алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Өлшеп белгілеу жұмыстары. Материалдарды алғашқы өңдеуден өткізу. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Қазақ халқының тұрмыстық заттарының орындалу техникасы мен материалдарын зерделеу» тақырыбына арналған сабақ «Дизайн және технология» бөлімінің төртінші тақырыбы. Сабақ қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарының бірі дөңгелек үстелінің орындалу технологиясы мен қолданылған материалдар туралы зерттеу жұмыстарын орындайтын болады. Сабақты өткізбес бұрын қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарының орындалу технологиялары туралы дидактикалық материалдар мен қосымша мәліметтер туралы оқып алу ұсынылады.

Сабақ зерттеу, қолдану дағдысына негізделген.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Кез- келген ойын түрінде оқушылардың назарын сабаққа көңілдерін аударуға болады. Мысалы: 1 дегенде оң қолды алдыға созып, сол қолды құлақтың тұсына қойып, 2 дегенде екі қолды шапалақтап, 3 дегенде сол қолды алдыға созып, оң қолды құлақтың тұсына қойып санау жүргіземіз. Осылайша 5 қайтара санау жүргізуге болады.

Өткенге сабаққа қысқаша шолу.

Қысқамерзімді жоспарда көрсетілген сұрақтарды талдау арқылы жаңа сабақтың мақсатын байланыстыру ұсынылады.

Сабақ барысы

Презентация:....

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылармен бірге электр және қол құралдарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіз техникасы туралы нұсқама жүргізу ұсынылады. және жоба жұмысын дайындауға таңдаған материалдары мен құралдары әңгімелесіңіз. Бүгінгі сабақта оқушылар тәжірбиелік жұмыстың алғашқы кезеңдерін орындайтын болады.

Тәжірбиелік жұмыс. Топтық жұмыс.

Бұл тапсырмада оқушылар өткен сабақта топқа бөлінген сыныптастарымен бірге тәжірбиелік жұмыс орындайтын болады. Тапсырманы материалдарды өңдеу кезеңдеріне сүйеніп орындайтын болады. Қазақтың ұлттық дөңгелек үстелінің бетін, аяқтарын ағаштан электрлі немесе қол ара көмегімен кесіп алып, арнайы егеуқұм қағазы (наждачная бумага) көмегімен өңдеуді оқушыларға ұсыныңыз.

Музыка ырғағымен тәжірбиелік жұмыс орындау ұсынылады.

Оқушылар өз нәтижелерін таныстырады. Әр топтың таныстырылымына 2 мин уақыт беру ұсынылады.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі қолданылады.

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы