Қазақстандағы ең биік ғимараттар (нәтиже сабақ) (ОМЖ бойынша 12-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-тарау «Сәулет өнері»

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстандағы ең биік ғимараттар (нәтиже сабақ) (ОМЖ бойынша 12-сабақ)

Оқу мақсаттары

1.3 Тыңдаған бейнематериалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау;

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

3.​2.​3.​1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру;

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

3.​5.​1.​1* мұғалімнің қолдауымен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Кесте бойынша сөйлемдер құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

Тыңдаған бейнекөріністің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың кейбірі:

Кластерді пайдаланып, сұрақтар құрастырады, диалогке қатысады.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сөйлеу барысында көмекші сөздер мен жаңа сөздерді орынды қолданады.

Лексикалық минимум

тарау бойынша өтілген жаңа сөздер

Грамматикалық минимум

  • Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
  • Көмекші сөздердің қолданысы (жанында, ішінде)

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану

Бастапқы білім

Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Үй тапсырмасын тексеру – 6 минут

«Кір жайғыш жіп» әдісі

  • Әр оқушы үйде өзі таңдаған ғимараттың суретін «кір жайғыш жіпке» іледі;
  • Суреттердегі ғимараттардың атауын табады;
  • Ғимараттарды сипаттап айтады.

Топтарға бірігу

Жаңа тақырыпты жариялау

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру3 минут

№1 слайд

//

жіп, скрепка, оқушылардың үйде салған суреттері

№2 слайд

Сабақтың ортасы

26 минут

6 минут

12 минут

8 минут

1-тапсырма. Ғиматтардың атауын оқып, кесте бойынша сөйлемдер құрастырып айту

Қазақстандағы ең биік ғимараттар

«Алматы - Тауэрс» бизнес кешені

«Қазақстан» қонақүйі

«Астана салтанаты» тұрғынүй кешені

Алматы қаласында

Астана қаласында

орналасқан

«Грант-Алатау» кешені

Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіледі.

1-тапсырма. Бейнекөріністі көріп, сұрақтарға жауап беру («Кім жылдам?» ойыны)

«Стоп кадр» әдісі

  • 00:31 – 00:45

Сұрақтар:

Бұл ғимарат қалай аталады?

Ол қайда орналасқан?

Ғимараттың ішінде нелер бар?

Ғимарат неше қабаттан тұрады?

Ғимараттың мұнараларының биіктігі неше метр?

  • 00:55 – 01:17

Сұрақтар:

Бұл ғимарат қалай аталады?

Ол қайда орналасқан?

Ол қай қаланың символы?

Ғимарат нешінші жылы салынған?

Ғимарат неше қабаттан тұрады?

Ғимараттың биіктігі неше метр?

  • 01:21 – 01:41

Сұрақтар:

Бұл ғимарат қалай аталады?

Ол қайда орналасқан?

Ғимарат неше қабаттан тұрады?

Ғимараттың биіктігі неше метр?

  • 01:43 – 02:12

Сұрақтар:

Бұл ғимарат қалай аталады?

Ол қайда орналасқан?

Ғимарат нешінші жылы салынған?

Ғимараттың жанында нелер бар?

Бұл кешен неше ғимараттан тұрады?

Олар неше қабаттан тұрады?

Ғимараттың биіктігі неше метр?

Бағалау «Бонус жинау» әдісі арқылы жүргізіледі.

3-тапсырма. Кластерлерді пайдаланып, сұрақтар дайындау, диалогке қатысу

Бағалау дескриптор арқылы жүргізіледі.

Дескриптор:

  • Кластерді қолданып, сұрақтар дайындады.
  • Сұрақтарға дұрыс жауап беріп, диалогке қатысты.

№3 слайд

//

№1 үлестірмелі қағаздар

https://www.youtube. com/watch?v= GmQ7SPsy3HY

(00:31 – 2:12)

+

№4 слайд //

№2 үлестірмелі қағаздар

№5-7 слайдтар

//

№3 үлестірмелі қағаздар

Сабақтың соңы

6 минут

Рефлексия

«Жетістік баспалдағы» арқылы өз жұмысын бағалайды.

4 – Жақсы түсіндім

3 – Түсіндім

2 – Сұрағым бар

1 – Мүлдем түсінбедім

Үй тапсырмасы: «ТОП – 5: ең әдемі ғимараттар» тізімін жаса.

№8 слайд

//

«Жетістік баспалдағы» плакаты

интербелсенді тақта

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу