Косметологиядағы өсімдіктің рөлі. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


Сұрақтарға жауап беріңдер:

  • Қандай күтім шаралары бейнеленген?
  • Процедурада қандай өсімдік қолданылған? Оны не үшін қолданады?

 

 

 

Теріге күтім жасауға арналған дәрілік өсімдіктердің қасиеттері:

 

  • Арника: теріні жаңартады және әлдендіреді.
  • Қайың – минералды тұздарға бай, су тепе-теңдігін реттейді, теріні құрғаудан сақтайды, тер бөлінуін азайтады.
  • Емен (қабық) терідегі ұсақ тесіктерді азайтады, тер бөлінуін азайтады.
  • Шайқурай (зверобой) – антисептик, жараның жазылуын тездетеді, бірақ пигменттік реакцияларға қарсы көрсеткіші бар және фотосезгіштік реакцияларға кері әсері бар.
  • Қырмызыгүл (календула) – қабынуға қарсы және антисептикалық дәрі.
  • Атбас талшын (конский каштан) қан айналымын жақсартады, тамырлы жұлдызшаларды қалпына келтіреді.
  • Жөке (гүл) – тыныштандыратын, қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын

қасиеттеріне ие.

  • Таңқурай (жапырақ) – қабынуға қарсы және сергітетін қасиеті бар.
  • Жалбыз (мята) – түршіккен теріні тыныштандырады, қышуды басады, теріні жұмсартады.
  • Шырғанақ (облепиха) – теріні қалпына келтіреді.
  • Сұлы – ісіп қызарған теріні тыныштандырады, жұмсартады.
  • Жолжелкен – дезинфекция жасайды, сызат пен жараны емдейді.
  • Раушан (күлтесі) – қабынуға қарсы әсер береді, ароматерапияда жиі қолданылады.
  • Дәрілік түймедақ – қабынуға қарсы қасиетке ие, теріні жұмсартады, сергітеді, қан айналымын жақсартады.
  • Қарақат (жапырағы) – теріні ағартады.
  • Дала қырықбуыны (хвощ полевой) – қан айналымын жақсартады.
  • Сәлбен (шалфей) тері тесіктерін тарылтады, безеу ауруларын емдейді.
  • Итмұрын (шиповник) – қабынуды басады, сергітеді, су тепе-теңдігін реттейді.

 Қабынуға қарсы маска рецептісі:

 

 Қымыздық (щавель) пен мыңжапырақтың жас жапырағын ұсақтап турайды (екеуінен 1ас қасықтан), оны ұсақталған геркулес қауызымен (1 ас қасық) және көпіршітілген ақуызбен араластырады.

 

 

 

Тәжірибелік жұмыс. «Фитокосметология рецептілері»

 Топтарға бірігіңдер және жергілікті және қолжетімді өсімдіктерді пайдалана отырып, жасөспірімдер терісіне күтім жасаудың рецептілерімен постер жасаңдар.

  Постер құру үшін ғаламтор-ресурстарын, мерзімді басылым материалдарын, ата-аналар кеңесін т.б. қолдануларыңа болады.

 Тапсырмаға арналған дискрипторды талқылаңдар:

  • Идеяның сабақ тақырыбына сәйкестігі;
  • рецептің әртүрлілігі;
  • рецептің ерекше болуы;
  • композициясы;
  • аяқталғандығы.

 Постерлер көрмесін ұйымдастырыңдар.

 

Бағалау

Рецепт мазмұнын талқылаңдар, құрылған дескриптор бойынша жұмысты өзара бағалаңдар. Өз ойыңша ең жақсы деген жұмысқа стикерлер жапсырыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер: Қандай идея ең қызықты болды? Неліктен?

Рефлексия. «Шабадан, ет тартқыш, себет»

Тақтада шабадан, ет тартқыш және себеттің суреттері орналастырылған. Сабақта алған ақпараттар бойынша таңдау жасаңдар:

 

 

Шабадан – болашақта бәрі керек болады.

Ет тартқыш – ақпаратты қайта өңдеймін.

Себет – еш қажеті жоқ ақпарат.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу