Сәулеттік ғимараттар мен нысандардың (имитация немесе өз идеялары) нобайы, сызбасы. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары, 3 сабақ.


Сабақ жоспары (3 сабақ)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2

Мектеп: ХББ НЗМ, Петропавл қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Садвакасова Н.С.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Сәулеттік ғимараттар мен нысандардың (имитация немесе өз идеялары) нобайы, сызбасы

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.5.2 әртүрлі графика тәсілдерін қолдану арқылы (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданып) өз бетінше графикалық 

және технологиялық құжатты құру 

 Сабақ мақсаттары

  • Жобаның спецификациясы мен жоспарын құру, сәулеттік ғимараттың эскизін орындау.

 Бағалау критерийлері

  • Жобаның спецификациясын технологиялық құжат ретінде құрастырды;
  • Сәулет ғимаратының эскизін графикалық түрде жасайды.

 Тілдік мақсаттар

 

- салалық терминологияны қолдану;

- сұрақтарға жазбаша және ауызша жауап беру;

Пәндік лексика және терминология

ландшафттық дизайн, қала архитектурасы

екі өлшемді, үш өлшемді дизайн, компьютерлік жобалау бағдарламасы, жобалау бөлімі, қасбет, құрамбірліктер

экологиялық мәселелер, орнықтылық, жаһандық және мәдени бірегейлік, эстетика, дизайн элементтері

Тұрақты дамудың мақсаты (БҰҰ бойынша)

Климаттың өзгеруіне қарсы күрес, экологиялық мәселелер.

 Құндылықтарды

 дарыту

 

Ынтымақтастық – топта бір келісімге, шешімге келе отырып, шығармашылық жобаның эскизін орындау.

 Кілттік

 дағдылар

Коммуникативті - оқушылар өз жұмыстарының нәтижелерімен бөліседі; сыни тұрғысынан ойлау-креативті, стандартты емес идеялардың ұсынуы.

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақта болашақ қаласының смарт аспектілерімен танысты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • мин

(W) Сұрақтарды талқылау, болжам жасау:

  • 50 жылдан кейін қалалар қандай болады деп ойлайсыңдар? Қалада не өзгеруі мүмкін?
  • Өзгерістерді болашаққа теңеуімізге болады ма?

(W) Болашақ қаласының ғимараттары жайлы бейнематериал көрсету.

Сыныпта талқылау

Бейнематериал көрсету арқылы оқушыларды тақырыпқа шақыру.

РРТ 2

https://www.youtube.com/watch?v=QgcRjPumqwk

0:07 минуттан бастап

Сабақтың ортасы

2 мин

15 мин

10 мин

8 мин

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

(W) Оқушыларды шығармашылық жобаны орындау үшін жұпқа бөлу

(Р) Практикалық жұмыс

Оқушылар техникалық күрделі жеке ғимараттар жобалау үшін ұсыныстарын салады (эскиз), мысалы заманауи стильдегі ғимараттар, оның ішінде футуристикалық стиль, модерн, т.б түрінде көрсете алады.

Эскиз А4 форматында, түсте орындалады.

Оқушыларға футуристикалық стильде орындалған ғимараттардың мысалын көрсетуге болады.

*Саралау үшін:

1. Кейбір оқушылар ұсынған жобаларының эскизін SketchUp графикалық бағдарламада бірнеше көрінісін жасай алады, мысалы, үстінен, алдынан, 360* жан-жақты көрініс;

2. Нысанның макетін жоспарлаған кезде механикалық элементтер қоса алады, мысалы макеттің жарықтануы, лифттің жоғары-төмен жүруі және т.б.

(Р) (F) Жобаның технологиялық спецификациясы

Оқушылар жобаның спецификациясын АКТ платформасында (таңдаулары бойынша ррт., doc.) көрсетеді, онда:

1. Сәулет ғимаратының дизайны, стиль атауы;

2. Қолданылған смарт технологиялардың болуы (өткен сабақта ұсынған идеяларына негізделеді);

3. Жоба кезеңдерінің орындалуы бойынша мерзімі (орта мерзімді жобаға берілетін апталар санына байланысты);

4. Ғимаратта қолданылатын құрылыс материалдарын жоспарлаңыз

(W) (Р) Талқылау, кері байланыс.

Оқушылар өздерінің жобалау ұсыныстарын қалған топқа таныстырады.

Оқушылар серіктерінің пікірлерін ескеріп өз жобалау ұсыныстарын талдап түзетеді және ереже немесе шартқа өзгерістер енгізеді, мысалы материалдар қол жеткізімдігі, уақыт шектерінің өзгеруі.

Презентация

Әр топ жасалған жасаған спецификациясын сынып алдында таныстырады. Таныстырылым уақыты 2 мин

РРТ 1,3

https://castlots.org/razdelit-na-gruppy/

http://www.myhome.ru/journal/knowledge/336 болашақ қаласының футуристикалық ғимараттары

https://www.sketchup.com/ru

Жобаның спецификациясы (құжатты АКТ көмегімен жасау ұсынылады)

скетчбук, жоба спецификациясының шаблоны, түсті фломастерлер

Сабақтың соңы

1 мин

Рефлексия.

  • Қай топтың идеясы ұнады? Несімен?

Бағалау.

Жасалған жұмыстың қорытындысы ретінде бағалау критерийлері бойынша мақсатқа жеткен/жетпегенін атап өту.

РРТ 3

Саралау - оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетті жоғары қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

(смайликтер, тағы басқа)

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1. Кейбір оқушылар ұсынған жобаларының эскизін SketchUp графикалық бағдарламада бірнеше көрінісін жасай алады, мысалы, үстінен, алдынан, 360* жан-жақты көрініс;

2. Нысанның макетін жоспарлаған кезде механикалық элементтер қоса алады, мысалы макеттің жарықтануы, лифттің жоғары-төмен жүруі және т.б.

Сұрақтар қою арқылы және креативті идеяларын ұсыну барысында графикалық сурет пен технологиялық құжаттың орындалуын қадағалау, кері байланыс, өзара бағалау арқылы 

Жұмыс орнын жинап кету. 

Сабақбойыншарефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме? Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу