Өсімдік сән және интерьер элементі ретінде. Көркем еңбек (қыздар), 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 А –Бөлім. Үй мәдениеті

Мектеп: Атырау қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Күні: 1 апта

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өсімдік сән және интерьер элементі ретінде.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.5.1

Интерьер дизайнын безендіру үшін әртүрлі өсімдіктердің эстетикалық қасиеттерін сипаттау, қолдану және бағалау.

7.3.3.1

Пәндік терминологияны пайдалана отырып, басқалардың (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) және өз жұмыстарындағы әдіс-тәсілдер мен техникаларды талқылау және бағалау.

 Сабақ мақсаттары

  • Жұмыс жасау кезінде АКТ ақпараттарын қолдану;
  • Жалпы интерьер туралы түсіну;
  • Өсімдіктер туралы білімін тереңдету;
  • Суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлердің жұмыстарын қарастыру.

 Бағалау критерийлері

  • АКТ ақпараттарын қолдана алады;
  • Интерьерді безендіруді білу;
  • Суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлердің жұмыстарымен танысу.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Оқушылар түрлі өсімдіктермен және өсімдіктерсіз интерьер суреттерін салыстырады.
  • пәндік терминологияны пайдаланып, жұмысты орындауға арналған әдістер мен тәсілдерді талқылайды және бағалайды.

Тілдік мақсатқа байланысты талқылауға арналған сұрақтар:

  • Интерьерде қолданатың заттар мен элементтер.
  • Мен … ойша елестетіп, …. талдау жасадым.
  • Мен … экологиялық қасиеттерін анықтадым.
  • Менің ойымша, интерьерге өсімдікке ….
  • Мен … қасиеттерін қолдана отырып, … тұрмыста қолайлы жағдай жасадым.

Мен … дизайнында … өзгерттім.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өзіне және өзгелерге құрмет

Оқушылар мен мұғалім бір-бірімен амандасады. Негізгі ұғымдарды талдау кезінде мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі.

Еңбек және шығармашылық

Бұл бөлімде күнделікті өмірмен байланыс орналасып, коммуникативтік және заттық дағдыларын, сыни және шығармашылық ойлауды қолдану дағдыларын дамытады.

 Пәнаралық байланыстар

География, биология.

 АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша қажетті ақпараттарды іздеу, өңдеу.

Презентация жасау барысында АКТ құрылғыларына жүгіну және топта/жұпта бөлісу.

Бастапқы білім

Экологиялық қасиеттерін ескере отырып болашақ тұрмыстық техникалары идеяларын іске асырады. Оқушылар орындалған дизайнның тақырыптық идеясын көрсете отырып, интерьерді безендіру үшін өсімдіктердің эстетикалық қасиеттерін анықтауды үйренеді. Әр елдің интерьер стиліне тән белгілерін сол елдің флорасымен байланысын ескере отырып, анықтауды үйренеді. Өсімдіктерді қолдана отырып жоспарланған тақырыптық дизайн құруға арналған сән эелементін құрады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сабақ басында:

  • Оқушылармен амандасу/ тексеріс жүргізу/ оқушылардың зейінін шоғырландыру.

Сабақ барысында керекті құрал жабдықтарын тексеру.

Сабақтың ортасы

10 мин

20 мин

5 мин

Өсімдік сән және интерьер элементі ретінде.

Оқу мақсаты мен жетістік критерийлерімен таныстыру.

Оқушылар түрлі өсімдіктермен және өсімдіктерсіз интерьер суреттерін салыстырады, эстетикалық әсер мен көрген суреттердің түстік үйлесімділігін сипаттап, бағалайды.

Оқушылармен интерьердегі өсімдіктің ықпалын талқылау: түрлі өсімдіктердің қасиеттері, үйлесімді таңдалған бөлме гүлдерінің түрлі стильдердегі интерьер дизайнын ерекшелендіруі.

Топтық жұмыс:

Жоспарланған интерьерді безендіру үшін оқушылар өсімдіктерді қолданып сәндік элемент құрады. Оқушылар топта дизайнер ролінде 2D форматында таңдаған өсімдіктерден сәнді элемент құра отырып, болжамды интерьер нобайын орындайды. Ал екінші топ 3D форматында өсімдіктерді қолдана отырып (икебана, панно, коллаж және т.б.) интерьер декорациясын ойлап табады.

Топтар өзіндік идеяларын құруға арналған әдістер мен тәсілдерді сипаттай отырып, жұмыстарын талқылайды, демонстрациялайды.

Онлайн ресурстары:

Интерьердің стилі мен өсімдіктер http://www.florentina-studio.ru/plants-interior/

Бөлменің эко дизайны http://www.florentina-studio.ru/ecodesign/

Белгілі бір интерьерге байланысты бөлме өсімдіктерін қалай таңдауға болады?  http://mymansion.ru/interer/komnatnyie-rasteniya-v-interere.html

Интерьерде гүлдерді орналастыру http://happyflora.ru/view_cat.php?cat=11

Бөлме гүлдері арқылы үйді безендіру http://www.remontbp.com/cvety-v-dome/

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

оқушылардың назарына келесі сурет көрсетіліп, сабақ барысында түсінбеген мағұлматтары болса, сұрақтарын қойып талқылай алады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу