«Өткенге саяхат». Мозаикалық-аппликация. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Өткенге саяхат» тақырыбына арналған сабақта 3.2.3.1 Нақты дәлдігіне жетіп материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру және 3.1.4.1 жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру және жұмыс барысын жоспарлау оқу мақсаттары қаралады. Аталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін екі мәселеге аса көңіл аудару қажет. Біріншісі, әртүрлі шығармашылық жұмыс барысын жоспарлау дағдысын дамыту. Екінші мәселе ол оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамыту (мысалы, материалдар мен бөлшектерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру).

 Қажетті материалдар

 Жилет моделін жасауға қажетті материалдар: қағаз, қатты қағаз, моншақтар, страздар, мата, гофрленген қағаз, түрлі түсті қатырма қағаз, түймелер.

 Жалғауға арналған құралдар мен материалдар: қайшылар, тістеуіктер, степлер, ПВА желім және желімнің басқа түрлері, мысалы, «Момент».

 Сабаққа қажетті қосымша ақпарат

 Қазақ халқының ұлттық киімдері

 Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.

 Қазақ шапандары алдыңғы екі өңірі, артқы бой, екі жең және жағасын ойып пішіледі. Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қусырыларда оның екі жақ етегіне, бел мықынға жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді (“шабу” деп атайды). Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады. Ұлы жүз қазақтарының шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, әшекейлі келсе, Орта жүз тұрғындарының шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ оймалы немесе түймелі болған. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып тігілген. Қазақтар шапанға шабу, жең түптеріне ойынды, қолтырмаш қояды.

 Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі.

 Еркектер мен әйелдер бас киімі әр түрлілігімен ерекше-ленді. Еркектердің ежелден келе жатқан дәстүрлі бас киімі – қалпақ жұқа ақ киізден тігілді. Бұлардың ақ киізден төбесі биік етіліп жасалғаны “ақ қалпақ”, ал жалпақ күнқағары жоғары бүктеліп қайырылғаны “айыр қалпақ” деп аталды. Көктем мен күзде қазақтар дөңгелек пішінді, төбесі биік, міндетті түрде аң терісімен жиектелген бөрік киген. Қыста киетін бас киім “тымақ” деп аталды.

 (Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақ_халқының_ұлттық_киімдері)

 Қазақ қыз-келіншектерінің ұлттық киімдері

 Қазақ қыз-келіншектерінің ұлттық киімдерінің өздік ерекшеліктері бар. Олардың көбі бұрынғы заманнан сақталып тек қана кішігірім өзгерістерге ұшыраған, ал кейбіреулері, өкінішке қарай, мүлде сақталмаған. Олардың әр-алуан түрлері бар және, ең алдымен, ер адам мен әйелдің киімі деп бөлінеді. Екі түрлі киімнің де өздік айырмашылықтары бар. Ер адамдардың ұлттық киімдерінің модельдері бір қалыпты ұқсас, тек қана қара, қоңыр немесе қара көк түсті болған. Егер сұлу да сымбатты қазақ қыздарының киім-кешектері туралы айтсақ, оларға сан жоқ және де неше түрлі үлгілері бар, қызыл, сары, жасыл, ақ сияқты ашық түсті болған. Бұған себеп, әйел затының көркем заттарды, киімдерді ұнатып киюі не тағуы. Оның үстіне, қазақтардың әлеуметтік деңгейін әйелдердің киіміне қарап анықтауға болатын, сол себепті де олардың киімдері ер адамдардың киімдерімен салыстырғанда қымбат матадан тігіліп, асыл тастармен әрлендірліген.

 Жасөспірім қыз баланың киімі

 Бұл жаста қызды қыз деп бөле бастайтын кез. Баланың есі кірер жасында, яғни төрт-беске толғанда, қысқа шаштарын екі не бір жағынан тартып өріп қойып, басына ою-өрнекпен не моншақтармен өрнектелген, үкісі бар тақия, ал үстіне тізесін жауып тұратын түрлі-түсті көйлек кигізіп қоятын. Қыздардың тақиясы ұлдардың тақиясынан басты айырмашылығы келесіде: ол қымбат, сапасы жоғары матадан тігілуі және үкісінің бар болуы. Кішкентай қыздың ұлттық киімінін тағы біреуі- желетке. Желеткені де әдемі көрінсін деп неше түрлі оюлармен, немесе моншақтармен тігіп қоятын. Желетке көбінесе қыз баланын жылы жүрсін деп кигізіп қоятын, соңдықтан оны жылы, қалын маталардан тігетін. Аяқтарына теріден жасалған етік киетін, балалардың етігі жұмасқ және жеңіл болған, бұл бүлдіргендердің еш қиындықсыз қимылдап жүре алуы үшін.

 Бойжеткеннің киімі

 Бойжеткен қыздар әсіресе өзгеше және көркем киінетін. Олар сұлулығын көзге түсетіндей аса әдемі киімдерді киген, таққан қымбат әшекейлерімен таң қалдырып етіп жүрген. Басындағы тақиялары неше түрлі моншақ-тастармен, түрлі-түсті жіптермен безендірілген, ал тақияның үкісі молырақ болған еді. Кей кезде тақияның орнына бөрік киетін. Бөрік те баршаның көзіне ілінетіндей әрлендірілетін.

 Қыз бала көйлектері аса бос емес, керісінше өзіңе шақ, тіпті кеудесінен тарлау, ыңғайлы, қыз баланың кеудесін жауып тұратын болған, ал етегі ұзын және қос етекті болған. Қос етек көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, торғын не шәйі сияқты асыл матадан тігілетін. Мұндай көйлектің етегі кең, жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп қатпарлы желбір салынады екен. Тіпті көйлектің жағасы тік шығарылып түрлі кестелермен әрлендірілген

 Үстіндегі желетке не камзол барқыт, пүліш, мақпал сияқты аса қымбат және де сапалы матадан тігіледі, ал астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдаланылатын, киімнің өзі де әдемі тастармен әрленетін еді. Оның екі өңірі біріне бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігіледі. Сондықтан, түйме орнына камзолдың алдына зергерлер әшекейлеп жасалған, алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қаусырма қадайды.

 Әйелдердің (ана болғандардың) киімі

 Келіншек алғаш рет балалы болғанда орамал емес, оның орнына кимешек кие бастаған. Кимешекті кию құрметке ие болу деп саналған, яғни келіншектің нәрестені дүниеге әкеліп жұбайының ұрпағын жалғастыруға мүмкіндік беретіні үшін қадірленген. Қазақтың нақылы: «Кимешек киім ғана емес – мәртебе. Кигеннің ажарын ашады, қарағанның мысын басады» деп бекерден бекер айтпайды ғой. Жас әйелдер кимешектерін түрлі оюлармен, өрнектермен әшекейлеп, сәндеп киген. Негізінде кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен көбірек пішіліп әйелдің басын, иығын, кеудесі мен жауырынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдің жағдайын, жасын білуге болатын. Айта кетсек, әр жасқа сай кимешектің түрлері болады. Дәл сол себепті әйелдің жас не аса жас емес екенін білуге болады.

 (Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақ_қыз_келіншектерінің_ұлттық_киімдері)

 Сабақ барысы

 Сабақ басында оқушыларға қазақ ұлттық киімдері жайлы қысқаша бейнеролик көрсетіңіз (мысалы: Әдемі-ай - Қазақтың ұлттық киімдері https://www.youtube.com/watch?v=p7z8gpAQ8Wk). Оқушыларға сол роликке, ондағы тақырыпқа назар аударуларың сұраңыз. Оқушыларды бағыттау мақсатында келесі сұрақтарды қойыныз:

 Бұл бейнеролик не туралы?

 Бүгінгі сабақ тақырыбы қалай болады деп ойлайсындар?

 Оқушылар жауап бергенен кейін, бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

 Тапсырма №1

 Ұлттық киімдерді талдау

 Ұлттық киімдердің үлгілері берілген презентациямен (фотосуреттермен, альбоммен таныстырыныз).

 Бағыттаушы сұрақтар қойыңыз: Бұл суреттердегі қазақ ұлттық киімдері қалай аталады? Бұл киімдерді біздің ата-бабаларымыз қай кезде киген?

 Дидактикалық материалдарда берілген каточкаларды пайдалана аласыз.

 Тапсырма №2

 Тәжірибелік жұмыс

 Қағаздан жилеттің үлгісін жасаңыздар және оны ою-өрнектермен безендіріңіздер. Жұмысты апликация техникасында орындаңыздар. Оқушыларды қауіпсіздік техникасымен таныстырыңыз. Оқушылармен бірге практикалық тапсырманы орындау анықтаңыз және сол реттілік бойынша нақты нұсқаулық беріңіз:

 1. А3 формат қағазын теңдей екіге бөліңіз;

 2. Бүктелген қағазды жилет пішініне келтіру. Ол үшін мойын ойындысын жартылай шеңбер пішінінде, оң және сол жақтарынан жилеттің сызықтарына келтіріп қырқу керек;

 3. Алынған жилеттің жоғарғы бөлігін орта сызығы бойынша қиып шығу;

 4. Қаламмен ою-өнектерді салу;

 5. Ою-өнектердің ішін түрлі-түсті қағаз қиындыларын пайдаланып, толтырып шығу.

 Дифференциация:

 Қажет болса жұмыс барысында кейбір оқушыларға қолдау көрсетіңіз. Дидактикалық материалдарда берілген үлгәлерді пайдалана алады.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 Бағалау

 Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

 Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.

1 қосымша

Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  • құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  • бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  • жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  • қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  • қайшыны ашық тастама;
  • сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  • қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  • қайшыны керек уақытында пайдалан.

Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  • жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  • арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  • жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  • ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  • желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  • желімді керек мөлшерде ғана ал;
  • артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  • жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  • бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  • жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  • тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу