Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері. Математика, 2 сынып, қосымша материал.
Оқушының аты-жөні _______________________________________________________
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
2.1.2.8 Мынадай жағдайларда: 34+23, 57-23; 27+34, 6127, 47+33; 80-47 екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.
Ойлау дағдыларының деңгейлері: | Қолдану |
Бағалау критерийі: Тапсырма | Білім алушы • Екі таңбалы сандарды ондықтан аттамай, аттап қосуды және азайтуды орындау үшін ауызша және жазбаша есептеу алгоритмін қолданады. |
• Ауызша есептеу тәсілін көрсете отырып, амалдарды орындаңыз.
42 + 36 = 18 + 52 =
75 – 21 = 80 – 41 =
• Баған түрінде жазыңыз және түсіндіре отырып шығарыңыз.
18 + 23 59 + 36 61 – 27 40 – 28
Дескриптор: Білім алушы
− екі таңбалы сандарды ондықтан аттамай ауызша қосудың алгоритмін көрсетеді және өрнектің мәнін табады;
− екі таңбалы сандарды ондықтан аттамай ауызша азайтудың алгоритмін көрсетеді және өрнектің мәнін табады;
− екі таңбалы сандардың қосындысының мәні дөңгелек сан болған жағдайдағы есептеу тәсілін көрсетеді және өрнектің мәнін табады;
− екі таңбалы санды дөңгелек саннан азайту жағдайындағы есептеу тәсілін көрсетеді және өрнектің мәнін табады;
− екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосудың жазбаша орындау алгоритмін түсіндіреді және өрнектің мәнін табады;
− екі таңбалы сандарды ондықтан аттап азайтудың жазбаша орындау алгоритмін түсіндіреді және өрнектің мәнін табады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?