Әлібек – әдепті бала № 3. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

Тыңдалым мәтіні

«Әдептілік» Бір күні ғалым мен бай сөйлесіп тұрады. Қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, ғалымға басын иіп сәлем береді.

Ғалым басын одан да төмен иіп сәлемдеседі. 

Қасындағы бай: - Тақсыр, біліміңіз бар ғалымсыз. Жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды. 

Сонда ғалым: Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен. 

Ы. Алтынсарин 

Таратпа материалдар

Жуан сұрақтар:

Жіңішке сұрақтар:

- Не себепті бай ғалымның әрекетін түсінбеді?

- Неліктен ғалым төмен иіліп сәлем берді?

- Бұл әңгіме бойынша қандай пікір айтасыңдар? 

- Әңгімедегі кейіпкерлері ата.

- Жарлы адам не істеді?

- Ғалым қалай сәлем берді?

- Ғалым байдың сұрағына не деп жауап берді?

Сөйлемдер

Шын

Жалған

Бір күні ғалым мен жарлы адам сөйлесіп тұрады.

Жарлы адам ғалымға басын иіп сәлем береді

Ғалым басын одан да төмен иіп сәлемдеседі. 

Ғалым жарлы адамға әдепсіздік көрсетті

Сергіту сәті

Қолды алға созайық,

Қайшы кескен болайық.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

Енді еркін тыныстап

Демалайық дұрыстап.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

Оқылым мәтіні

Әлібек пен Марат киноға барады. Үйлеріне автобуспен қайтты. Келесі аялдамадан автобусқа әжей мінді. Марат орын бермеді. Әлібек орнынан тұрып:

- Әже, мына жерге отырыңыз! – деді.

Әжей Әлібекке:

- Өркенің өссің, балам! Әдепті бала екенсің! – деп, алғыс айтты.

Қолдануға болатын суреттер (әдепті/әдепсіз)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу