Шеңбердің теңдеуі. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 4 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4В бөлім: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі

Мектеп: Семей қаласы, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Чултуков Нартай Советханович

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шеңбердің теңдеуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін

білу;

8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуі түрінде болатынын түсінеді;
  • берілген теңдеуі бойынша шеңберді салуды және шеңбердің центрі мен радиусын анықтауды үйренеді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар

біледі:

  • формуласы центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңберді сипаттайтытын;
  • берілген теңдеуі бойынша шеңберді салуды;
  • теңдеуден шеңбер центрінің координаталарын табуды;
  • берілген теңдеуден шеңбер радиусын анықтауды.

қолдана алады:

  • айқын есмес түрде берілген теңдеуден шеңбердің теңдеуін ажыратып, шеңбердің жалпы теңдеуін айқын түрде көрсетуде;
  • есептер шығару кезінде ереженің қаситтерін.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін жазады;
  • берілген теңдеуі бойынша шеңберді салады, сондай-ақ оны салу үшін бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолдана алады.

Пәндік лексика мен терминология

  • шеңбердің теңдеуі;
  • шеңбер центрі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • центрі....нүктесі және радиусы ...шеңбердің теңдеуін құрамыз;
  • ... нүктелері арқылы өтетін шеңбердің теңдеуін құрамыз.

Құндылықтарды дарыту

Пәнаралық байланыстар

Алгебра пәні. Арифметика. Сызу сабағы.

Бастапқы білім

Тікбұрышты координаталар жүйесін білу. Пифагор теоремасын қолдана алу. Екі нүктенің арақашықтығы. Толық квадрат.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақты белсендендіру.

Тірек ұғымдар жайлы сұрақ-жауап:

  • Кесіндінің ортасында орналасқан нүктенің координатасын табу формуласы?
  • Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласы?
  • Пифагор теоремасы
  • Толық квадрат.
  • Шеңбер дегеніміз не? Оның анықтамасы қалай? Элементтері?

Жауаптары:

  • A және B нүктелері берілсе, онда АВ-ның ортанүктесі .

2. АВ-ның модулі:

3. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты оның катеттерінің квадраттарының қосындысына тең.

4. Егер өрнек түрінде жазылса, оны толық квадрат дейміз. Ал мына өрнек толымсыз квадрат.

5. Шеңбер - геометриялық фигура. Центр деп аталатын нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелердің геометриялық орыны. Оның негізгі элементтері центр және радиус.

Бүгінгі сабақта осы «Шеңбер» фигурасының жазықтықтағы бейнесін сипаттайтын теңдеуіне тоқталамыз. Ол үшін ең алдымен фигураның теңдеуі дегеніміз не екенін назар салайық.

Анықтама.

Фигураның теңдеуі – сол фигураның кез келген нүктесінің координаттары қанағаттандыратын х пен у екі белгісізі бар теңдеуді атайды.

№ 1-4 слайдтар

Сабақтың ортасы

10 минут

Ұжымдық жұмыс. Жаңа сабақ

Осы сұрақтардан соң негізгі тақырыпқа көшіп, оқушыларды оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары және бағалау критерилерімен таныстыру.

1 жаттығу.

  •  Координаталық жазықтықта кескінделген АВ кесіндісінің ұзындығы неге тең? (Жауабы: 5)

Оқушылар Пифагор теоремасын немесме екі нүктенің арақашықтығын пайдаланып берілген кесіндінің ұзындығын табу керек. Бір оқушыны тақтаға шығарып, қалай ұзындықты тапқанын түсіндіруін талап ету керек.

  •  А нүктесін центр, АВ кесіндісін радиус етіп шеңбер салыңыз.
  •  С(7; 3) нүктесі шеңбер бойында жата ма? АС кесіндісінің ұзындығы жайлы не айтасыз?

Шеңбер салу керек оқушылар. Суреттерін слайдпен тексеріңіз. С нүктесін тексереді. Солайша шеңбер бойындағы кез келген нүкте үшін жалпы ой айтуға жетелеңіз.

Жоғарыда берілген «Фигураның теңдеуі» анықтамасының шартын қанағаттандыра ма?

Олай болса, шеңбердің жалпы теңдеуін қорытып шығайық.

№ 5 – 6

№ 7-10 слайд

Сабақтың ортасы

15 минут

Жұптық жұмыс. Тақырып бойынша есептер

Олай болса, қазір, осы білімді тереңдету және ұғына түсу үшін жұппен жұмыс жасаймыз. Әр жұпқа «Қосымша 1» таратпасын үлестіру. Таратпада берілген №1-5 есептерді оқушылар өз жұптарымен орындайды, талқылайды. Мұғалім жұмыстың орындалуын қадағалап, әр оқушының өз жұбымен серіктесе жұмыс жасауына қолдау жасайды. Біріге отырып жасаған жұмыстың өнімді әрі жылдамырақ болатынын, яғни жұптық жұмыстың құндылықтарын сөзге арқау етуіне болады.

«Жұптық жұмыстың» жауаптары cлайдтарда беріледі. Оларды тапсырмаларды орындап болғасын салыстырамыз.

Қосымша 1

Есептер №1-5

Жауаптары №11-15 слайдтарда

Сабақтың ортасы

5 минут

Жекелеме жұмыс

Әр оқушыға «Қосымша 2» үлестірмесі таратылады. Ондағы 4 есептің таңдаған екеуін орындап, соңынан шеңбердің суретін салып көрсетуі керек.

Бұл тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың дұрыс жазуына назар аудару керек.

Жекелеме жұмысты мына критерийлер бойынша бағалаймыз.

  • Теңдеуден шеңбер центрінің координаталарын (х; у) дұрыс табады;
  • Радиусты дұрыс есептейді;
  • Теңдеу бойынша сызба дұрыс салынған.

«Жекелеме жұмыстың» жауабы № 16 слайдта

Сызбаларының дұрыстығын бірден тақтаға «Desmos» немесе «Geo-Gebra» арқылы көрсетіңіз.

Қосымша 2

Жауабы №16 слайдта

Графиктерін тексеруге бағдарламалар (онлайн):

https://www.desmos.com/calculator

https://www.geogebra.org/graphing?lang=en

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Нені білдім, нені үйрендім?
  • Нені толық түсінбедім?
  • Немен жұмысты жалғастыру қажет?
  • Бұған дейінгі білімімде түсінбеген тұстар бар ма, ол осы тақырыпты түсінуге қалай әсер етті?

Сонымен, бүгінгі сабақта «шеңбердің теңдеуі»тақырыбын өттік. Оның цнтрінің коорддинаталарын, радиусын табуды білдік және оны есептер шығаруда қолдануға машықтандық. Келесі сабақ осы тақырыпен біте қайнасқан тақырып, сондықтан осы өтілген материалды мұқият оқып, «Қосымша 2» таратпасының төменгі жағындағы «Үй тапсырмасын» орындап келіңіздер.

Үй тапсырмасы (Қосымша 2: соңғы есеп)

№ 17 слайд

Қосымша 2

№ 18 слайд

Жауабы №19 слайд

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушылар жұптарын және жеке жұмыста өздерін өздері бағалайды. Әрине, мұғалім есептердің жауабын слайдтан ашып қояды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу