Өсімдік шаруашылығындағы ғылымның рөлі. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


№6 Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Үй мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы

Өсімдік шаруашылығындағы ғылымның рөлі

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары

8.1.3.1 шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы);8.2.5.1 ауылшаруашылық өндірісінің дамуындағы әдіс-тәсілдерді талқылау және бағалау.

Сабақ мақсаттары

Әртүрлі дереккөздерді қолдана отырып, өсімдік шаруашылығындағы ғылымның рөлін талқылау және бағалау.

Жетістік критерийлері

- өсімдік шаруашылығы салаларын ажыратады;

- нақты егін шаруашылығындағы жерсеріктік және компьютерлік технология мүмкіндіктерін түсінеді;

- өсімдік шаруашылығындағы гендік инженерия ерекшелігін талқылайды;

- әртүрлі ақпарат көздерін қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Өсімдік шаруашылығы салаларының түрлерін түсіндіреді, өсімдік шаруашылығындағы гендік инженерия ерекшелігін талқылайды.

Пәнге тән лексика және терминология:

Егін шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, нақты егін шаруашылығы, гендік инженерия.

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Өсімдік шаруашылығы салаларына... жатады.

Өсімдік шаруашылығында инновацияны қолдану … мүмкіндік береді.

Гендік инженерия ерекшелігіне … жатады.

Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу, ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

География, биология

Бастапқы білім

 

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы 1 минут

1-2 минут.

8-7 минут

 Ұйымдастыру кезеңі:

 Сәлемдесу, назар аударту.

 

 Сабақ тақырыбы және мақсатымен танысу: оқушыларды сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстырыңыз, олармен бірге бағалау критерийлерін талқылаңыз.

Тірек білімдерін белсенділендіру. Өсімдік шаруашылығы саласы

 

 Оқушылар өсімдік шаруашылығы салаларының атаулары (егін шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жеміс шаруашылығы, гүл шаруашылығы) бойынша карточкаларды таңдап, жұпқа немесе топтарға бірігеді.

Оқушыларға берілген суреттерді қарастыруды, берілген дақылдардың қандай топқа жататынын анықтау және талдауды, «артық» өсімдікті табуды тапсырыңыз. Оқушылар сыныптастарыңа дақылдар тобын көрсетеді.

 

Өсімдік шаруашылығы салаларының атаулары бар карточкалар Ауыл шаруашылық дақылдарының суреттері бар карточкалар

Сабақ ортасы

10 минут

17 минут

 Таныстырылымдар арқылы өсімдік шаруашылығындағы инновацияларды талқылау

Оқушыларға өсімдік шаруашылығындағы инновациялық 2 бағыт: нақты егін шаруашылығы мен гендік инженерия туралы ақпаратты, инновацияларды өсімдік шаруашылығына еңгізудің нәтижелері туралы талқылауды тапсырыңыз.

 Оқушы жауабын қорытындылай отырып, нақты егін шаруашылығының - жерсеріктік (спутник) кешендер мен компьютерлік технологияларды қолдануға негізделген тұқым себу өнімділігін басқару жүйесі екендігін түсіндіріңіз.

 Электронды карта негізінде әр жер теліміне қанша тыңайтқыш, тұқым, су керек екені туралы нұсқаулық жасалады.

Қатар (параллель) жүргізу жүйесі спутниктік бақылау сигналын қолдануға негізделген. GPS сигнал арқылы ауыл шаруашылығы техникасы қозғалысы нақты анықталады.

 GPS мониторинг, спутниктік бақылау жүйесімен егістіктегі трактор немесе комбайнды нақты басқаруға болады.

 Гендік инженерия – бұл өсімдікті ерекше көрсеткіштермен өсіру, өсімдіктің ДНК бөлігін басқа тұқыммен алмастыру.

 

 Пікірсайыс

 Оқушыларға келесі ақпараттарды талқылауды ұсыныңыз: жақында картоптың қауіпті зиянкестермен (колорада қоңызы) күресе алатын жаңа сорты шығарылды. Картоп молекуласы модификацияланған (мысалы, арнаулы бір заттар қосып, дененің механикалық қасиеттерін өзгерту) және тұқымға енгізілген өзгеріс зиянды қоңыздарға өте қауіпті болған. Мұндай картоптың жапырағымен қоректенген жәндіктер 5 күн ішінде өлген. Генетиктер бұл тәжірибені ауыл шаруашылығына өте пайдалы деп есептейді.

Оқушыларға 2 топқа бөлінуге ұсыныс жасаңыз. Әртүрлі ақпарат көздерін (интернет ресурстары, мерзімді баспасөз материалы және т.б.) пайдалана отырып, бір топ гендік модификацияланған өсімдік туралы (ГМӨ) кемшілікті (-), екінші топ жетістікті (+) жазады. Оқушылар топтағы талқылау қорытындыларын постер түрінде көрсете алады.

Оқушылар жауабын жинақтай отырып, оларды гендік инженерия – болашағы бар жас ғылым деген қорытындыға жетелеңіз. Артықшылықтары – өнімділіктің бірнеше есе артуы, суыққа төзімділігі, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерге төзімділігі және т.б. Бір кемшілігі – бұл тәжірибенің адам өміріне және жалпы табиғатқа қандай әсері болатынын ешкім білмейді.

 

Презентация немесе суреттер

Сабақ соңы

3 минут

 Рефлексия «Бағдаршам»

Оқушыларға «Бағдаршам» арқылы өз жұмысын бағалауды ұсыныңыз (жасыл – бәрі түсінікті, сары – күрделі, қызыл – көп нәрсе түсініксіз).

 

Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктеуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау ақпарат көздерін таңдау кезінде көрінеді.

Өзара бағалау

Кабинетте жалпы ережені сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу