Ғимараттар сайысы (нәтиже сабақ) (ОМЖ бойынша 11-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып («Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ құрастырған ОМЖ бойынша)

4-тарау

Сәулет өнері

11-сабақ

Ғимараттар сайысы (нәтиже сабақ)

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және айтылым дағдыларын шыңдау көзделеді.

Оқушылардың барлығы: Тірек сөздерді қолданып, кесте бойынша ғимараттарды сипаттап айтады.

Оқушылардың көпшілігі: Мәтінді рөлдерге бөліп оқып, ғимараттарға орын береді және орын беру себептерін түсіндіреді.

Оқушылардың кейбірі: Сайысқа қатыспаған ғимараттардың тізімін жасап, таңдаған бір ғимаратты сипаттап айтады.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ескерту: кейбір көрнекіліктерді, АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда, қағазға шығарудың қажеті жоқ.

  • Дидактикалық материалдардан «Эйфель» мұнарасыының, киіз үйдің, «Диснейлендтің» суреттерін 1 данадан шығарып алыңыз. Әр суретті сыныптағы оқушылар санына қарай бірнеше бөлікке (4-5) қиып алыңыз. Қиындыларды жақсылап араластырып қойыңыз.
  • №3 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда дидактикалық материалдардан №1 үлестірмелі қағазды әр топқа 1 данадан берілетіндей етіп шығарып алыңыз.
  • «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау жүргізу үшін қызыл, сары, жасыл фишкаларды оқушылар санына қарай дайындап алыңыз. Фишкалардың орнына жасыл, сары, қызыл стикерлерді қолдануға болады.
  • Дидактикалық материалдардан №2 үлестірмелі қағазды (мәтін+кесте) әр топқа 2 данадан шығарып алыңыз.
  • А3 форматты 3 қағаз, түрлі-түсті қарындаштар дайындап қойыңыз. 3-тапсырма бойынша дескрипторды жеке параққа (тақтаға ілгенде, көрінетіндей етіп) шығарып алыңыз.
  • «Жетістік баспалдағы» плакатын дайындап алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  • Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Көңілді музыка қойыңыз. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, оларға сурет қиындыларын таратыңыз. Қиындылардан бүтін сурет құрау керектігін айтыңыз. Бүтін суретті жинаған оқушыларды 1 топқа біріктіріңіз (осы тәсіл арқылы сынып оқушылары 3 топқа бірігеді). Құрастырылған суреттерді ашып (№1 слайд), ғимараттардың атауын сұраңыз. Жауаптар негізінде тақырыпты жариялаңыз.
  • Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесіп құрыңыз. Оқушылардың айтқандарын тақтаға немесе ватманға жазғызып, іліп қою ұсынылады.

(Сөздікпен жұмыс) Сайыс, ғажап, құрылысы ерекше сөздерінің мағынасы мен қолданысын меңгерту жұмыстарын жүргізіңіз.

(1-тапсырма) №3 слайдты ашып, тапсырманы орындау жолдарын түсіндіріңіз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала дайындап алған №1 үлестірмелі қағаздарды әр топқа таратыңыз. Кестеде берілген 3 суретті 3 топқа бір-ьірден бөліп беріңіз. Әр топ өздеріне берген суреттегі ғимаратты кесте бойынша айтуы керек. Барлық топтар жауап беріп болған соң фишкалар арқылы топтық жұмыстарды бағалауды сұраңыз. «1(2-,3-) -топтың жауабын қалай бағалайсыңдар? Неге?» сұрақтарын қойып, жауаптар негізінде кері байланыс орнатыңыз.

(2-тапсырма) Әр топқа екі-екіден мәтін мен кесте берілген №2 үлестірмелі қағазды таратыңыз. Тапсырманы орындаудың реті мынадай: 1) әр топ мәтінді рөлдерге бөліп оқиды; 2) Жасырылған ғимараттардың атауын тауып, кестеге жазады. 3) Кестенің екінші бағанына ғимараттардың қандай екенін жазады; 4) Топта талқылап, «Ең ғажап ғимарат» сайысына қатысқан 3 ғимаратқа І, ІІ, ІІІ орындар береді және өз шешімдерінің осылай болу себебін кестеге сүйеніп түсіндіреді. Бұл жұмыстарды орындау үшін дайындыққа 6 минут, топтық жұмысты қорғауға 2 минут (әр топқа) беріңіз. Жұмыстарды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалауды тапсырыңыз. Оқушылар пікірі негізінде кері байланыс орнатыңыз.

(3-тапсырма) Әр топқа бір-бірден А3 форматты қағаз бен түрлі-түсті қарындаштар таратыңыз. Тақтаға дескрипторды іліп қойыңыз да, тапсырманы орындатыңыз. Оқушылар сайысқа қатыспаған ғимараттар тізімін жасайды және өздері таңдаған 1 ғимаратты сипаттап айтады. Топтық жұмыстар дескриптор арқылы бағаланады.

(рефлексия) Оқушылар назарын №4 слайдқа немесе «Жетістік баспалдағы» плакатына аударыңыз. Әр оқушыдан (жекелеген оқушылардан) бүгінгі сабақтағы үлгерімін бағалап айтуын сұраңыз. «Кері байланыс» орнатыңыз.

Оқушыларды үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.

Құрметті әріптес! Сізге әдістемелік көмек көрсету үшін СМК порталы қажетті ресурстар кешенін ұсынады. Ісіңізге сәттілік тілейміз!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу