Қолданбалы есептерді шешу. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Қысқамерзімді сабақ жоспары

Ұзакмерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 3 Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Қолданбалы есептерді шешу

Оқу мақсаты

8.2.2.3 - электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану

 Сабақ мақсаты

Excel-де есептер шығаруда кіріктірілген функциялар мен шартты форматтауды қолдану

Бағалау критерилері:

  • графиктер мен диаграммаларды тұрғызу
  • мәліметтерді талдауда логикалық функцияларды пайдалану

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Электрондық кестелер, мәліметтерді талдау, шартты форматтау, функция, ұяшық.

Жазу және сөйлесуге арналған пайдалы тіркестер:

Шартты форматтау …

Мәліметтер талдауы ….

Функцияны жазу барысында …

Дағдылық құндылықтар

Өзін және өзгелерді құрметтей білу, өмір бойы оқу

Пәнаралық байланыс

Математика

Бастапқы білімдері:

7 сыныптағы мақсат – «Электрондық кестелер: диаграмм тұрғызу»

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқу ресурстары

Кіріспе бөлім

0-5 мин

1. Білімді өзектілендіру

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін ұсыну.

Өткен сабақтың материалдарын қайталау

Презентация

Негізгі бөлім

6-25 мин

2. Практикалық жұмыс

Деректерді талдаудың төртінші нұсқасы

Графиктер мен диаграммаларды пайдалана отырып деректерді талдауды көрсету.

ТАПСЫРМА 1

Оқушылардың элективті курсы таңдауы бойынша есептемесі бар (дидактикалық материал). Осы ақпаратты пайдалана отырып, график тұрғызыңыз

ДЕСКРИПТОРЛАР:

- оқушылар диаграмманы дұрыс тұрғыза алады;

- оқушылар мәліметтерді дұрыс жаза алады.

3. ӨЗАРА БАҒАЛАУ

Оқушылар орындарын ауыстырып, бір-бірінің жұмысын тексереді және жұмысқа кері байланыс береді (2 жұлдыз және ұсыныстар, егер де жұмыс орындау барысында қателіктер жіберілген болса, түзетулерді түсіндірмелермен жасау қажет).

Тапсырма орындалып болған соң, оқушыларға мақсатқа жеткедігін/ жетпегендіктері туралы кері байланыс беріледі

Презентация

Дидактикалық материал

28-37 мин

4. Практикалық жұмыс

Деректерді талдаудың бесінші нұсқасы

Мәліметтерді талдауды шартты форматтау көмегімен ұсыну.

ТАПСЫРМА 2

Оқушылардың элективті курсы таңдауы бойынша есептемесі бар (дидактикалық материал). Осы ақпаратты пайдалана отырып шартты форматтаудың көмегімен нәтижені ұсыныңыз

ДЕСКРИПТОРЛАР:

- оқушылар бірінші мәндерді таңдаудың ережелерін пайдаланады;

- оқушылар гистограммалар, түсті шкалалар және белгішелер жиынтығын қолданады.

ӨЗАРА БАҒАЛАУ

Оқушылар орындарын ауыстырып, бір-бірінің жұмысын тексереді және жұмысқа кері байланыс береді (2 жұлдыз және ұсыныстар, егер де жұмыс орындау барысында қателіктер жіберілген болса, түзетулерді түсіндірмелермен жасау қажет).

Презентация

Дидактикалық материал

Өзіндік бағалау парағы

Сабақтың соңы

38-40 мин

5. Рефлексия: Оқушылар БББ арқылы кері байланыс береді

  • Білемін
  • Білдім
  • Білгім келеді

Стикерлер

ДифференциацияСіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Жұптық/топтық жұмыс – сыныптастарының қолдауы.

Қажет болса, мұғалімнің көмегі.

Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға күрделірек/қызық болып көрінетін өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта дифференциациялаудың негізгі принципі – күрделендіру.

Топтық жұмыстың нәтижесін бағалау үшін топтардың бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Сабақ соңында рефлексия өткізу арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды.

Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, мысалы, экранды, пернетақта мен тышқанды қосу кезінде абай болуды; денсаулыққа қауіп төндіретіндіктен сымдардан сақ болуды еске салу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді?

Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сл жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қосымша 1

Бірінші нұсқа

Мәліметтерді қарапайым талдауды сүзгі және сұрыптау арқылы орындауға болады.

Екінші нұсқа

Мәліметтерді талдау үшін Excel формулаларын пайдалануға болады. Ол үшін кіріктірілген функциялардың бірін (математикалық немесе т.б.) пайдалану арқылы формуланы қажетті жағдайға ыңғайлап, талдау жұмысын жүргізуге болады.

Үшінші нұсқа

Excel бағдарламасындағы әртүрлі кестелердегі мәліметтерді салыстыру үшін, оларды бір кестеге біріктіруге болады. Кеңейтілген түрде әр кестенің мәліметтері жеңіл талданады.

Төртінші нұсқа

Кестедегі сандарды график немесе диаграмма түрінде ұсыну талдауға жеңілдік береді.

Бесінші нұсқа

Шартты форматтау көмегімен әртүрлі мәліметтерді айрықшалауға болады – бірдей, әртүрлі, толтырылған немесе бос ұяшықтарды айрықшалау, біздің шартымызды қанағаттандыратын ұяшықтар (артық, кем, «Ия», «Жоқ»), және т.б.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу