Пәтер жөндеу жұмыстары (түсқағаз желімдеу). Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 В - Бөлім Үй мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Пәтер жөндеу жұмыстары (түсқағаз желімдеу).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.6.1

Техника қауіпсіздігін қадағалап, материалдар мен құралдарды қолдану

8.2.5.4

Тұрмыста жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында заманауи мате-риалдар мен құрал-саймандарды зерде-леу, таңдау және қолдану

 Сабақ мақсаттары

  • Алдыңғы білімдерін қолданып, қабырға бетіне түрлі тәсілдер арқылы түсқағаз желімдеу;
  • Материалдар мен құралдарды қолдануда техника қауіпсіздігін қатаң сақтау.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Арнайы дайындалған қабырға бетіне түрлі тәсілдер арқылы түсқағаз желімдейді;
  • Жөндеу жұмыстарына қажетті құрал- жабдықтар мен материалдарды қолдануда техника қауіпсіздігін қатаң сақтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Пәтерді жөндеуге және түсқағаздар желімдеудің әдіс тәсілдерін сипаттайды, талдайды;
  • Жөндеу жұмыстарына қажетті құралдар мен материалдар көмегімен жөндеу жұмыстарын тиімді жүргізу тәсілдерін талдап сипаттайды;

Пәндік лексика және терминология:

  • Левкас - желіммен араластырған алебастр немесе бор- Levkas;
  • Штукатурка- сылақ- Plaster;
  • Декоративная штукатурка- сәндік сылақ- Decorative plaster;
  • Гибкий камень- иілгіш тас- Flexible stone;
  • «Жидкая» плитка- «Сұйық» плита- "Liquid" tile;
  • Тепловые обои- Жылы түсті түсқағаздар- Thermal wallpaper;
  • Древесный светопропускающий композит- жарық өткізгіш ағаш композит- Wood light transmitting composite;
  • Жидкие обои- Сұйық түсқағаз- Liquid wallpaper.

Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:

  • Мен құрылыс материалды таңдаған себебім........................
  • Мен тұсқағазды....................... ...................... желімдедім.
  • Мен келесі құралдар мен ........................... Берілген тұрмыс техникасының ерекшелігі................................болып табылады

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, химия, технология пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

 Зерттеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Коллаборативті орта қалыптастыру.

«Қызықты сұрақтар» әдіcі aрқылы ынтымaқтacтық aтмоcфeрacын құру. Бұл әдіcтің мaқcaты-бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaрып, алдыңғы білімдерін естеріне түсіруге көмектеседі.

Өткенге қысқаша шолу:

  • Тұсқағаз желімдеу алдында қабырғаны не үшін тегістейді?
  • Қабырғаны қалай тегістеуге болады?
  • Қабырғаны тегістеу үшін сылақты қалай дайындайсыз?
  • Қабырғаны тегістеу кезінде техника қауіпсіздігі ережесін сақтау қажет па? Болса қандай?

Қажет жағдайда оқушылардың жауаптарын толықтырамын.

Келесі кезекте бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Сабақтың ортасы

10 минут

20 минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырып болғаннан кейін, оқушылармен бірге түсқағаз түрлері мен оны желімдеу туралы бейнебаян көрсетемін.

Бейнебаян көріп болғаннан кейін сыныппен бірге талқылаймын.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Тұсқағаздың қандай түрлері болады?
  • Тұсқағаз желімдеу үшін қандай құралдар

пайдаланады?

  • Жаңа түсқағаз желімдеу үшін алдымен қабырғаның қай бөлігінен бастаған жөн?
  • Желімді қалай қолдану керек?
  • Желімді қандай құралдың көмегімен жағамыз?
  • Желімді тек түсқағазға ғана жағу жеткіліктіме?
  • Қажетті ұзындықтағы түсқағазды қалай өлшеуге болады?
  • Түсқағаздардың бір- бірінің жиектерін қалай қосамыз?
  • Қабырға мен түсқағаздың арасында қалып қойған ауаларын шығару үшін нестеуге болады?
  • Түсқағазжелімдеу барысында қандау техника қауіпсіздігін сақтау керек?

Қажет болған жағдайда оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгіземін.

Талқылау жұмыстарынан кейін, оқушылармен бірге түсқағазды жабыстырудың кезеңдері бейнеленген фотосуреттерді көрсетемін. Мысалы:

Келесі кезеңде оқушыларды тәжірбиелік жұмыс орындау мақсатында өткен сабақта бөлінген топ бойынша жұмыс орындаулырын ұсынамын.

Тапсырма. Топтық жұмыс:

Әр топ қабырғаға тұсқағаз желімдеу жұмыстарын орындайды.

  • Желім дайындайды.
  • Қабырғаны тігінен өлшейді.
  • Тұсқағаз жолағын ұзыннан өлшеп кесу.
  • Тұсқағаз жолағын қабырғаға желімдеу.

Тапсырманы бағалау критерийлері:

  • Түсқағазды желімдеу жұмыстарының алғашқы кезеңдерін біледі;
  • Сенімділікпен жұмыстың тәсілін тиімді таңдап, материалдарды қолданады;
  • Уақытты тиімді пайдаланады.

https://www.youtube.com/watch?v=9qfUlf6Eha4

Жөндеу жұмыстарына сабақ. "Тұсқағаз түрлері"

Флизелиндік негіздегі тұсқағазды қабырғаға желімдеу. https://www.youtube.com/watch?v=nwqzCBD9SA0

https://legkovmeste.ru/stroitelstvo-i-remont/steni/kleim-oboi.html

Түсқағазды желімдеу туралы нұсқаулық

Ресурстар:

Түсқағазға арналған желім, түрлі өлшемдегі түсқағаздар, білек (валик), щетка, түрлі өлшемдегі қалақша және т.б.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

2 stars and a wish «2 жұлдыз және бір тілек»

Екі жұлдыз - ұнайтын екі нәрсе (жұмыс бойынша);

  • Тілек – жұмысты жақсартуды қажет ететін ұсыныстар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

 Топтық жұмыс қарастырылған.

 Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу