Косметологиядағы өсімдіктің рөлі. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


 4 Бөлім. Үй мәдениеті

 Сабақ тақырыбы: Косметологиядағы өсімдіктің рөлі

 

 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

 8.1.3.1 шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы);8.2.5.2 фитотерапия мен косметика, медицинадағы өсімдіктер ролін зерделеу, талқылау және бағалау

 

 Сабақ мақсаты: әртүрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып, косметологияда өсімдіктердің қолданылуын қарастыру.

 

 Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, қолайлы жағдай жасау.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

 Оқушылардан таныстырылым/суреттерді қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:

  • Суретте күтім жасаудың қандай процедурасы бейнеленген?
  • Процедурада қандай құрал қолданылған? Оларды неліктен қолданады?

Жауаптарды қарастыра келе, сабақтың тақырыбына жетелеңіз, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылаңыз.

 3. Таныстырылым/суреттер көрсету арқылы түсіндіру.

 Косметологияда өсімдіктерді қолдану ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқушылардан таныстырылымды көрсету кезінде ақпаратқа қысқаша түсінік беруді сұраңыз. Мұғалімнің ұсынған оқу материалын баяндау логикасын сақтай отырып, оқушыларда тақырып мазмұнын ашу мүмкіндігі болады.

 Фитокосметология – бұл адамдардың денсаулығына жағымды әсер ететін өсімдіктер негізінде бет терісі мен дене күтіміне арнап жасалған жабдық, косметологиялық бағыт. Фитокосметика – өсімдіктекті табиғи негіздегі косметика (http://www.medunica.info/kosmetika/kosmet.htm Косметологиядағы дәрілік өсімдіктер; http://cosmetic.ua/fitoterapiya_v_kosmetologii Косметологиядағы фитотерапия).

 Барлық дәрілік өсімдіктер шартты түрде екі топқа бөлінеді: ішке қабылданатын организмге жалпы әсер ететін және сыртқы (жергілікті әсер). Жергілікті әсер ететін өсімдіктерді теріге әсер етуі бойынша топтарға жіктейді: қоректік, қабынуға қарсы, тұтқыр, сергітетін, ағартатын және тітіркендіргіш.

 Қоректік өсімдіктерді негізінен құрғақ теріні жұмсарту үшін және құрғақ шаштарға белгілейді. Қоректік қасиет каротинге бай жемістер мен көкөністерде: сәбіз, құрма, қызанақ, шырғанақ (облепиха), өрік, асқабақтарда болады.

 Қабынуға қарсы өсімдіктер, дезинфекциялаушы әсер беретін, майлы тері немесе майлы шаштың күтіміне тиімді. Бұл топқа шайқурай (зверобой), түймедақ (ромашка), қырмызыгүл (календула), жолжелкен (подорожник), сәлбен (шалфей), өгейшөш (мать-и-мачеха), дала қырықбуыны (хвощ полевой), жалбыз (мята) жатады.

 Сергітетін өсімдік жасына қарай өзгеретін бос теріге пайдалы. Бұл топтағы негізгі түрлер - алоэ мен адамтамыр (женьшень).

 Тұтқыр немесе илік өсімдіктер майлы тері мен майлы шашқа қолданылады. Олар сонымен қатар қабынуға қарсы әсер етеді, бірақ олар теріні дезинфекцияламайды. Белсенді заттар (танин) терінің нәруызын қоюландырады.

 

 Ағартатын әсер лимонның жас шырыны, қара қарақат жемісі, құлпынай, ақжелкен жапырағында бар. Олар пигментті дақ және секпілді ағарту үшін қолданылады.

 Тітіркендіретін өсімдік қан айналымын жақсарту және шаш өсіру, алопецияны (шаштың түсуі) емдеу үшін қолданылады. Бұған иіртамыр (аир), ащы бұрыш, сарымсақ, пияз (шырын), құмырсқа қышқылы бар және теріні тітіркендіретін эфир майы жатады.

 Кейбір өсімдіктер сәндік косметикада, мысалы, шаш бояу үшін қолданылады. Бұл жасыл грек жаңғағының қабығы, рауғаш тамыры, кофе, пияз қабығының қайнатпасы, лавсон жапырағы (одан хна дайындалады), индиго жапырағы (басма).

 

 Косметологияда қолданылатын дәрілік өсімдік түрлері: тұнба, қайнатпа. Тұнба мен шөп қайнатпасын ваннаға қосады, сонымен қатар жуынуға қолданылады.

 Тұнба ыстық және суық болуы мүмкін. Суық тұнба дайындау үшін жас өсімдікті ұсақтайды, үгеді және қайнаған салқын су құйып 6-8 сағатқа қойып қояды, содан соң сүзгіден өткізеді. Ыстық тұнба дайындау үшін ұсақталған қоспаға ыстық су құйып, 15-20 минут ұстайды, одан соң 30-45 минут суытады және мұқият сүзгіден өткізеді.

 Қайнатпа негізінде тамырдан немесе қабықтан дайындалады. Ұсақталған шикізатқа жылы су құйып, су моншасында 20-30 минут қайнатады, суыған соң сүзгіден өткізеді.

 Косметологияда өсімдік өнімдерін сүрту, сылау, басу, компресс және маска жасау үшін қолданады. Сүртуді мақта немесе дәке тампондармен жасайды, алдын ала шырын, тұнба немесе қайнатпаға батырып алады. Теріні емдік өсімдіктің тұнбасынан жасалған, мұз кубиктермен сүртуге болады.

 Басуға шырын, тұнба және қайнатпаға малынған дәке майлық қолданылады. Оларды теріге басады.

 Компресс дайындауға өсімдік сүзіндісіне батырылған дәке майлық қолданылады.

 Масканы жеміс-жидектің жұмсағынан, маусымдық көкөністер, жемістер, шырын немесе құрғақ шөптен дайындайды, оны жылдам күтім үшін қолданады.

 Косметологияда қолданылатын негізгі өсімдіктер сипаттамасы (https://flora2000.ru/flower-secrets/populyarnye-cvety-v-kosmetologii Түс әдемілігі: косметологияда кеңінен таралған өсімдіктер).

 Раушан майы – әлемдегі ең бағалы емдік эфир майы. Бір тамшы хош иісті элексир алу үшін гүлдің 20 қауызы қажет. Раушан майының құрамында 300-ге жуық пайдалы компоненттер бар. Бұл гүлдің күлтелерінде өте күшті бактерияға қарсы және антисептикалық қасиет бар.

 

 Косметологияда раушанның эфир майы тез қалыпқа келтіру және теріні ылғалдандыру үшін қолданылады, серпімділік, төзімділікті арттырады, ол қартаю белгілерін біршама азайтады.

 

 Қырмызыгүл гүлі (календула) көптеген пайдалы заттарға бай. Бұл өсімдіктің гүлі теріні жақсы ағартады, тітіркену және қабынудан сақтайды. Сондықтан оны денені қыздыруда, күйіп қалудан сақтау үшін қолданады. Себебі календула жараны қалыпқа келтіру және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Өсімдіктер майлы тері және шаш күтіміне де қолданылады.

 

 Көк кекірегүлдің (василька) емдік қасиеті туралы Ежелгі Греция дәуірінде белгілі болған. Бұл гүл әртүрлі пайдалы заттарға: калий, кальций, магний, каротин, темірге бай. Өсімдіктің бактерияға және вирусқа қарсы табиғи қасиеттері бар. Сондықтан кекірегүл (василек) медицинада, косметологияда жиі қолданылады. Кекірегүл гүлдері хош иістендіргіш және жасарту құралы ретінде пайдаланылады

 Құрғақ гүлдерден жасалған қайнатпа қызарғанды кетіреді, шаршағанды басады және көз айналасындағы нәзік терідегі қара шеңберді кетіреді. Сонымен қатар өсімдік әжімдер мен беттегі ұсақ тесіктерді тегістейді.

 Лаванда гүлі өзінің тартымды және тыныштандырғыш жұпар иісімен ерекшеленеді. Лаванданың эфир майы ароматерапияда қолданылады, ол тыныштандырады, сергітеді және ұйқысыздық, шаршау кезінде көмектеседі. Бұл гүл – табиғи антисептик, теріні қайта қалпына келтіреді, тыныштандырады және тазартады. Лаванда майының қасиеттерімен әртүрлі тері ауруларын емдеуге болады. Сонымен қатар өсімдіктің эфир майы бас терісі мен шаш күтіміне қолданылады. Ол шаштың өсуін жылдамдатады, күш пен әдемі жылтырлық береді, шаштың түсуін тоқтатады.

 Түймедақ (ромашка) гүлі көптеген пайдалы қасиеттерге бай. Косметологияда түймедақ гүліне тең келетін ештеңе жоқ. Себебі гүлдің экстракт және эфир майлары негізінде жасалған дәрі жасқа қарамастан кез келген теріге келе береді. Өсімдік ылғалдандырады, қоректендіреді және теріні тыныштандырады, әжімді жазып, беттің терісін жақсартады. Түймедақ қайнатпасы шашты қатайтады, оны жұмсақ және жылтыр етеді. Көптеген косметикалық құралдардың ішінде ерекше маңызды рөл атқарады.

 

 

  • Тәжірибелік жұмыс. «Фитокосметология рецептілері»

 Оқушыларға топтарға бірігуді және жергілікті және қолжетімді өсімдіктерді пайдалана отырып, жасөспірімдер терісіне күтім жасаудың рецептілерімен постер жасауды ұсыныңыз.

 Постер құру үшін оқушылар ғаламтор-ресурстарын, мерзімді басылым материалдарын, ата-аналар кеңесін т.б. қолдануына болады.

 Тапсырмаға арналған дискрипторды талқылаңыз:

  • Идеяның сабақ тақырыбына сәйкестігі;
  • рецептің әртүрлілігі;
  • рецептің ерекше болуы;
  • композициясы;
  • аяқталғандығы.

Оқушылар постерлер көрмесін ұйымдастырады.

  • Бағалау

Оқушылар рецепт мазмұнын талқылайды, құрылған дескриптор бойынша жұмысты өзара бағалайды. Ең жақсы деген жұмысқа стикерлер жапсырады. Сұрақтарға жауап береді: Қай идея ең қызықты боды? Неліктен?

  • Рефлексия. «Шабадан, ет тартқыш, себет»

Тақтада шабадан, ет тартқыш және себеттің суреттері орналастырылған. Оқушыларға сабақта алған ақпараттары бойынша таңдау жасау ұсынылады:

  • шабадан – болашақта бәрі керек болады;
  • ет тартқыш – ақпаратты қайта өңдеймін;
  • себет – еш қажеті жоқ ақпарат.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу