Шеңбердің теңдеуі. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 5 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4В бөлім: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі

Мектеп: Семей қаласы, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Чултуков Нартай Советханович

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шеңбердің теңдеуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.19

түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу: ;

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • түзудің жалпы теңдеуі және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін білу және оны есептер шығаруда қолдана алу.

Бағалау критерийлері

Оқушылар

біледі:

  • көлбеу арқылы түзудің теңдеуін жаза алу керек;
  • екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жаза алу керек;
  • түзу теңдеуі берілсе, оның координата остьерін қандай нүктелерді қиып өтетінін көрсете алу керек.

қолдана алады:

  • есептер шығару кезінде.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • түзудің теңдеуін құру қадамдарын сипаттайды;
  • түзудің координата жазықтығында орналасуы бұрыштық коэффициентке тәуелділігі туралы талқылайды.

Пәндік лексика мен терминология

  • түзудің теңдеуі;
  • түзудің бұрыштық коэффициенті.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • ... нүктелері арқылы өтетін түзудің теңдеуін құрамыз;
  • нүкте түзуде жатыр, яғни оның координаталары ... теңдеуін қанағаттандырады.

Құндылықтарды дарыту

Жұптық жұмыс арқылы өзгені құрметтеуге баулу. Топтық жұмыс ұйымшылдыққа, топта жұмыс жасай алушылыққа тәрбиелейді.

Пәнаралық байланыстар

Алгебра пәні. Арифметика. Сызу сабағы.

Бастапқы білім

  • - жазықтықтағы тікбұрышты (декарттық) координаталар жүйесі;
  • - кесінді ұштарының координаталары бойынша оның ортасының координаталарын табу;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақты белсендендіру.

Үй тапсырмасын тексеруден бастаймыз. Өткен сабақта үйге берілген тапсырманы слайд бойынша жылдам тексеріп өтеміз.

Үй жұмысы

Центрі С болатын шеңбердің теңдеуі берілген:

  • Центр мен радиусты табыңыз. [2]
  • Шеңбер Ох осімен А және В нүктелерінде қиылысыады. Сол нүктелердің координаталарын табыңыз. [2]

с) АВС үшбұрышының ауданын табыңыз.[2]

№ 1-2 слайдтар

Сабақтың ортасы

10 минут

Ұжымдық жұмыс.

Жаңа сабақ

Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттарымен таныстырыыңыз. Содан кейін «Жадыдағы жаңғырту»айдарымен аталатын қайталау жұмысын жасаңыз, түсіндіре отырып. Бұл жаңа сабақты игруге негіз болады.

Әр айтылған ережеге дәл мысалдар келтіре отырып түсіндірген абзал. Оқушылардың сабақты мұқият тыңдауына назар аударыңыз, сөйтіп дәрісті практикалық жұмыспен жалғастырыңыз. Оқушыларға негізгі формулалар жазылған таратпаны үлестіріп беріңіз. «Қосымша 1»

№ 3 – 8 слайд (Қайталау)

№ 9 –14 слайд (жаңа сабақ дәріс)

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

20 минут

Жұптық жұмыс. Тақырып бойынша есептер

Олай болса, қазір, осы білімді тереңдету және ұғына түсу үшін жұппен жұмыс жасаймыз. Әр жұпқа «Қосымша 2» таратпасын үлестіру. Таратпада берілген №1-8 есептерді оқушылар өз жұптарымен орындайды, талқылайды. Мұғалім жұмыстың орындалуын қадағалап, әр оқушының өз жұбымен серіктесе жұмыс жасауына қолдау жасайды. Біріге отырып жасаған жұмыстың өнімді әрі жылдамырақ болатынын, яғни жұптық жұмыстың құндылықтарын сөзге арқау етуіне болады.

«Жұптық жұмыстың» жауаптары cлайдтарда беріледі. Оларды тапсырмаларды орындап болғасын салыстырамыз.

Қосымша 2

Есептер №1-8

Жауаптары №15-22 слайдтарда

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Нені білдім, нені үйрендім?
  • Нені толық түсінбедім?
  • Немен жұмысты жалғастыру қажет?
  • Бұған дейінгі білімімде түсінбеген тұстар бар ма, ол осы тақырыпты түсінуге қалай әсер етті?

Сонымен, бүгінгі сабақта «Түзудің теңдеуі»тақырыбын өттік. Сонымен қатар, екі нүктенің координатасы белгілі болған жағдайдағы, түзуге тиісті нүкте мен көлбеулік бұрыш белгілі болғандағы жағдайларын әр қырынан қарастырдық. Есеп шығаруға машықтандық. Келесі сабақта «Жазықтықтағы координаталар әдісі» тарауындағы барлық өткен тақырыптарға формативті бағалау жұмысын алатын боламыз. Сондықтан өткен материалдарды қайталап келу үй тапсырмасы болып саналады.

№ 23-24 слайд

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушылар жұптарын және жеке жұмыста өздерін өздері бағалайды. Әрине, мұғалім есептердің жауабын слайдтан ашып қояды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу