Киім жиынтығын дайындау. Бөлшектерді пішу. Жекелеген бөлшектерді өңдеу. Бөлшектерді құрастыру және бұйымды өңдеу. Бұйымды безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 7 сынып, дидактикалық материал.


Ылғалды-жылумен өңдеу.

Киімді дайындау барысында ең маңыздысы – киім бөлшектері мен киімді ылғалды-жылулық өңдеу процесі. Тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық өңдеу – дегеніміз бұйымның бір бөлігін немесе тұтас бұйымды ылғал, жылу, қысым арқылы арнайы құралдың көмегімен өңдеу. Ылғалды-жылулық өңдеу жұмысы бұйымның тігілу сапасына көп әсерін тигізеді. Үтіктеу арқылы бұйымның формасын келтіру, әр түрлі тігістерді өңдеу, бұйымның соңғы өңделуі және жапсыру жұмыстары жүргізіледі. Ылғалды-жылулық өңдеу жұмысы тігін бұйымдарын өңдеудің жалпы уақытының бестен бір бөлігіне тең.

Үтіктеу барысында жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, келесі операцияларды іске асыру қажет: 1. Әрбір тігісті орындағаннан кейін, үтікпен бастырып отырса, жұмыстың кәсіби орындалуына қол жеткізуге болады. 2. Үтіктің қызуы мен матаның жоғары температураға әсерін бақылау. 3. Үтіктеу алдында, бормен немесе құрғақ сабынмен белгіленген белгілеулерді өшіріп алу керек. 4. Мата жібінің бағытымен үтіктеу, матаны созып үтіктеуге болмайды. 5. Үтікті мата бетінде ұзақ басып тұруға болмайды.

Ылғалды-жылулық жұмыс ережесі: Қиықтарды жеңіл үтіктеп, соңғы үтіктеуді көктеу тігістерін алып тастағаннан кейін орындайды. Қатпарларды алдымен оң жағынан жалпы үтіктеп алып, кейін жекке-жеке үтікпен бастырады. Бұл асықпай өте баяу орындалатын процесс. тігістерді алдымен ішінен бастырып үтіктеп алады. Мақта және зығыр матасынан тігілген киімдерді аздаған ылғалдылықпен оң және теріс жағынан да үтіктей береді. Жібек матасынан тігілген киімдерді 140 градуста ішкі жағынан үтіктейді. Ешқандай су немесе бу қолданбайды, себебі су тамшыларының ізі жібек матасынынң бетінде қалып қояды. Жүн маталарын бет жағынан дәке арқылы 180-220 градуста үтіктейді. Штапельді және вискозды маталарды 150 градус температурада үтіктейді. Сәтен матасынан тігілген бұйымдарды ылғалсыз 140 градуста киімнің ішкі жағынан үтіктейді.

Тоқыма ақаулары

Баспа, жиі кездесетін ақаулар

жіп бұзылуға және тігін станоктарының тетіктері бұзылушылықтары пайда болғанда

баспа машина білігі зақымдалған,

бояғыш ластану, басып шығару үшін матаны дұрыс дайындамаған жағдайда

Мата ақаулары

Жіп жуандауы-матаның өзге де иiрiмжiптер қарағанда бөліктерінің қалпын бұзуы немесе арқаулық тығыз болуы

Мата тұтастығын бұзу - бөліктерінің қалпын бұзуы немесе арқаулық жойылған.

Баспа суреті дұрыс басылмауы - сызу жоқ немесе түсі көрінбейтін суретпен басылуы

Аттап кету- үлгісі жолақ сурет басылмай қалуы

Сызу сәйкессіздік - басып шығару кезінде матаның біртекті емес шиеленіс жүреді шетіне қатысты арқаулық қиғаштық ақаулығы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу