Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

8 СЫНЫП, САБАҚ 8.23.1

 XI бөлім. Суретшілер мен жазушылардың көзқарасымен XІX ғасырдағы өзгерістерге шолу

 Сабақ тақырыбы: Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді?

 Оқу мақсаттары:

 7.2.2.1 - тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;

 7.3.2.5 - тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану

 Тарихи концепт: дәлел

 

 «Республика Президенті Феликс Фор мырзаға арналған хат»,  Эмиль Зола, 1898 ж.

 “Мен айыптаймын - полиция подполковнигі Дюпати де Клам кінәлі деп айыптаймын - мен білмегендіктен деп сенгім келеді - ол соттық қателік жүбергені үшін және үш жыл бойы өз қателігене табан аудармаун, сооны дәлелдеу үшін қылмыстық қиялдардан бас тартағаны үшін.

 Мен айыптаймын - генерал Мерсьені ... біздің ғасырымыздың ең үлкен зұлымдықтың біріне жол ашқаны үшін.

 Мен айыптаймын - генерал Бийоны, Дрейфустың кінәсіздігі туралы дәлелдердің бар екендігіне көз жеткізіп, оларды жасырып, қоғамға және әділеттілікке елеулі зиян келтіріп, саяси көзқарастарға негізделгені, жоғарғы басшылықты құтқарғысы келгені үшін.

 Мен айыптаймын - генерал де Буадефра мен генерал Гонзаны, осы қылмысқа қатыстары бар. Олардың біреуі шіркеуге берілгендіктен, екіншісі өзара кепілдікке бағынуы, әскери күштердің басшылығына қол тигізбей, ғибадарханаға айналдырғандары үшін.

 Мен айыптаймын - генерал де Пелье мен майор Равариді, зұлымдықпен тергеу жүргізгендері үшін...

 Мен айыптаймын - үш сарапшы-графологтарды, сьер Бельом, Варикар және Куарды, көзбен көру қабілетінің бұзылуынан және ақыл-ойы қабілетсіздігінен зардап шеккені себебіне бе ... жалған қорытынды жасағаны үшін.

 Мен айыптаймын - әскери басқармасын, газет беттерінде, әсіресе «Эклер» және «Эко де Пари» секілді газеттерде, әскерилерді адастыруға бағытталған лас әрекет жасағаны және әскери басшылығының қылмыстық әрекеттері ... үшін.

 Мен айыптаймын - бірінші шақырылымның Әскери соттын,ол сотталушыны расталмаған дәлелдер негізінде соттау арқылы заң бұзғаны және екінші шақырылымның әскери сотын, ол жоғарыда көрсетілген бұйрықтар бойынша бұл заңсыздықты қамтыды және әдейі кінәлілерді ақтап, өз кезегінде заң ережелерін бұзды.

 Мен жоғарыда аталған айыптауды жасағаным үшін 1881 жылғы 29 шілдедегі баспасөз туралы заңының 30 және 31 баптарының маған қарсы қолданылуы қаупы төніп тұрғанын, жалған мен жала тарауға жол беріп тұрғаныма жақсы түсінемін. Бірақ мен өзімді әдейі әділдіктің соттың қолына беремін.

 Менің айыптауп отырған адамдарға келетін болсақ, мен олармен таныс емеспін, оларды ешқашан көрген емеспін және оларға қатысты қандай да бір қатыгез сезімдер мен жеккөрушілігім жоқ. Мен үшін олар - тек жалпылама тұжырымдамалар, қоғамдық зұлымдықтың іске асуының көрінісі.

 Мен бұл қадамға баруым, бұл хатты газетке беруім - тек шеткі шара, бұл әрекетін - ақиқат пен әділеттіліктің салтанатын тездетуге көмектеседі деп сенемін.

 Шындық – те осыны мен адамзат үшін армандаймын, ол қаншама азап шегіп, бақытты болуына лайық деп ойлаймын.

 Хабарламаның ашулы жолдары - менің жанымның айқайы. Мені қазылар алқасына шақыруға батылдық көрсетеді ме және талқылауы ашық есік түрде өтетін болсын!».

 

 (Аударма О.Пичугин «Тарих», 2009 ж. - № 20 журналының электронды нұсқасында «1 қыркүйек» Баспа үй, интернетте орналастырылған мекенжайы: http://his.1september.ru/view_article.php?ID=200902006)

 

Оқу қабілеттері жоғары оқушыларға арналған тапсырма:

«Дело Дрейфуса» бойынша «Үш-бөлімді күнделікді» толтыру

Оқығадағы кейіпкер

Оның рөлі, осы оқиға кезінде істеген әрекеті

Оның жасаған әрекетіне түсініктеме (коммментарий)

Капитан Альфред Дрейфус

Генерал Огюст Мерсье

Полковник Ю. Ж. Анри

Полковник Жорж Пикар

Майор Фердинанд Вальсен Эстерхази

Әскері министр Бильо

Матье Дрейфус, Альфред Дрейфустын ағасы

Республика Президенті Феликс Фор

Жазушы Эмиль Золя



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу