Ертегілер елінде: «Бауырсақ» ертегісі (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ертегілер елінде: «Бауырсақ» ертегісі (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.

Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын толық түсінеді.

Бағалау критерийлері

Жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Бауырсақ, қашып кетеді, жеп қояды, кездеседі, пісіреді, ән айтады

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Төл дыбыстарды ажыратады алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(МК) Қызығушылықты ояту.

«Сиқырлы ұяшықтар»

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, ұяшықтарды ашады. Ұяшықтардың артына жасырынған сурет бойынша сабақтың тақырыбын болжайды.

  • Қайық не істейді?
  • Ұшақ не істейді?
  • Жеңіл көлік ұшады ма?
  • Қандай үй жануарларын білесің?
  • Отбасыңда кімдер бар?
  • Сен қай қалада тұрасың?
  • Қазақстан қандай ел?
  • Қазақстанда не бар?
  • Сенің досың қандай?

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

7 мин

3 мин

(МК) «Суреттер сөйлейді»

Оқушылар «Бауырсақ» ертегісі туралы білетіндерін ортаға салады. Ертегі желісі бойынша кезекпен шығып отыратын суреттерге қатысты сөйлемдер айтады. Жаңа сөздердің мағынасын таниды.

Ерте, ерте, ертеде ата мен әже болады. Әже бауырсақ пісіреді.

Бауырсақ ата мен әжеден қашып кетеді.

Жолда бауырсақ қоянға кездеседі. Қоян айтады:

- Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!

Бауырсақ айтады:

- Жеме мені, қоян. Мен саған ән айтамын.

Бауырсақ қоянға ән айтады.

Содан соң бауырсақ қасқырға, аюға кездеседі.

Соңында бауырсақ түлкіге кездеседі. Түлкі бауырсақты жеп қояды

(Ж) «Мен білемін!» Оқушылар жұпта суреттер бойынша ертегіні айтып көреді.

Дескриптор:

  • сурет бойынша сөйлемді дұрыс айтады;
  • тілдік нормаларды сақтайды.

(Ө) «Жұлдызды сәт!» Оқушылар берілген суреттерді сөйлемдерге сай желімдейді. Осылайша ертегі мазмұнын жинақтайды. Презентацияда берілген түпнұсқамен дұрыс/бұрыстығын тексереді. Жинақтаған сөйлемдерін іштей бір рет, дауыстап бір рет оқып шығады.

Ерте, ерте, ертеде ата мен әже болады. Әже бауырсақ пісіреді.

Бауырсақ қашып кетеді.

Жолда бауырсақ қоянға кездеседі. Қоян айтады:

- Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!

Бауырсақ айтады:

- Жеме мені, қоян. Мен саған ән айтамын.

Бауырсақ қоянға ән айтады.

Содан соң бауырсақ қасқырға, аюға кездеседі.

Соңында бауырсақ түлкіге кездеседі. Түлкі бауырсақты жеп қояды

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Қызыл түс – қиын болды.

Сары түс – аздап қиын болды.

Жасыл түс – жеңіл болды.

Таратпа материал

Сабақтың соңы

5 мин

«Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу