Пәтер жөндеу жұмыстары (түсқағаз желімдеу). Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Пәтер жөндеу жұмыстары (түсқағаз желімдеу)» тақырыбына арналған сабақ «Үй мәдениеті» бөлімінің жетінші тақырыбы. Сол себепті осы бөлім тақырыптарын бастамас бұрын оқушылар бөлмені жөндеу жұмыстарына қажетті заманауи материалдар мен құралдарды жан- жақты қарастырады. Сабақты өткізбес бұрын дидактикалық материалдарды оқып, түсініп алу ұсынылады. Қажет жағдайда сабаққа арнайы мамандарды шақыруға болады. Мамандар тәжірбиелік жұмыстың орындалу барысын қадағалауға және кейбір қателіктерді жоюға көмектеседі.

Сабақ алдыңғы білімдерін қолдану дағдысына негізделген. Коллаборативті орта қалыптастыру үшін сабақты шағын «қызықты сұрақтар» ойынмен бастау ұсынылады. Бұл әдіcтің мaқcaты-бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaртуға көмектеседі. Қажет жағдайда оқушылардың жауаптарын толықтырыңыз.

Сабақ барысы

Презентация:....

Сабақтың бастапқы бөлімінде оқушыларға сабақтың тақырыбың, мақсатын, бағалау критерийлері мен тілдік мақсаттарды таныстыру ұсынылады.

Келесі кезеңде оқушыларға «Жөндеу жұмыстарына сабақ "Тұсқағаз түрлері"» және «Флизелиндік негіздегі тұсқағазды қабырғаға желімдеу» туралы бейнебаяндар көрсету ұсынылады. Көріп болғаннан кейін оқушыларға тақырыпқа сай талдау сұрақтарын қойыңыз. Қажет болған жағдайда оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізіңіз.

Талқылау сұрақтарынан кейін оқушылардың бүгінгі сабақтың тақырыптарын тереңірек түсіндіру мақсатында тақтадан түсқағазды желімдеу жұмыстарының кезеңдері бейнеленген фотосуреттер көрсету ұсынылады. Қажет жағдайда өзіңіз көрсетуге болады.

Тәжірибелік жұмыстарды жасап көрсету үшін (сынып немесе дәліз) қабырға бөлігін дайындау ұсынылады. Тұсқағаздың желімдеу технологиясын маман бақылауы керек.

Құралдар мен материалдарды қолданғанда оқушыларға техника қауіпсіздігін ескертіңіз.

Оқушылардың жұмыс барысын суретке немесе бейнематериалға түсіріп келесі сабаққа таныстырылым дайындауын қадағалаңыз.

Келесі кезекте оқушылармен бірге түсқағаз желімдеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін естеріне түсіру ұсынылады. Оқушылар тәжірбиелік жұмыстарын алдыңғы сабақтарда бөлінген топ бойынша жұмыстарын орындауға болады.

Тапсырма. Топтық жұмыс.

Әр топ қабырғаға тұсқағаз желімдеу жұмыстарын орындайды. Тәжірбиелік жұмыс бірнеше кезеңнен тұрады:

  • Желім дайындайды.
  • Қабырғаны тігінен өлшейді.
  • Тұсқағаз жолағын ұзыннан өлшеп кесу.
  • Тұсқағаз жолағын қабырғаға желімдеу.
  • Түсқағаздың бір - біріне қосылған жиектемелерін келтіріп желімдеу.

Ескерту: Егерде арнайы ақпарат құралдары болмаған жағдайда жұмысты топта орындау барысында ұялы телефондарынан ғаламтор ресурстарды пайдалануды ұсыныңыз.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі қолданылады.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 

Жұмысты орындау қауіпсіз және нәтижелі болу үшін жұмыс орнын дайындау керек. Ол үшін мына іс- әрекеттерді орындау ұсынылады:

  • Терезелерді жауып, өтпе желден сақтау;
  • Бөлмедегі барлық тоқ көздерін ажырату керек. Желімдеу кезіңде тоқ соғуы мүмкін;
  • Жылу жүйесін уақытша ажырату керек. Шугун батерейкаларының айналасын түсқағазбен жабыстыру кезіңде күйіп қалмау үшін. Бөлмедегі қалыпты температура 18 градус болса жеткілікті.
  • Құралдардың жұмысқа жарамдығын тексеру керек. Түсқағаздарды желімдеуге қарапайым құрал- жабдықтар қажет етіледі. Бірақ барлығыда жұмысқа жарамды болу керек. Кеңсе пышағы және қайшылар өткір болу керек.
  • Арнаулы киім элементтерін дайындаңыз. Алдың ала желімнен қорғайтын резеңке қолғап пен бас киім дайындаңыз.
  • Желім құрамын және түсқағаз желімін дайындауда арнаулы нұсқаулықтағы ережелерді қатаң сақтау керек.

Түсқағазды көмекшімен бірге желімдеген дұрыс. Біріншіден ыңғайлы. Екіншіден, жұмыс сатымен орындалатын болғандықтан екі қолыңызда бос емес болмайды және үнемі жоғары көтеріп тұру керек. Мұндай жағдайда тепе- теңдік сақтау қиындық туғызады. Көмекші әрқашанда сақтандырып, көмектесіп отырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу