Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі (Т2)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4. Туған өлкем

Күні: 28.11.2017

Сынып: 2 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (2-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/ сынын/ санын/ іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен заттың атын, сынын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады.

Көптеген оқушылар: заттың атын, сынын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады.

Кейбір оқушылар: заттың атын, сынын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде еркін қолданады.

Бағалау критерийлері

Сөйлеу және жазу барысында заттың атын және сынын білдіретін сөздерді орынды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Табиғат, сұлу, әсем, биік, асқар тау, мөлдір көл, өзен, кең, байтақ дала, қалың орман, әдемі жер, туған жер, ел, мекендейді, таулы аймақ, кездеседі

Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Тәуелдік жалғауды қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Кім тапқыр?» Оқушылар берілген сөз бен суретті байланыстырып, жылдам сөз тіркестерін құрастырып айтады. Тәуелдік жалғауының дұрыс қолданылуына назар аудару керек.

Менің

Сенің

Оның

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

1 мин

10 мин

) Бейнематериалмен жұмыс. Оқушылар қазақ жерінің табиғаты туралы бейнематериалды көріп, көрген ақпаратын жазып отырады. Жазғандарымен шағын топтарда бөлісіп, бір-бірін толықтырады.

(Ж) «Кел, сөйлесейік!» Оқушылар бейнематериал негізінде шағын диалог құрастырады. Диалогтарында тәуелдік жалғауының дұрыс қолданылуына назар аударады. Бір-бірін бағалап отырады.

Дескриптор:

  • диалогты дұрыс құрастырады;
  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады.

Сергіту сәті. Тақпақты бірге айтып, қимылдарды жасайды.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Бір орында қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық!

(Ө) «Ойлан, жаз!» Оқушылар берілген сұрақтарға жауап жазады.

  • Сенің туған жеріңнің табиғаты қандай?
  • Сенің туған жеріңде қандай таулар бар?
  • Сенің туған жеріңде қандай өзендер мен көлдер бар?
  • Сенің туған жеріңде қандай жануарлар бар?

Дескриптор:

  • сұраққа дұрыс жауап береді;
  • тәуелдік жалғауды дұрыс қолданады;
  • сөйлем құрылысын сақтайды;
  • сауатты жазады.

https://www.youtube.com/watch?v=-Y8CGN0z87c

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия. «Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу