Сызықтарды құрастыру және анықтау. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 А бөлім «Түзулер және оларды құру»

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 3 - тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сызықтарды құрастыру және анықтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.1.5 Параллель және перпендикуляр түзулерді ажырата білу.

 Сабақ мақсаттары

Айнала қоршаған ортадан параллель түзулерді табу.

 Бағалау критерийлері

Параллель түзулерді ажырата алады

 Тілдік мақсаттар

Түзулер, қиылысады, қиылыспайды, параллель, латын әрпі, қиылысу нүктесі термин сөздерін қолдана отырып, математикалық тілді дамыту.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бойында іздену, дәлелдеу, салыстыру дағдылары дамиды. Бірлесе жұмыс істеуге үйренеді.

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, дүниетану пәндерімен байланысады.

 АКТ

Параллель түзулері бар объектілерді фотоға түсіріп, АКТ-дан көрсетеді.

Алдыңғы меңгерілген білім

Қиылысатын фигуралар сызу және олардың қиылысу нүктесін тауып үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • минут

(Ұ) Оқушылар көңілді шеңберге жиналып, біріне-бірі математикалық сұрақтар қояды.

Кесінді, сәуле, түзулер, нүктелер туралы қайталап, еске түсіру.

Қиылысатын, параллель және қисық сызықтардың құрылысын көрсету.

Пішіндер, суреттер

Сабақ ортасы

30 минут

(МК) Техникада, тұрмыста ортақ нүктелері болмайтын түзулер де кездеседі. Мысалы: түзу жолдағы машинаның дөңгелектерінің іздері, пойыз жолындағы темір жолдың ағаштары, шаршының қарама-қарсы қырлары т.б. Ондай түзулерді параллель түзулер дейді. /Суреттер көрсету/  Анықтама: Параллель түзулер-бір жазықтықта жататын және өзара қиылыспайтын түзулер. «Параллель» сөзі грек тілінен аударғанда «қатар жүруші» деген сөзінен шыққан. Параллельдік белгі | |

Параллель түзулерді салу үшін сызба бұрыштық пен сызғыш пайдаланылады.

(Ұ) Паралель а және b түзулерін жүргізу.

Оқылуы: а || в, а түзуі b түзуіне параллель.

а

b а b

b

а

Параллель түзулер арасындағы қашықтық бірдей болады.

(Ұ) Сергіту сәті.

(Ж.Қ) Оқушыларға әртүрлі нысандардың суреті көрсетіледі. Тапсырма: параллель түзулері бар нысандарды атау.

(Қ) с||d, r||t түзуін жүргізу.

(Дифф.) Қабілеті жоғары оқушыларға: сыныптың, мектептің немесе мектеп ауласының сәйкес орындарында оқушыларға қоршаған құрылыстарға қарап, бірнеше эскиз жасауларына рұқсат беру.

Қабілеті орташа оқушыларға: суреттерге қарап параллель түзулерді табыңдар және әріптермен белгілеңдер.

АКТ-да түсіндіру

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. Қабырғаларға кесінді, сәуле, түзу, параллель, бұрыштар қойылады. «Мен параллель түзулер туралы түсіндім»-деген оқушылар параллель түзуді тауып тұрады.

Пішіндер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың ойы, пікірі ескеріліп, мадақтау сөздер айтылады.

Қабілеті жоғары оқушыларға: сыныптың, мектептің немесе мектеп ауласының сәйкес орындарында оқушыларға қоршаған құрылыстарға қарап, бірнеше эскиз жасауларына рұқсат беру.

Оқушылардың с||d, r||t түзуін жүргізуі, қоршаған ортадан параллель сызықтарды таба алуы бағаланады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды.

Сабақта дене қозғалыс жаттығулары орындалады.

Аулаға шығып тапсырма орындау кезінде қауіпсіздік ережелері ескертіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу