алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Өлшеп белгілеу жұмыстары. Материалдарды алғашқы өңдеуден өткізу. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2А Бөлім – Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өлшеп белгілеу жұмыстары. Материалдарды алғашқы өңдеуден өткізу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.6.1

Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

8.2.2.1

Заманауи технологиялық машиналарда конструкциялық материалдарды өңдеу бойынша күрделі операцияларды орындау.

8.2.3.2

Өз бетінше дайындаған технологиялық құжатпен күрделі бұйым (кешенді, фасонды) жасау

 Сабақ мақсаттары

  • Электр және қол құралдары көмегімен материалдарды өңдеу және технологиялық құжаттар көмегімен күрделі бұйым орындау.
  • Тәжірбиелік жұмыс орындау барысында техника қауіпсіздігін қатаң сақтау.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Электр және қол құралдарын қолдануда қауіпсіздік техникасын қатаң сақтайды;
  • Өзінің орындаған техникалық құжаттарына сүйене отырып күрделі бұйымды жасайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Электр және қол құралдарына мысал келтіреді;
  • Электр және қол құралдарының міндетіне қарай ерекшеліктерін түсіндіреді;
  • Тұрмыстық заттарды дайындауға арналған түрлі материалдарды анықтайды және атайды.

Пәндік лексика және терминология:

Салт- дәстүр, әдет- ғұрып, ұлттық тұрмыстық заттар, технолгиялық құжаттар.

  • Электр және қол құралдарын таңдаған себебім...
  • Мен бұл материалдарды қолданған себебім ...
  • Техногиялық карта ........үшін керек.

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, технология, математика пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

 Зерртеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау.

Коллаборативті орта қалыптастыру.

Өткен сабаққа қысқаша шолу:

  • Графикалық құжаттарға қандай құжаттар жатады?
  • Нобай, сызба, техникалық сурет дегеніміз не?
  • Техникалық құжат не үшін қажет?
  • Қазақтың ұлттық дөңгелек үстелінің дайындалу технологиясы қандай?
  • Үстел дайындауға қандай материалдар қолданады?

Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы және мақсаттарымен танысу/ ОМ

Бүгінгі сабақта біз қазақ халқының тарихи және мәдени тұрмыстық хаттарымен танысатын боламыз.

Сабақтың ортасы

3 мин.

15 мин.

10 мин.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Тәжірбиелік жұмыс жасар алдыңда электр және қол құралдарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіз техникасы туралы оқушылармен бірге нұсқама жүргіземін.

Тәжірбиелік жұмыс. Топтық жұмыс.

Оқушылар өткен сабақта топқа бөлінген сыныптастарымен бірге тәжірбиелік жұмыс орындайтын болады.

Материалдарды өңдеу кезеңдері;

  • Өлшеп белгілеу жұмыстарын қандай құралдармен және қалай орындауға болатының анықтаңыз;
  • Үстелдің сыртқы бетіне өлшеп белгілеу жұмыстарын жүргізу;
  • Үстел үсті тақтайын аралау және оны алғашқы өңдеу жұмыстарын жүргізу;
  • Үстел аяғын өлшеп белгілеу;
  • Оны кесіп алып, алғашқы өңдеу жұмыстарын орындау.

Әр топ өздерінің дайын болған үстел үсті тақтайын және аяқтарын талқылайды. Талқылауға 5 минут уақыт берледі.

Дискрипторлар:

  • Қауіпсіздік техникаларын сақтайды;
  • Электр және қол құралдарының қолдану мақсаттарын біледі;
  • Өлшеп белгілеу құралдарымен жұмыс жасайды;
  • Өз жоба жұмыстарына қажетті материалдарды таңдайды;
  • Материалдарды өңдеуде тиімді технологияларды қолданады;

https://www.youtube.com/watch?v=tUEkZ4e9QMM

ағаштан пен фанерден жасалған жиһаздардың айырмашылығы.

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі арқылы.

Бағдаршамды » түсінгенін анықтау үшін қолданыңыз.Мысалы:

  • Қызыл түс– түсінген жоқпын;
  • Сары түс– тағы да практика қажет/ сұрақтар бар;
  • Жасыл түс– барлығы түсінікті.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

 Топтық жұмыс қарастырылған.

 Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы