Планиметрияның негізгі фигуралары. Планиметрияның аксиомалары. Геометрия, 7 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы

Планиметрияның негізгі фигуралары.

Планиметрияның аксиомалары

Оқу мақсаттары

7.3.1.1 негізгі геометриялық фигураларды біледі;

7.3.1.3 кесінді, сәуле, бұрыш анықтамаларын біледі;

7.3.1.2 планиметрияның аксиомаларын біледі;

7.3.2.1 түзу бойындағы нүктелерді ретімен орналастыра алады;

Геометрияның қолданысы

(гр. geometrіa, geоЖер және metrioөлшеймін)

Өмірге байланысы бар есептер;

Қоршаған ортаны тану;

Логикалық ойлау қабілетін дамыту

Көптеген маңызды мамандықтардың негізі

( Архитектор, құрылыс инженері, скульптор т.б.)

Геометрия ғылымы ғасырлар бойы жаңа теоремалар мен формулалар ашылуы арқылы дамып, толықтырылып отырған. Ғылымның дамуында ерекше рөл атқарған ғалымдар:

Планиметрияда - бір жазықтық бойында жататын, көлемсіз геометриялық фигуралар зерттеледі.

Оларға: нүкте, кесінді, сәуле, үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер және т,б фигуралар жатады.

Стереометрияда белгілі бір көлемі бар геометриялық фигуралар зерттеледі.

Оларға: пирамида, конус, шар, цилиндр және т. б. фигуралар жатады.

Аксиома (көне грекше: ἀξίωμα — лайықты қабылданған қағида) — нанымдылығы ақиқат (шындық) болғандықтан логикалық дәлелдеусіз алынатын қағида; теорияның ақиқат (шындық) ең бастапқы қағидасы

Теоремадәлелдеуді қажет ететін тұжырымдама

Анықтама -жаңа ұғымдардың мағынасын бұрыннан белгілі ұғымдар арқылы түсіндіретін сөйлемді анықтама деп атаймыз.

Төртбұрышты анықтау үшін нүкте, кесінді секілді бұрыннан белгілі ұғымдарды пайдаланамыз. Себебі төртбұрыш нүкте мен кесінділерден құралады.

Геометрияның негізгі ұғымдары

1 аксиома

а) Қандай түзу болмасын, ол түзуде жататын нүктелер де, жатпайтын нүктелер де болады.

ә) Кез келген екі нүкте арқылы тек бір түзу ғана жүргізуге болады.

2 аксиома

Түзу бойындағы үш нүктенің тек біреуі ғана қалған екеуінің арасында жатады.

Түзу жазықтықты екі жарты жазықтыққа бөледі.

3 аксиома

а) Әрбір кесіндінің нөлден үлкен ұзындығы бар.

ә) Кесіндінің ұзындығы оның әрбір нүктесі мен бөліктерінің қосындысына тең.

4 аксиома

а) Әрбір бұрыштың нөлден үлкен градустық өлшемі болады.

ә) Бұрыштың градустық өлшемі осы бұрыштың қабырғаларының арасы арқылы өтетін кез келген сәулемен бөлінетін бөліктерінің қосындысына тең.

1. Планиметриядағы негізгі фигуралар:

Нүкте - координатасымен анықталады және оның ұзындығы болмайды, яғни 0-ге тең.

Түзу - екі жағынан да шектелмеген нүктелер жиыны. Ұзындығышексіз.

Геометрияда келесі белгілеулер қолданылады:

1.Тиісті, тиісті емес

2. Бірігу

3.Қиылысу

Үйге тапсырма. Презентация жасау.

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар

Рефлексия

Мен бүгін білдім....

Мен бүгін сезіндім...

Мен келесі сабақта білгім келеді..............



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу