте жақсы түсіндім деген оқушылар жетістік сатысына шығады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қабілеті жоғары оқушыларға а түзуіне перпендикуляр АО кесіндісін жүргізу ұсынылады;

Оқушылардың параллель және перпендикуляр түзулерді ажырата білуін тексеру мақсатында кесте толтыру ұсынылады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды.

Сабақта дене қозғалыс жаттығулары орындалады.

Сандық құрылғылармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелері ескертіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу