Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыты. Көркем еңбек (қыздар), 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 В Бөлімі: Үй мәдениеті.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сабақ түрі

Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыты.

Жаңа сабақты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.5.1

Өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөніс түрлерінің негізгі бағыттарын зерделеу және сипаттау.

5.2.5.2

Өсімдік шаруашылығында көктемгі жұмыстар жүргізу (топырақты өңдеу, зиянкес жәндіктерден қорғау, егу мен отырғызу және т.б.

5.2.6.1

Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау.

 Сабақ мақсаттары

  • Көкініс түрлерін білу;
  • Адам ағзасы үшін пайдалы және пайдасыз тағамдарды ажырата алу;
  • Ақпарат іздеуде АКТ тиімді пайдаланау;
  • Көктемгі өсімдік отырғызу жұмыстарына шолу;
  • Қолданатын құрал-жабдықтармен дұрыс қолдану.

 Бағалау критерийлері

  • Жеміс-жидектердің табиғи немесе жасанды екенің ажырата алады;
  • Керек құрал-саймандармен дұрыс қолдана алады;
  • Қауіпсіз ережелерін сақтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөністер дақылдарының негізгі бағыттарын зерделейді; өсімдік шаруашылығында көктемгі жұмыстар жүргізеді; техника қауіпсіздігін сақтап материалдар мен құралдарды қолданады;
  • өсімдік шаруашылығы мен жеміс, көкөніс дақылдарының негізгі бағыттарын сипаттайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • өсімдік шаруашылығы, жеміс, көкөніс дақылдары;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Өсіру үшін … қажет.
  • Жеміс, көкөніс дақылдарына ... жатады
  • Өсімдіктердің түрлері ... маңызды
  • Өсімдік өсіру үшін ... құралдар қажет.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өзіне және өзгелерге құрмет

Оқушылар мен мұғалім арасындағы сыйластық орнайды. Негізгі ұғымдарды талдау кезінде мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі. Пікірлесу барысында сөйлесу этикасын сақтап, өзара сыйластыққа шақыру.

Еңбек және шығармашылық

Жұптық және топтық жұмыс жасауда бірігіп еңбек етеді, оқушылар жаңа идея ұсынады.

 Пәнаралық байланыстар

Биология, жаратылыстану, химия, биотехнология.

 АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша қажетті ақпараттарды іздеу, өңдеу.

Түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану

 Бастапқы білім

 

Бастауыш сыныпта өткен өсімдік түрлері, пайдасы мен зияны туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(С) Амандасу. Оқушылардың қал-жағдайларын сұрау.

Тақтадағы сұрақты қарау және талдау.(презентация 1 слайд)

Талқылауға арналған сұрақтар: Қандай дақылдар көкөністерге жатады? Қосымша сұрақтар да қоюға болады:

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттары мен оқыту мақсатын анықтау.

- оқушылармен жетістік критерийлерін, сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу.

презентация

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

5 мин

5 мин

10 мин

Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыты.

«Жеміс дақылдары » туралы бейнежазбалар көру. Бейне жазбаны көру барысында, оқушылар жеміс-жидек дақылдарының түрін анықтау мақсатында топ арасында карталарды жинайды.

Оқушылар «Көкөніс дақылдары» және олардың өсуіне жарық пен көлеңкенің әсері туралы бейне жазбалар көреді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қандай дақылдар көкөністерге жатады?
  • Көкөніс түрлерінің өсіп-өнуіне қандай талаптар қойылады?
  • Жарық көп түскен жағдайда өнімді көп алу мүмкін бе?
  • Өнімді өсіру барысында қажетті шарттардың бірі болмаса (жарық,су....) не болады?
  • Өсімдіктердің дұрыс өсіп-өнуі, жақсы өнім беруі үшін қандай шаралар қолдануға болады?

Тақтаға оқушылардың жауаптарынан қорытынды жазу

су + жарық + жылу + ауа + минералдар + топырақ

Жеміс түрлері жазылған карточкалар талдау, мысалы, дәнекті, цитрусты, сүйекті, жемісті және осы дәнді-дақылдардың бейнелері салынған карточкалар. Оқушылар атаулары мен суреттері сәйкес келетіндей етіп карточкаларды жинайды.

Сыныпқа тапсырма:

Климаттық жағдайлары ең қолайлы мемлекеттердің жемістері мен дақылдарын және өсімдіктердің өсу мүмкіндіктері қолайлы елдерді зерттеуді (флипчартта орындауды) ұсыну.

Көктемгі өсімдік шаруашылғы.

Өңдеу, себу және отырғызу, суару.

Жұмысты орындау үшін материалдар мен құрал- жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін айту.

https://www.youtube.com/watch?v=X8cAoGVEbL0

Гүл қалай өседі:

https://www.youtube.com/watch?v=x1exzwhlzBA

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

5 мин

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын берілген критерийлер бойынша бағалайды

Зерттеу жұмысын бағалау критерийлері:

  • АКТ арқылы қажетті ақпаратты іздейді
  • Адам ағзасы үшін қажетті тағамдар тізімін жасайды
  • Дұрыс және тиімді тамақтану ережесін құрастырады
  • Жұмысын дұрыс рәсімдейді
  • Берілген уақытты ұтымды пайдаланады
  • Қорытынды жасайды

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар Зерттеу жұмысын толық әрі нақты орындайды. Қосымша ақпараттар қолданады.

Қалыптастырушы бағалау

Өзара бағалау

Қауіпсіздік техникасы: Ноутбук немесе компьютермен жұмыс жасаған соң міндетті түрде өшіру

Сергіту сәті ретінде сабақ ортасында оқушыларға жаттығу жасатуға немесе бір-біріне жақсы тілектер айтқызуға болады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу