Бұйымның нобайын дайындау. Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары. Көркем өнер.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәндік-қолданбалы өнер

Күні:

Сынып: 6 сынып( қыздар)

Сабақ 1. 45минут

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы

Бұйымның нобайын дайындау. Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.5.2 Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау

6.1.4.2 Материалдық шығынды анықтау(сандық көрсеткіштер)

 Сабақ мақсаттары

  • Шығармашылық идеялардың көркем көрінісі және жасау технологиясы
  • Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.
  • Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдени элементтерін пайдалану.

 Бағалау

 критерийлері

 

 

 

 

 

 

  • 1.Өз қиялынан бір бұйымның нобайын жасайды;
  • 2.Нобайды салуда симметрия заңдылығын ұстанады;
  • 3.Бұйым нобайын форматта дұрыс орналастырады;(А4 )
  • 4.Салынған бұйымда қандай материалдар қажет екендігін біледі;
  • 5.Тоқыма өнерін кезеңдермен орындауды біледі;
  • 6.Қауіпсіздік ережесін ұстанады;

 Тілдік мақсаттар

 

Сабақтағы лексикамен терминалогия

Сәндік-қолданбалы өнер,тоқыма өнері, бұйым, жасау технологиясы, пішін, нобай, құрамы, ырғақ, сызық, динамика, кесте, инешаншым, тігім, тігістер, өру

Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылығына негізделіп, мен...

Қазақ ұлттық мәдениетінің ерекшелігі.... тұрады.

Мен бір бұйымның композициясын ..... жасау үшін қолдандым.

Берілген бұйымды жасауда шебер келесі... қолданды.

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

- сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар ойын ашық айту арқылы ашықтық құндылығын арттыра түседі:

- ынтымақтастықпен жұмыс жасай отырып, бір-бірлерінің ойын сыйластықпен тыңдай біледі;

- өмір ойы еңбектену арқылы өзіне бай және қажетті қор жинақтайды;

- шығармашылық жұмыс жасай отырып қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік құндылықтары артады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Бұл сабақтағы тақырып, негізінен тарих және қазақ әдебиеті пәнімен тығыз байланысты. Тарих пәні арқылы қыздар тоқыма өнерінің шығу тарихына үңілсе, қазақ әдебиеті арқылы, қазақ халқының сәндік –қолданбалы өнеріндегі тоқыма өнерінің негізгі орынымен маңыздылығын түсінеді;

 АКТ қолдану

  дағдылары

- Сабақ барысында презентация көрсету үшін интерактивті тақта қолданылады. Дайын, жасалыңған жұмыстарды қарау үшін және зерттеу жүргізу үшін оқушылар ноутбук қолданады,оқушылар тоқыма өнерін зерттеу барысында түрлі сайттармен жұмыс жасап, АКТ дағдыларын дамытады.

- Оқушылар өз дағдыларын дамытады, жетілдіреді, көбінесе ғаламтор сайттарымен жұмыс жасап , суретшілердің шығармашылығын зерттеу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады.

Презентациялар және видеобейнелер көрсетіледі.

Бастапқы білім

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 2А Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақ тақырыбы: Тоқыма өнері. Ілмекпен тоқу. Тоқудың түрлі әдіс-тәсілдері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Видеобейне

2минут

Сабақтың басы

5 минут

Сабақ ортасы

Мин 20

Сабақтың

ортасы

Шығармашылық жұмыс

20минут

Дифференциациялық тапсырма

Сабақтың соңы

2мин

Сабақ соңы.Кері байланыс

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту және назарын аудару үшін слайд шоу көрсетіліп, тоқыма түрлері туралы, жайлы таныстырылады.

Слайд-шоу көрсетіліп болған соң, бүгінгі өтілетін тақырыппен оқу мақсатының қандай екендігін біліп алу үшін «Сократ» деген белсенді оқыту әдісін қолданып,сабақтың тақырыбымен мақсатын ашып аламыз.Бұл белсенді оқыту әдісін қолдану үшін, 1-2-3-4 деп санау арқылы, оқушыларды төрт топқа біріктіріп аламыз. Біріктірудегі негізгі мақсат,оқушылардың топпен жұмыс жасаудағы дағдыларын дамыту. Сократ әдісінің тәртібі бойынша, бүгінгі тақырыпты негізге ала отырып, мәліметпен жұмыстарының суреттері баспадан басылып, әрбір сурет белгілі –бір бөліктерге кесіп алынып, кеспе қағаздар оқушылардың назарына ұсынылады.Олар топта берілген материалдарды оқып шығып, мәліметті рет ретімен құрастырады, сағат тілімен бір топ келесі топтың жанына барып, айнала тұрып мәліметпен таныстырады. Бүкіл сынып болып, қол шапалақтау арқылы оқушылар бағаланып, қолдау көрсетіледі.Сосын осы іс-әрекеттер жүрген соң, сабақтың тақырыбымен мақсатына оқушылармен мұғалімдер бірге келеді.

Оқу мақсаттары айтылып болған соң,міндетті түрде қауіпсіздік ережелері айтылады:

  • Құрал –жабдықтармен мұқият жұмыс жасау;
  • Сабақ барысында қолданатын заттарды бір-бірне лақтырмау;
  • Ережеге сай жұмыс жасау;

Жеке жұмыс: Ары қарай шығармашылық жұмыс жасау үшін, оқушылар скетч буктеріне нобай салады. Ол үшін төмендегі бағалау критерийлері беріледі.

1.Өз қиялынан бір бұйымның нобайын жасайды;

2.Нобайды салуда симметрия заңдылығын ұстанады;

3.Бұйым нобайы форматта дұрыс орналастырады;(А4 )

4.Бұйымды жасауда қандай материалдар қолданатынын біледі, көрсетеді;

5.Қауіпсіздік ережесін ұстанады;

Осы критерийлер бойынша оқушылар жұмыс жасайды.Сосын бағалау үдерісі жүреді. Бағалау парағы сабақ жоспарына сай алдын-ала дайындалады. Сабақтың басында әрбір оқушыға беріледі және сабақ барысында өзін-өзі бағалау керектігін ескертеді. Бағалау + белгісімен немесе *белгісімен белгіленеді. Сабақтың аяғында жинаған жалпы бағасы шығарылады. Соған байланысты оқушының тапсырманы қаншалықты орындағандығын білуге болады.

Оқушының аты – жөні____________ сыныбы_______ тобы__

Оқушының

аты-жөні________

Сынып_6____

Бағалау шкаласы*/-

Бағалау критерийлері:

1

Өз қиялынан бір бұйымның нобайын жасайды;

2

Нобайды салуда симметрия заңдылығын ұстанады;

3

Бұйым нобайы форматта дұрыс орналастырады;(А4 )

4

Бұйымды жасауда қандай материалдар қолданатынын біледі, көрсетеді;

5

Қауіпсіздік ережесін ұстанады;

Жалпы баға:

Дифференциациялық тапсырма бұл сабақта паралеллді түрде жүреді. Өйткені,әрбір бала өзінің қиялынан туған бұйымды жасауы керек. Олай болатын болса, оқушының жалпы сыныппен, жас ерекшелігіне қарай берілетін тапсырмаға қарамай, әр оқушынң ізденіс жұмысы әртүрлі болады. Құрылысы күрделі, түстік шешеімі әртүрлі түстерді үйлестіріп жасаса осы тапсырма бойынша баланың деңгейі жоғары болғаны. Ал, егер құрылымы онша күрделі емес бірнеше иірімнен ғана тұратын нобай болса, онда деңгейі төмендеу деген сөз:

Оқушылардың жасаған жұмыстары шамамен төмендегі суреттерге ұқсас болады

.Оқушылар күрделілігі әртүрлі тапсырмалар орындағандықтан, талантты және дарынды балдармен де жұмыс көрініс табады. Жасалынып болған шығармашылық жұмысты оқушылар жұпта бағалайды.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды..

Бағалауға қойылатын талаптар:

  • Жақсы, мықты тұстарын айту;
  • Сын айтқымыз келсе, көмектесу мақсатында ұсыныс,сұрақ ретінде айту;

Кері байланыс «Екі жұлдыз –бір тілек» әдісі арқылы сабақтың ұтымды тұстарымен келесі сабақта жақсартуға болатын тұстарына ұсыныс жаза алады, А4 форматында.

Қорытындылау мақсатында мұғалім жалпы сабаққа кері байланыс береді. Оқушылардың жасаған әр-бір іс-әрекеті жайлы айтып, сол бойынша мадақтау жасайлды немесе үлгерімі нашар, төмен оқушы болатын болса сол оқушы сабақтан тыс уақытқа қосымша сабаққа шақырылып, қамтылмаған оқу мақсаттары қамтылуы тиіс.

Иллюстрациялық материалдары: көркем https://youtu.be/4MawBxU9OiU Кесте өнері

https://youtu.be/QFb8NqjAOgQ

Қазақ сәндік-қолданбалы өнер – Кесте және ою-өрнек (RU)

http://www.trozo.ru/cat/video-uroki/vyshivanie-lentami – баумен кестелеу және т.б. қолөнер шеберлік сағаттары бойынша видео сабақтары.

http://www.trozo.ru/archives/22708 – кестелеу, сәндік және еркін тігістер түрлері.

http://vishivashka.ru/vyshivka_nitkami/vidy_vyshivki.php Кесте түрлері мен олардың орындалу техникасы.

http://atlanticrus.ru/content/osnovy-dekorativnoi-kompozitsii?page=show – Ою-өрнектің құрлымы мен түрлері, композицияның құру үлгілері

http://www.tvorchistvo.ru/vidy-dekorativnyh-kompozitsiy/ -

СҚӨ әлемі

http://www.livemaster.ru/topic/274295-vse-vidy-rukodeliya-vyshivka Қолөнердің түрлері; Кесте

http://vrukodelii.com/vishivka-dlya-nachinayushhih/

https://www.google.com/search?biw=1680&bih=952&tbm=isch&sa=1&ei=4WkSWr7HFMGna6elq

https://www.youtube.com/watch?v=QZptM2nsm9s

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу