Достық, бірлік, ынтымақ туралы әңгіме жазу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Күні:

Сынып: 4 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Достық, бірлік, ынтымақ туралы әңгіме жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.2.1 бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді.

Көптеген оқушылар: бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді.

Кейбір оқушылар: бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтінді толық түсіну.

Бағалау критерийлері

Шағын мәтіндегі негізгі ақпаратты түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Достық, адал, нағыз, шынайы, көмектеседі, қол ұшын береді, ренжітпейді, сенеді, кешірім сұрайды, сыйлайды, алдамайды

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Достық туралы әңгімелей алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(Ұ)Қызығушылықты ояту. «Шаттық шеңбері». Оқушылар сабақтың басында бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Сабақтың ортасы

7 мин

13 мин

3 мин

10 мин

(Ұ) «Миға шабуыл». Берілген суреттерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын айту. Тірек сөздер арқылы мәтіннің не туралы болатынын болжау. Жаңа сөздермен танысу.

Тотықұс

Әтеш

  • ең әдемі
  • жақсы киім
  • қонаққа бару
  • киімді сұрау
  • қайта келмеу
  • айқайлау

(Ө) Оқылым. Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындайды.

Ертеде Әтеш құстардың ішіндегі ең әдемісі болыпты. Оның тек бір ғана досы болыпты. Ол – Тотықұс. Тотықұстың үстінде әдемі киімі жоқ екен. Бір күні Тотықұс досына келіп:

  • Досым, мен бүгін қонаққа барамын. Маған үстіңдегі әдемі киімдеріңді бере тұршы, - деп сұрайды.

Әтеш досының сөзіне сенеді. Үстіндегі әдемі киімдерін береді. Тотықұс қай уақытта келетінін айтады:

  • Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр, - дейді.

Бірақ Тотықұс қайта келмейді. Осы күнге дейін Әтеш киімдерін іздеп үш мезгіл айқайлайды екен.

  • Кестені толтыр.

Кейіпкер

Іс-әрекет

Мінезі

  • Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.

Тотықұстың әдемі ...................жоқ екен. Тотықұс Әтештен киімдерін ..................... Тотықұс Әтешке киімдерін ...............

Әтеш Тотықұсты іздеп, ...........................

Дескриптор:

  • кейіпкерлердің іс-әрекетін дұрыс көрсетеді;
  • кейіпкерлердің мінезін дұрыс ашады;
  • сөйлемдерді дұрыс толықтырады.

(Ө) «Полюстер» арқылы оқылым бойынша кері байланыс жасайды.

  • мен мәтінді толықтай түсіндім.
  • сұрақтардың барлығына жауап бердім.

сұрақтар қиын болған жоқ.

(Ұ) «Келісемін/келіспеймін». Оқушылар берілген тұжырымдарды оқып, келісетін/келіспейтінін айтады, өз ойын дәлелдейді.

  • Тотықұс – нағыз дос.
  • Әтеш – адал дос.
  • Мәтін достарды алдамауға үйретеді.

Сабақтың соңы

4 мин

«Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Мен бүгін............

Маған бүгін..................

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

- Сәлем, Джессика! Қалың қалай? Американың ауа райы қалай?

Бізде күн жылы. Күз келсе де, ауа райы қуантып тұр. Сен хатыңда Қазақстан туралы жазуымды сұрап едің ғой.

Қазақстан - әлемдегі жер көлемі бойынша үлкен мемлекеттердің бірі. Менің елімде асқар таулар, айдын көлдер, ну ормандар өте көп. Әсіресе, біздің Бурабай жерінің табиғаты өте әсем. Ормандарда биші қайыңдар өседі. Бурабайдың әр тауы, әр тасы туралы аңыздар да бар. Біз жазда отбасымызбен Бурабайға демалуға барамыз. Бурабайдың ауасы сондай таза! Сен Қазақстанға келсең, міндетті түрде Бурабайды көрсетемін.

Сау бол, Джессика!

Сәлеммен құрбың Айдана.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу