алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Пәтер жөндеу жұмыстары. (Қабырғаны тұсқағаз желімдеуге дайындау). Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал.


ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАЖЕТТІ МАТЕРИАЛДАР МЕН ҚҰРАЛ- ЖАБДЫҚТАР.

ТЕГІСТЕУІШ СЫЛАҚ ТҮРІ

Қодану аясы

Құрғақ үйжайлардың ішіндегі сыланған және бетонды қабырғалар мен төбелерді тегістеуге, түзу емес беттерді толтыруға және бетондағы газобетондағы, тастағы ақауларды жөндеуге арналған. Құрғақ үйжайлардың ішінде қолдану үшін. 

Негізді дайындау

Негіз құрғақ, қатты және шаннан, әктен, майлардан, ескі үгілмелі сылақтан, ескі түсқағаз бен бояудың қалдықтарынан тазартылған болуы керек. Адгезияны жақсарту үшін және су сіңіргіштігін азайту мақсатында бет “АlinEX Primer” терең сіңетін грунтовкасымен өңделуі керек. 

Ерітіндіні дайындау 

Құрғақ қоспаны алдынала дайындалған сиымдылықтың ішіндегі бөлме температурасындағы таза судың ішіне төгіп, түйіршіктер мен ұйытындыларсыз біркелкі масса пайда болғанға дейін электр бұрғымен әбден араластыру керек. 2-3 минуттан кейін қоспа қолдану үшін дайын. Араластыру кезіндегі ара-қатынас: салмағы 5 кг құрғақ қоспаның бір қабына 1,9-2,1 л су қажет. Ерітіндіні қолдану алдында тағы бір рет электр бұрғымен әбден араластыру қажет. Дайындалған ерітінді 1 сағат ішінде қолданылуы керек. 

Қолдану тәсілі 

Тегістегіш екі қалақшамен жағылады. Тегістеу үшін жұмыс бетінің ұзындығы шамамен 30 немесе 70 сантиметрді құрайтын енді қалақша қолданылады. Тегістегішті аспапқа жағу үшін ұзындығы 7 немесе 10 сантиметр шағын қалақшалар қолданылады. Жағындылар бір-біріне перпендикулярлы бағыттарда жағылады. Артылған тегістегіш аспаптан алынады, содан кейін қайтып қолданылады. Ұсынылатын минималды жағу қалындығы – 0,5 мм, максималды қалындығы – 50 мм.

Бірнеше қабатпен тегістеу кезінде әр бір келесі қабатты жағу алдында алдындағы қабат толық кепкеніне көз жеткізу керек. Кепкен бет №0 абразивті материалмен қырнатылады. Кебу уақыты +20º С температурасы кезінде 24 сағатты құрайды. 

Соңғы өңдеу 

Кепкен және абразивті материалмен өңделген беттің үстіне бояу жағуға немесе жеңіл түсқағаздар жабыстыруға болады. 

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ- ЖАБДЫҚТАР:

Бұрғы. Арнайы қондырмасы бар бұрғы. Тегістеуіш сылақтар құқрғақ түрінде сатылатын болғандықтан, осы бұрғы көмегімен араластыруға және ерітуге қолданады. Сылақ ерітіндісі сапалы болу үшін бұрғыны немесе бұлғауышты қолдануға болады.

Қабырғаға тегіс етіп сылақты жағу үшін арнайы қалақша қолданады. Қалақшаның бірнеше өлшемде жинақтамалары кездеседі. Көп жағдайда қарапайым қабырға бетіне үлкен өлшемді ал, қуыс немесе қиындық туғызатын жерлерге кішкене өлшемдегі қалақшаларды қолданады.

Білекше және қылқаламдар бекіткіш (грунтовка) бояуын жағу үшін қолданады. Валики и кисти для грунтования. Бұл кезеңді қалдырмау керек. Себебі, бекіткіш бояу қабырғаға қорғауыш қабатын түзеп, алдағы уақытта қолданатын материалдарға жабысулық, және беріктік түзеуге көмектеседі.

Пайдалынған ресурстар:

http://gipsohouse.ru/decoration/plaster/6638-instrumenty-dlya-shpaklevki-sten.html#i

http://vopros-remont.ru/steny/podgotovka-sten-pod-poklejku-oboev/


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы