Пәтер жөндеу жұмыстары. (Қабырғаны тұсқағаз желімдеуге дайындау). Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал 2.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Пәтер жөндеу жұмыстары. (Қабырғаны тұсқағаз желімдеуге дайындау)» тақырыбына арналған сабақ «Үй мәдениеті» бөлімінің алтыншы тақырыбы. Сол себепті осы бөлім тақырыптарын бастамас бұрын оқушылар бөлмені жөндеу жұмыстарына қажетті заманауи материалдар мен құралдарды жан- жақты қарастырады. Сабақты өткізбес бұрын дидактикалық материалдарды оқып, түсініп алу ұсынылады.

Сабақ зерттеу және қолдану дағдысына негізделген. Коллаборативті орта қалыптастыру үшін сабақты шағын «комплименттер бұрқасыны» ойынмен бастау ұсынылады. Бұл әдіcтің мaқcaты-бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaртуға көмектеседі.

Сабақ барысы

Презентация:....

Сабақтың бастапқы бөлімінде оқушыларға сабақтың тақырыбың, мақсатын, бағалау критерийлері мен тілдік мақсаттарды таныстыру ұсынылады.

Келесі кезеңде оқушыларға «қабырғаны түсқағаз желімдеуге дайындау» және «қабырғаны тегістеу» туралы бейнебаяндар көрсету ұсынылады. Көріп болғаннан кейін оқушыларға тақырыпқа сай талдау сұрақтарын қойыңыз. Қажет болған жағдайда оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізіңіз.

Келесі кезекте оқушылармен бірге пәтер жөндеу жұмыстарына байланысты материалдар мен құралдармен жұмыс орындауға кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін құрастыру ұсынылады. Бұл оқушылардың алдыңғы білімдеріне сүйеніп дайындалуы мүмкін.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушыларды тәжірбиелік жұмыс орындау мақсатында заманауи материалдар атауы берілген кәртішкелер көмегімен топқа бөліп алыңыз.

Тәжірибелік жұмыс көрсету үшін әр топқа қабырға бөлігін дайындаңыз. Мамандандырылған шебер қоспа сылақты жасауға және қабырғаны қалай дұрыс тегістеуге нұсқау беріңіз.

Мұғалім, оқушылардың жұмыс кезінде техника қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауын қадағалаңыз.

Алдағы таныстырылым үшін оқушылардың әр жұмыс кезеңдерін суретке түсіруін ұсыныңыз.

Тапсырма. Топтық жұмыс.

Тәжірбиелік жұмыс орындау барысында әрбір топ өткен сабақта алған білімдерін (пәтердегі жөндеу жұмыстарының алгоритм немесе жоспарларын) пайдаланып, арнайы берілген қабырға бөлігін тұсқағаз желімдеуге (құралдар, тегістеуге арналған құрылыс қоспа сылақтары көмегімен) даярлайды.

Жұмыстарды орындап болғаннан кейін, әр бір топ өз жұмыстарын таныстыруды және әрбір топ екінші топқа ұсыныстар мен тілектерін білдіруді ұсыныңыз.

Ескерту: Егерде арнайы ақпарат құралдары болмаған жағдайда жұмысты топта орындау барысында ұялы телефондарынан ғаламтор ресурстарды пайдалануды ұсыныңыз.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі қолданылады.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Сылақ жұмыстарын орындаудағы қауіпсіздік техникалық ережелері:

  • Арнаулы киімдер ыңғайлы және заттық белгілері болмауы керек. Олар: комбинезон, шалбар мен күртеше немесе жұмыс халаты болуы мүмкін.
  • Сақтандыру көзілдірігі сылақ бөліктерінің және шаң тозаңдардың көзге түсіп кетуінен сақтайды;
  • Натрий алюминаты қосылған ерітінділермен жұмыс жасаған кезіңде міндетті түрде көзілдірік, резеңке етік, қолғап және алжапқыш кию керек;
  • Цемент немесе әктас сияқты заттармен жұмыс жасағанда теріге тигізбеген дұрыс. Егерде тиіп кеткен жағдайда сабын сумен жуып тастаған жөн. Жұмысты резеңке қолғаппен жасаған дұрыс;
  • Әктас немесе улы маериалдармен жұмыс жасаған кейін қол терісіне вазелин майын жағыңыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу