![]() |
|
![]() |
Өсімдік шаруашылығындағы ғылымның рөлі. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.
Тірек білімдерін белсенділендіру. Өсімдік шаруашылығы саласы
Өсімдік шаруашылығы салаларының атаулары (егін шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жеміс шаруашылығы, гүл шаруашылығы) бойынша карточкаларды таңдап, топтарға немесе жұпқа бірігіңдер.
Егін шаруашылығы – астық дақылдарын (астық – дәнді және жармалық, техникалық, жемдік, картоп) өндірумен байланысты өсімдік шаруашылығының негізгі саласының бірі.
Көкөніс шаруашылығы – балғын ағзалар (жеміс, тамырлы өсімдік, түйнекті, баданалы, жапырақты, сабақты, гүлшоғыр) біржылдық және көпжылдық шөпті өсімдіктерді, тағамға шикі және өңделген түрінде қолданылатын, жеуге жарайтын саңырауқұлақ, бақшалық дақылдар, көкөністер өндіретін өсімдік шаруашылығының саласы.
Жеміс шаруашылығы – жемісті, шекілдеуікті, сүйекті, жаңғақжемісті және жидек дақылдарын өсіру.
Гүл шаруашылығы – будандастыру мен әдемі гүлдейтін және сәндік мақсатта: гүл шоғы, жылыжайда және ашық топырақта өсетін жасыл желекке, сонымен қатар тұрғын үй-жайды және өндірістік орындарды сәндеуге арналған басқа да өсімдіктерді өсіретін өсімдік шаруашылығының саласы.
Топта жұмыс істей отырып, берілген суреттерді қарастырыңдар, дақылдармен танысыңдар. Берілген өсімдіктердің қандай топқа жататынын анықтаңдар және талдаңдар, «артық» дақылды табыңдар.
Сыныптастарыңа дақылдар тобын көрсетіңдер (карточканың атауы бойынша):
- астық дақылдары;
- гүл дақылдары;
- жемісті және жидекті дақылдар;
- көкөніс және бақша дақылдары.
1 Конверт |
2 Конверт |
3 Конверт
4 Конверт |
Сұрақтарға жауап беріңдер:
Өсімдік шаруашылығындағы инновациялық бағыттар: нақты егін шаруашылығы мен генді инженерия туралы не білесіңдер?
Өсімдік шаруашылығына бұл жаңалықтарды енгізу неге алып келуі мүмкін?
Пікірсайыс
Келесі ақпараттарды талқылаңдар: жақында картоптың қауіпті зиянкестермен (колорада қоңызы) күресе алатын жаңа сорты шығарылды. Картоп молекуласы модификацияланған (мысалы, арнаулы бір заттар қосып, дененің механикалық қасиеттерін өзгерту) және тұқымға енгізілген өзгеріс зиянды қоңыздарға өте қауіпті болған. Мұндай картоптың жапырағымен қоректенген жәндіктер 5 күн ішінде өлген. Генетиктер бұл тәжірибені ауыл шаруашылығына өте пайдалы деп есептейді.
Екі топқа бөлініңдер. Бір топ гендік модификацияланған өсімдіктің (ГМӨ) кемшілігін (-), екінші топ жетістігін (+) бағалайды.
Жауаптарды жинақтай отырып, қорытында жасаңдар.
Рефлексия «Бағдаршам»
«Бағдаршам» арқылы өз жұмыстарыңды бағалаңдар (жасыл – бәрі түсінікті, сары – күрделі, қызыл – көп нәрсе түсініксіз болды).
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023