Әлібек – әдепті бала № 3. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып "Қазақ тілі"

(Ф.Оразбаева, Ж.Дәулетбекова, Р.Рахметова, Л.Нұрмұханова, "Көкжиек-Горизонт" - 2018) оқулығы негізінде әзірленген.

2-тарау

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың тақырыбы: «Әлібек – әдепті бала».

Сабақтың мақсаты:

1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау

4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту

3.​4.​5.​1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу.

Сабаққа қажетті құралдар:

Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз. Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады. Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беру керек. Әр оқушының қай баспалдақта тұрғанын нақты анықтап алған соң, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды. Қолдауды қажет ететін оқушыларды үнемі қадағалауда ұстап, қолдау көрсетіп отырыңыз. Ал қабылдау деңгейлері жоғары оқушылардың бір орында қалып қоймай, дамуына жағдай жасаңыз. Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз. Оқушылардың қызығушылықтарын, жас ерекшеліктерін ескеріңіз. Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Ертеңгілік шеңбер. «Жүректен-жүрекке.

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б. солай жалғаса береді. Бұл тәсіл сабақтың ең басында жылы тілектер айту арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға және сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.

Үй жұмысын тексеру кезеңінде осы тарауда өткен 2 сабақ бойынша «Бәйге» ойыны арқылы меңгерген сөздер мен сөз орамдарын еске түсіреді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты. Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту. Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең маңызды кезеңі. Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, суреттерді, мағыналас сөздерді, қарсы мәндес сөздерді, қимыл, ым-шараны қолданыңыз. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың ойлануына уақыт беріп, жауап беруге деген талпыныстарын үнемі қолдап отырыңыз. «Жоқ, дұрыс емес!» деген сөздер айтудан аулақ болыңыз. Баланың ынтасын жоғалтып алмау керектігін үнемі есте сақтаңыз. Сондай-ақ жаңа сөздерді оқушы сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануына мән беріп отырыңыз. «Сөйлеу қабырғалары» бірнеше сабақ бойы оқушыларға көмек болу үшін, үлкен ақ парақтарға жазып іліп қойыңыз. Сөздерді меңгергеннен кейін алдағы сабақтарда да сол сөздерді қолданыстарына енгізгендері маңызды.

Тыңдалым. Мәтінді алдын-ала аудиожазбаға жазып алыңыз, ондай жағдай болмаса, өзіңіз оқып беріңіз. Дегенмен де аудиожазбадан тыңдап үйренгендері дұрыс. Тыңдалымның алдында мәтінде оқушыларға таныс емес сөздер болған жағдайда (1-2 сөз) міндетті түрде түсінік беру керек. Одан кейін тыңдалымға дайындау үшін тақырыпқа сай «Әдептілік» деген сөзге топтастыру жұмысын жүргізіп, ой шақырған дұрыс. Бұл оқушылардың тілін дамытуға және ойларын жинақтауға ықпал етеді. Мәтінді 2 рет тыңдатыңыз. Алдын-ала дескриптормен таныстырыңыз. Одан кейін мәтіннің мазмұны бойынша «Жуан және жіңішке» сұрақтарға жауап береді (деңгейлеріне қарай). Оқушылардың жауаптары тыңдалып, смайликтер арқылы бір-бірін бағалайды. Тыңдалымнан кейін оқушылар тыңдаған материалды естеріне түсіріп, «Шын-Жалған» атты кестені толтырады. Берілген бағалау критерийң бойынша өздерін бағалайды. Соңында «Не қиын болды?», «Не жеңіл болды?» деген сұрақтар қою арқылы кері байланыс жүргізіледі, жауаптары толық, нақты, дәлелді, сөйлем құрылысын дұрыс сақтап айтқан, өз пікірлерін білдірген оқушылардың жауаптары мадақталып, қолдауды қажет ететін оқушыларға да мадақтау айтып, жіберген қателеріне назар аудартыңыз, оны түзетудің жолдарын түсіндіріңіз.

Оқылым. Оқулықтағы мәтіннің мазмұнымен әркім өзі оқып танысқаннан кейін «Əріптестер» әдісі бойынша әр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріледі. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындатуға болады, соңында жұптасып өз нұсқаларын айтады. Соңында тапсырманы орындау қиын болды ма? Не қиын болды? деген сұрақтар қойып кері байланыс жүргізіледі.

Грамматикалық қоржынды жазбаша жүргізіледі. Тапсырманы орындамас бұрын алдымен оқушылардың естеріне түсіріп, бірнеше мысал келтіру. Содан кейңн ҚМЖ-да бірелген сөйлемдердегі сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап жазады, дәптерлерін мұғалімге тапсырады. Жазу барысында бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазуды қадағалаңыз.

Айтылым. Бұл тапсырма «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы жүргізіледі. Топ ішінде бірігіп талқылауға және бір шешімге келуге жағдаят беріледі. Әр топ өз ұсынысын айтады. «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды, бірнеше оқушының комментарийі тыңдалады.

Рефлексия, үй жұмысы.

Сабақты бекіту кезеңінде «Чемодандар» әдісін қолдануыңызға болады. Тақтаға чемоданның суреті ілінеді. Бірнеше оқушыдан өзімен бірге бүгінгі сабақтан қандай білім, білік, дағдыны алып кеткісі келетінін айтуларын сұрайсыз, қалған оқушылар стикерге жазып чемоданға жапсырады. Бұл сабақты қорытындылауға жақсы көмектеседі.

Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу